Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қоғам өкілдері!

Білім беру саласы қызметкерлеріне өз алғысымды айта отырып, қазіргі жаһандану кезеңінде білім беруге бүкіл әлемде жоғары көңіл бөлініп отырғанын айтқым келеді. Сөз оқыту стандартының ұдайы жоғарылауы туралы ғана емес, сонымен қатар ең басты мәселе – біздің Қазақстанның игілікті болашағы үшін қоғам, мектеп және отбасының өзара бірлесіп жасаған іс-әрекеті, жас ұрпақтың бойына жоғары моральдық құндылықтарды сіңіру, патриоттық тәрбие беру жайында болып отыр. Білім беру саласының қызметкерлері үшін бұл жағдайдың маңызы өте зор. Бүгін біз педагогтар мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы байланысты жоғары сапаға бағыттауға тиіспіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында көрсетілген және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажет.

Қазіргі жағдайда әрбір отбасына мектептен жүйелі және білікті көмек керектігін ұстаздар қауымы түсінеді деп білемін. Бұл мәселені ұстаздар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі үрдісінде ғана табысты шешуге болады.

2011-2012 оқу жылында білім беруде табысты еңбек етудің негізі мына бағытта болуы керек:
- білім менеджменті жүйесін дамыту, педагог мәртебесін көтеру, сапалы білім беруді қамтамыз ету, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтуды арттыру («Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекемелердің альтернативті торабын дамыту), орта, техникалық кәсіптік білім беруді әрі қарай дамыту;
- жас ұрпақтың жан-жақты дамуының маңызды аспектісі ретінде отбасы мен мектептің серіктестігін кеңейту;
- мектеп оқушыларының жаңа креативті қабілеттерін дамыту: жобалар жасай білу, шешім қабылдай білу, шығармашылық жұмыстарды орындау, жаңашылдықтың жоғары деңгейін түсіне білу;
- білім беру мониторингісі үрдісін жетілдіру – педагогикалық қызметтің жүйесі туралы ақпараттарды тарату, өңдеу, сақтау және жинауды ұйымдастыру, оның дамуын болжау және жағдайын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету.

Білім берудің ұтымды және серпінділігі жағдайында жаңашыл ойлар, болып жатқан өзгерістердің бәрін қабылдай білу – әлеуметтік белсенді тұлға, республика азаматы, әлем адамы тұрғысынан қажет болып отыр.

Облыстың педагогикалық қауымдастығы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда белгіленген мәселелерді лайықты шешеді деп сенемін.

Жаңа оқу жылы жаңа табыстар, шабыт пен қуаныш әкелсін. Мектеп, отбасы және қоғамның біріге жасаған қызметтері нәтижелі қорытынды береді деп үміттенемін.

— Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiгiнiң сенiм телефоны
8-7152-75-33-67

— Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiгi тәртiптiк кеңесiнiң СҚО бойынша сенiм телефоны 46-30-38

— Облыстық бiлiм баскармасының сенiм телефоны 46-32-88

— Мемлекеттiқ қызметшiлердiң қызмет этикасын бақылау кiтабы бiлiм департаментiнiң қабылдау бөлмесiнде (611 кабинет)

— E-mail: obldosko@mail.kz, uosko@sko.kz, uosko@mail.ru, uosko@mail.kz


«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»

2011 жылғы қыркүйектің 20-21 аралығында www.e-gov.kz порталында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарының Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылу барысы туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С. Біләловтің интернет-конференциясы (ссылка) өтеді.


Жаңалықтар

  • Солтүстік Қазақстан облысының білім қызметкерлері кеңесінің баспасөз хабарламасы
    Дата : 14/10/2011 17:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    Петропавл қаласында дарынды балаларға арналған бірінші Президенттің зияткерлік мектеп ғимаратының құрылысы басталды. Салтанатты шараға облыс әкімі С.С.Біләлов және BAUR KAZAKHSTAN АҚ–ның директорлар Кеңесінің төрағасы қатысты.

  • Солтүстік Қазақстан облысының білім қызметкерлері кеңесінің баспасөз хабарламасы
    Дата : 22/08/2011 11:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    «Отбасы, мектеп, қоғамның – игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» атты Солтүстік Қазақстан облысының білім қызметкерлері кеңесінің баспасөз хабарламасы

    2011 жылдың 17 тамызында Петропавл қ. балалар және жасөспірімдердің шығармашылығының облыстық Орталығының кең залында облыстың білім қызметкерлерінің «Отбасы, мектеп, қоғамның – игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбында кеңесі өтті.
    Кеңесте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С. Біләлов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.И. Полищук, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім Департаменті директорының орынбасары Ф.Н. Жақыпова, білім мекемелерінің басшылары мен мұғалімдері, білім бөлімдерінің бастықтары, білім мекемелерінің қамқоршылық кеңестерінің, ата-аналар қоғамының, үкіметтік емес ұйымдарының, БАҚ және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты. Барлығы 530 адам.
    Конференцияға ON-line режимінде облыстың 83 мектебінен 5 мың адам қатысты.
    Кеңесте жас мамандарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтады. Облыс әкімі жас мамандарға көтермеақы, ардагерлерге білім жүйесінде көпжылдық еңбектері үшін бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар тапсырды.
    Балаларға жалпы және қосымша білім берудің бірізділігі, мектепте оқу-тәрбиелеу қызметіндегі қамқоршылық кеңесінің рөлдері, балабақшалардың мәселелері, балалар мен жастардың жеке және кәсіптік маңызды қасиеттері, отбасылық тәрбиесінің маңыздылығы, қазақстандық отаншылдығының, жоғары мәдениеттің, тәрбиесі, төзімділігі, «діни байытудың» кепілдері сияқты еркіндікке құрметі, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру сұрақтары кеңесі қатысушылардың қарастырған тақырыптары болды. М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры О.Б. Әшімов өзінің сөз сөйлеуінде үздіксіз білім алу бағыттарын жүзеге асыру бойынша университеттің қызметін атап өтті.
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім Департаменті директорының орынбасары Ф.Н. Жақыпова негізгі жетістіктері және соңғы 5 жыл ішіндегі білім саласы қызметінің нәтижелері, қазақстандық мектептердің мәселелері, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқуды дамыту сұрақтарын, дарынды балалармен жұмыс істеу, инклюзивтік білімді, үштілдікті енгізу, тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды. 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасы білімін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында жоғары, кәсіптік және техникалық, орта, мектепке дейінгі дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру және мұғалім мәртебесін нақты арттыру бойынша Министрлікпен қолданған шараларға ерекше көңіл бөлінеді.
    Облыстың 32 үздік мұғалім облыс әкімінің 50,0 мың.теңге мөлшерде сыйақыларымен марапатталды. 3 білім мекемелерінің директорларына автокөліктің кілттері Ақжар ауданының № 6 кәсіптік лицейіне («Газель»), Аққайың ауданының психолого-педагогикалық түзету кабинетіне («ВАЗ 2107»), Ақжар ауданының психолого-педагогикалық түзету кабинетіне («ВАЗ 2107») берілді.
    Сонымен қатар, жеке мұғалімдер Ы. Алтынсарин және «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» төс белгілерімен, спортты дамытқан үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің күміс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Құрмет грамоталары мен марапатталды.

  • Управление образования на вопрос Начальника отдела образования г.Петропавловска А.Ш.Мусырман, сообщает
    Дата : 19/08/2011 16:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    Управление образования направляет обращение жительницы г.Петропавловска Красновой Натальи Сергеевны, поступившее 11.08.2011 года в виртуальную приемную управления образования для рассмотрения. Ответ на обращение необходимо предоставить до 14.00 часов 12.08.2011 года.

    Заместитель начальника Ш.Каринова

  • Cеминара по завершению 2010-2011 учебного года
    Дата : 20/05/2011 17:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    ПОВЕСТКА ДНЯ
    семинара по завершению 2010-2011 учебного года

     

    18  мая 2010 года

    1. О результатах участия школьников области в течение учебного года  в республиканской предметной олимпиаде, соревнований научных  проектов и других интелелктуальных соревнованиях.
                                                 
                                                          Лахтина Т.Л.
    заместитель директора
    СК ИПК и ППК

    2. О нормативно-правовых документах по завершению 2010-2011 учебного года.
    Калгужина К.А.
    начальник отдела

     

    3. Об итогах проверки документации претендентов на получение аттестата «Алтын белгі».
    Бактыбаева Б.Ш.
    главный  специалист
    управления образования

    4. Информация о ходе подготовки к ЕНТ в  школах области.

                                                            специалисты РОО

    5. О разработке регламента  предоставления государственной услуги  «Обеспечение бесплатного подвоза обучающихся и воспитанников к общеобразовательной школе и обратно домой».

     Шаканова А.М.
    главный  специалист
    управления образования

  • Управление образования, сообщает
    Дата : 20/05/2011 17:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    XII Абай  оқуларының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы 
    АҚПАРАТ

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  және  «Қазақстан Республикасындағы  Тіл  туралы» Заңдарын  жүзеге  асыру   және облыстың  мектеп  оқушыларын  ұлы  ойшыл Абайдың  рухани  мұрасына  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу, мектеп  оқушылары  арасында Абай  мен   Шәкәрім  шығармаларын  насихаттау, жалпы  білім  беретін  оқу  орындары  оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін,  эстетикалық  талғамдарын,  тұлғалық  сезім   мәдениетін  дамыту мақсатында 2011 жыл 18 мамырында жалпы білім  ьеретін мектеп оқушыларының арасында  ХІІ республикалық абай оқуларының облыстық кезеңі өтті.
    Жалпы 46 сайыскер 3 номинация бойынша бақ сынысты..
    Оқушылар еңбегін бағалайтын қазылар алқасының құрамында М. Қозыбаев  атындағы СҚМУ оқытушылары,  музыкалық-эстетикалық бейімдегі балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты-өнер колледжі кешенінің оқытушысы, С.Мұқанов  атындағы  қазақ сазды  театрының  актеры, «Солтүстік Қазақстан» газетінің  тілшісі, облыстық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығының бас режиссері, «Абайтану» орталығының  жетекшісі  болды.  Қатысушылардың еңбектері ұпай сандары бойынша бағаланды.
    Қазылар алқасы келесі    шешім қабылдады:
     Номинация жеңімпаздары:
    І номинация - «Өлең – сөздің патшасы   сөз  сарасы» номинациясы  бойынша  
    I орын – Сағаш  Серік, Ақжар  ауданы Талшық орта  мектебі, 9-сынып
    ІІ орын
    1. Акст  Айгүл, Петропавл қаласы. Қазақ  мектеп-гимназиясы, 8-сынып
    2. Шериматова  Бағила, М.Жұмабаев  ауданы Булаев  орта  мектебі,9-сынып

    ІІІ орын
    1.Мінайдарова  Айнагүл, Жамбыл  ауданы Үлгі орта  мектебі, 5-сынып
    2. Исмағзамова Құндыз, Шал  ақын  ауданы, Кенес  ОМ, 8-сынып
    3. Аманқұлов Еркін Қызылжар  аудны Архангелка ОМ, 8- сынып
    ІІ номинация - «Көңілім  әнді  ұғады» номинациясы бойынша
    I орын  Сұраған  Ахат, Петропавл қаласы,  Қазақ  мектеп-гимназиясы,           10-сынып
    ІІ орын
    1. Смиронва Екатерина  Жамбыл ауданы Жамбыл орта  мектебі 10- сынып
    2. Өнерхан  Айткүл  Ақжар  ауданы  Мектеп-интернаты, 10-сынып
    III орын
    1. Қайыргелді  Айжан Есіл ауданы  9-сынып
    2. Слесарева Ольга  Аққайың ауданы  Ленин  орта  мектебі, 11- сынып
    3. Қайсаров Қанат Уәлиханов ауданы  Ақтүйесай орта  мектебі, 8-сынып                                 
    ІІІ номинация - «Жүйріктен  жүйрік  озар  жарысқанда» номинациясы  бойынша
    І орын Оңғарбаева Гүлназ, Петропавл қаласы, қалалық классикалық гимназия, 9 –сынып
    ІІ орын
    1. Төлепбергенова  Орынбасар, Әбу Досмұхамбетов  атындағы  облыстық  дарынды  блаларға  мамандандырылған  гимназия –интернат, 10-сынып
    2. Қазезов Алтынбек  Шал  ақын  ауданы, М.Ахметбеков  атынд. орта  мектебі, 9- сынып
    ІІІ орын
    1. Тастанбеков  Санжар, Мамлют   ауданы, Бостандық орта мектебі,             7 - сынып
    2.Амантаева  Әйгерім, Жамбыл ауданы  Благовещенка №2 ОМ, 5- сынып

    3. Қоңқаев Мұхамед, Айыртау  ауданы, Целинный орта  мектебі, 9-сынып
    3-номинация бойынша байқау жеңімпаздары 2011 жылдың қыркүйек айында Абайдың  туған  жері –Жидебайға  барып,  облысымыздың намысын қорғайды.

    Орындаған : Омарова Г.С.

  • Новосибирск қаласындағы «Сібір жұлдыздары» байқауының жеңімпаздары туралы ақпарат
    Дата : 20/05/2011 16:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    Новосибирск қаласындағы «Сібір жұлдыздары» байқауының жеңімпаздары туралы ақпарат

    03.05-06.05 аралығында Новосибирск қаласындағы «Сібір жұлдыздары» халық аралық балалар және жас өспірім байқау фестивальі өтті. «Өнер колледжі - ДБМ» Кешені» ММ оқушылары «Халық аспаптар» номинациясына қатысты:

    - жеке орындау
    I – 1 курс оқушысы Амантаева Фариза - қобыз
    II- 1 курс оқушысы Сұлтанова Назым - қобыз
    III- 2 курс оқушысы Астанаева Айнұр – қобыз
    III – 2 курс оқушысы Джаншина – домбыра

    - ансамбль
    Қобыз триосы «Наз қоңыр» - Амантаева Ф, Сұлтанова Н, Астанаева А – Гран При
    - Үздік концертмейстер – Л.А.Каспарова
    - Үздік оқытушы – Н.Ж.Маштакова

  • «Майские звезды» Жалпыресейлік сайысының қатысушылары
    Дата : 12/05/2011 12:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    «Майские звезды» Жалпыресейлік сайысының қатысушылары

    РФ Қорған облысының Губернаторы және Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі арасында қол қойылған келісім аясында, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы жыл сайын орта арнайы оқу мекемелерінің студенттері мен өндірістік оқыту шеберлерінің арасындағы «Майские звезды» автомобильдер үшсайысы бойынша Жалпыресейлік жеке-командалық біріншілікке қатысады. Осы жарыстардың мақсаты автокөпсайысты кеңінен тарату және автомобильді жүргізу шеберлігін жетілдіру болады. Жарыстарды ФГОУ СПО «Шадринский политехнический колледж» өткізеді. Биылғы жылы жарыстарға Краснодардан, Бугульмыдан, Самарадан, Иркутсктен, Түменнен, Новосибирсктен, Қорғаннан, Челябіден, Перьмнен, Шадринсктен және Петропавлдан 15 команда қатысты. Жарыстар үш кезеңде өтті: теориялық, спринт-слалом және жылдамдықпен маневрлеу. Біздің команда осы жарыстарда біздің елді тағы да абыроймен қорғады. Автомобилистер командасы, колледжге Әкім облысы сыйға тартқан автомобильмен, жарыстарға қатысты. Біздің автомобиль жарыстарға қатысушыларды таң қалдырды. Колледждерге облыс басшылығының осындай назар аударғанын, ресейліктерге де қолдану керек деп есептеді олар. Әкім облысының сыйлығы байқаудан ойдағыдай өтіп, біздің команданы жеңіске жеткізді. Жаттықтырушылар арасындағы жылдамдықпен маневрлеуден жеке біріншілікте команда жетекшісі, арнайы пәндер оқытушысы Яварович М.В. бірінші орынға ие болды. Студенттер арасында да жылдамдықпен маневрлеуден біздің оқушы Паюк П. бірінші орынға ие болды. Шадринск қ. әкімшілігінің басшысы А.Г.Кокорин жеңіскерлерге грамоталарды, медальдерді және бағалы жүлделерді тапсырды, белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Шадринск политехникалық колледжімен біздің ынтымақтастығымыз нығаяды және жетіледі.

  • Областной слет учащихся профессиональных лицеев и колледжей системы технического и профессионального образования и общеобразовательных школ
    Дата : 11/05/2011 16:00 Разместил : ЦИТО
    Подробнее...

    «Менің болашақ мамандығым» тақырыпты техникалық және
    кәсіптік білім беру жүйесінің кәсіптік лицейлер мен колледждерінің
    және жалпы білімдік мектептердің оқушыларының облыстық слеті

    2011ж. сәуірдің 27 облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының мәдени орталығында жыл сайынғы «Менің болашақ мамандығым» тақырыпты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің кәсіптік лицейлер мен колледждерінің және жалпы білімдік мектептердің оқушыларының облыстық слеті (бұдан әрі слет) өтті. Оған облыс және қала кәсіптік лицейлері мен колледждерінің (М.Жұмабаев ат. гуманитарлық колледж, Теміржол көлігінің колледжі, Құрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, Өнер колледжі, Медициналық колледж, Гуманитарлық-техникалық колледж, Солтүстік Қазақстан Университетінің колледжі, Экономика және юриспруденция колледжі, Көппрофилді колледж, Ж.Қизатов ат. Есіл ауылшаруашылық колледжі, 1,2,4,5,7,9,11,13,15 лицейлер) оқушылары қатысты.

    Слеттің мақсаттары мен міндеттері:
    - техникалық және қызмет көрсету еңбектің мамандықтарының насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмысты жүргізу;
    - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қоғамдық пікір қалыптастыру;
    - экономиканың болашақ қажеттілігін еңбек қорымен қамтамасыз ету және оның қолжетімділігі.

    Слетке қатысушылар: оқушылар агитбригадалары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 3 өкілі: директор, орынбасарлары. Әр кәсіптік лицей мен колледж бекітілген жалпы білімдік мектептерден 10 оқушы шақырды. Сайыс келесі кезеңдерден құрылды:
    1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдаудың типтік ережелерімен танысу, оқитындар үшін берілетін кепілдіктер және т.б.
    2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 7 – 10 оқушыдан тұратын агитбригадаларының «Менің болашақ мамандығым» тақырыпты көрсетілімдері, мультимедиалық аппаратураны пайдаланып.
    3. Жалпы білімдік мектептер оқушыларына өзінің кәсіптік лицейі немесе колледжі туралы кәсіптік бағдарлау материалдарын (стендтер, буклеттер, прайс-парақтар, шақырулар және т.б.) ұсыну. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мектептермен өзара телефондарымен алмасу.

    Слет жеңімпаздары мен қатысушылар слет кезеңдеріне сәйкес номинациялар бойынша грамоталармен және сертификаттармен марапатталды. Келесі оқу мекемелерінің агитбригадаларының көрсетілімдері грамоталармен аталды: М.Жұмабаев ат. гуманитарлық колледж, Құрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, Петропавл қ. 1, Ғ.Мүсрепов ауданының 11, Қызылжар ауданының 13 лицейлері.

  • «20 қайырымды іс»
    Дата : 11/05/2011 16:00 Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімі С.Біләловтың ынтасы бойынша «20 қайырымды іс» акциясы аясында білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ю.А.Данилов облыс орталығы Жұмысшылар поселкесіндегі Панфилов көшесі бойынша 20 аққайыңдардың көшеттерін отырғызды. Жеңіс күні қарсаңында Юрий Александрович тыл ардагері Анна Петровна Ерошенкоға (1952 ж.т.) материалдық көмек көрсетті, ол соғыс жылдары С.М.Киров атындағы зауытта жұмыс істеген..

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Облыстық «Жас термешілер және ақындар айтысы» байқауының қорытындысы
    Дата : 31/03/2011 10:00 Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған
    Облыстық «Жас  термешілер  және ақындар айтысы»  байқауының қорытындысы

    2011 жылдың 28 наурызы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында  жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың, кәсіптік мектеп, лицей, колледждердің   оқушылары  арасында «Жас термешілер мен ақындар айтысының»  І облыстық байқауын өткізеді.
    Байқауға Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл,  Қызылжар, Ғ.Мүсірепов аудандары  мен  Петропавл  қаласынан  барлығы 14 үміткер қатысты.
    Қазыла алқасының шешімі бойынша келесі оқушылар  білім басқармасының дипломдары және  бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Петропавл қалалық   «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Д.А.Баймұқанов бас жүлдеге демеушілік жасады.

    «Жас ақындар  айтысы»

    Бас жүлде  Қоңқаев Мұхамед - Айыртау ауданы, Целинный орта мектебінің (9 -сынып оқушысы)

    І-орын Өнерхан Айтгүл - Ақжар ауданы, Талшық орта мектебінің (11-сынып оқушысы)
    ІІ орын  Темірғалиева Мадина -  Қызылжар  ауданы, «Парасат» мектеп-лицейінің ( 9-сынып оқушысы)
    ІІІ-орын Хафизов Наурызбай - Петропавл қаласы, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің (6-сынып оқушысы)

    Номинациялар бойынша :

    «Көрермендер көзайымы» - Айсин Батырхан Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишим №2 орта мектебінің  9- сынып оқушысы
    «Талаптыға нұр жауар»  -    Қабыкенов Мәди -       Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишим қазақ орта мектебіні  7- сынып оқушыс ы
    «Тілінен бал тамған» - Низаметден Найл  - Жамбыл ауданы Майбалық орта мектебінің  7- сынып оқушысы
    «Жас термешілер» байқауы
    Бас жүлде
    Рысменбет Бибіжамал  - музыкалық-эстетикалық бейімдегі балаларға  арналған мамандандырылған  өнер колледжі-кешенінің оқушысы
    І орын Ахметов Жандос - Дарынды балаларға  арналған қазақ -түрік лицейінің 8- сынып оқушысы
    ІІ орын  Ахмет Еркін - музыкалық-эстетикалық бейімдегі балаларға  арналған мамандандырылған  өнер колледжі-кешенінің оқушысы
    ІІІ орын  Үсенов Мерей  - Есіл ауданы, №3 Явленка орта мекебінің (8- сынып оқушысы)
    Жолбарыс Нұрдәулет -  Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишим қазақ орта мектебіні  9- сынып оқушысы
    Төлешова Диляра - Айыртау ауданы, Саумалкөл орта мектебінің  7-сынып оқушысы

  • Облыстың орта білім беру мекемелерінде  оn-line режимінде аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастырып өткізу бойынша семинар-кеңесті өткізу туралы ақпарат.
    Дата : 25/03/2011 10:00 Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Облыстың орта білім беру мекемелерінде  оn-line режимінде аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастырып өткізу бойынша семинар-кеңесті өткізу туралы ақпарат.

    2011 жылдың 10 наурызында қалалық қазақ классикалық гимназиясы базасында облыстың орта білім беру мекемелерінде  оn-line режимінде аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастырып өткізу бойынша семинар өткізілді.
    Семинарға қатысқандар:
    Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өкілдері:

    -Әбдімова Бағлан Уәлиқызы
    -Шәкенова Гүлнұр Бейсенбіқызы
    -Қасенова Раушан Құрмашқызы
    -АМБ жұмысын ұйымдастырып өткізу бойынша облыстық штабының мүшелері:
    -оn-line режимінде 84 облыс мектептерінің қосылуы, оған Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, әрбір мектептің мемлекеттік комиссия мүшелері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

    Семинарға қатысушылардың барлығы: 2600 адам
    Семинарды ашқан Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы Әбілмәжінов Темірғали Текебасұлы
    Қазақстан Республикасы БҒМ өкілі Әбдімова Бағлан Уәлиқызы сөз сөйледі.
    Ауданда АМБ өткізуге дайындығы туралы білім бөлімдерінің басшылары баяндады:
    -Ж.Е.Алданазарова Тайынша ауданы білім бөлімінің бастығы
    -Ж.Ж. Әлнәзіров М.Жұмабаев ауданы білім бөлімінің бастығы
    -С.К. Жақыпов Ақжар ауданы білім бөлімінің бастығы
    А.И. Моисеенко Жамбыл ауданы білім бөлімінің бастығы.
    Қазақстан Республикасы БҒМ өкілдері «Сұрақ-жауап» режимінде АМБ дайындалу барысында туындаған барлық сауалдарға жауап берді.

  • Қазақстан Республиккасының білім және ғылым министрлігі Академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
    Дата : 13/12/2010 12:00 Разместил : ЦИТО
    Толық...

    «Солтүстік Қазақстан облысының балалар қорғау Комитетінің балалар құқығын қорғау департаменті»
    Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

    Құрметті әріптестер!
    Академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Психология» кафедрасы, «Педагогика» кафедрасы Қазақстан Республиккасының  білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының балалар қорғау Комитетінің балалар құқығын қорғау Департаментімен бірлесіп 2011 жылдың 28 қаңтарында «Қазіргі таңдағы білім беру ортасындағы тұлғаның әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық жәрдемі» атты Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

    Конференцияның секциялық бөлімдері:

    1. Психологиядағы және педагогикадағы тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мәселелері.

    2. Өскелен ұрпақты әлеуметттік тәрбиелеуінің бүгінгі таңдағы мәселелері.

    3. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтенуінің мәселелері.

    4. Білім берудегі әлеуметтік емес қылықтардың алдын алу және түзету шаралары.

    5. Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу жағдайындағы педагог пен отбасы байланысының психологиялық-педагогикалық жәрдемі.

    6. Білім беру ортасындағы балалардың психологиялық қауіпсіздігі.

    7. Сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтың және қосымша білім беру мекемесінің жұмыс жүйесіндегі оқушы тұлғасының әлеуметтенуі.

    Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі және орыс тілі.
    Конференция бағдарламасына ену үшін қатысушы ұйымдастыру (баспа шығындарын өтеу үшін 1200 тенге көлемінде жарна ұйымдастыру бөліміне тапсырылады) комитетіне: баяндаманы (мақала) 2011 жылдың 15 қаңтарға дейін электронды түрде қосымша ретінде баспа мақаланы өткізуі қажет. Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы басылып шығарылады.
    Жарнаны есеп айырысу шоты арқылы жіберетін болсаңыз, онда төмендегі реквизитті қолданасыз.
    Есеп айырысу шоты:
    Академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республиккасының  білім және ғылым министрлігі КБЕ 16. СҚО Петропавл қ., Пушкин к-сі 86. РНН 481400026615 БИН 960340000702. Банктік реквизиттер: Банк центркредит. ИИК KZ 938560000000013451.  БИК KCJBKZKX.. «Аты-жөні. Қазіргі таңдағы білім беру ортасындағы тұлғаның әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық жәрдемі».
    E-mail –ға да жіберуге болады (төлем түбіртегіменің көшірмесімен): bzhumagazina@nkzu.кz немесе факс: (8-7152)46-15-85.
    Конференцияғақатысу шығындры қатысушының өз есебінен немесе іссапарға жіберуші есебінен жүргізіледі.

    Баяндаманы әзірлеген кезде мына ережелерді басшылыққа алуын қажет: материалдың көлемі 5 беттен аспауы тиіс. 1,0 интервал арқылы Word редакторында, «Times New Roman» шрифтісінде А4 форматында, 12 шрифт көлемінде, әр жағынан 25мм бос жер қалдыру керек. Қазақ тіліндегі мәтін тек «TimesKaz» шрифтісінде болуы тиіс.
    Конференцияның еңбектер жинағы мақалалары тікелей көшіру әдісімен басылады, сондықтан баяндаманы жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес мұқият тексергеніңіз жөн.
    Ұйымдастыру бөлім