МЕМЛЕКЕТТІК ТУ

Мемлекеттiк Туымыздың аспан тектi зеңгiр, көк тустi болуы кездейсоқ, емес. Әйгiлi Ансельм кестесi бойынша ол — адалдықтың, кiршiксiз тазалык, пен пәктiктiң нышаны. Көк түс ынтымак, пен бiрлiк идеясын аңғартады, бейбiтшiлiк, турақтылық пен береке-байлық белгiсi болып саналатын ашык, аспанға меңзейдi. Аспанкөк түс — қазақтын, ұлттық, бояуының ренi.

Ұлттың менталитетi, танымы, мәдениетi мен бұл туске деген айырықша iлтипаты осы ойға жетелейдi.

Байрақ бетiне ар турлi нышандардың суретiн салу бұрыннан бар урдiс. Туымыздан нұр шұғылалы алтын кун бейнесi, қыран көңiл халқымыздың, асыл арманын арқалаған дала буркiтi мен рухани болмысымыздың жарқын бiр көрiнiсi болып табылатын ұлттық ернек сондай айтары мол астарлы айшықтар. Олармен бiрге халқымыздың тарихи зердесi де қайта оянғандай.

Кун образы — байлық пен берекенiң белгiсi. Оның графикалық бейнеленуi (шеңбер өмiршеңдiктiң нышаны деп саналады. Қыран бүркiт бейнесiнiң рәмiздiк мәнi әдетте билiк, көрегендiк пен кеңдiк, күш-қайрат ұғымдары аркылы айкындалады. Бұрынғы әлемдiк тәжiрибеде рәмiздерде бүркiт бейнесiн бедерлеу кезiнде оның рухы мен айбынын, жыртқыштық белгiлерiн ерекше танытуга ұмтылыс басым болатын. Қазақстан Туында бұл образ мулдем жаңа көркемдiк шешiм тапты. Бiрiншiден — бейбiт, салмақты мiнез сипаты сезiледi. Екiншiден — ол кун астында тұр. Қанатында Прометей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемi әсер қалдырады. Ушiншiден — қозғалыс үстiнде бейнеленген Аскар арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай. Рәмiздiк тұрғыдан алганда бақыт пен берекеге, өркениет 6иiктерiне ұмтылган ел мұратын, халық ансарын аңғартады. Мемлекеттiк Туды даралап тұрған тағы бiр белгi — оның сабына таяу тiк тартылған ұлттык өрнектi («Қөшқар мүйiз») жолақ. Бұл өрнек сонау сақ дәуiрiнен белгiлi. Сәулет өнерi туындыларында қазiр де қолданылады. Алтынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемi зерленген рамiздiк жеке белгiлердiң бояуы Мемлекеттiк Тудың көк реңiмен әдемi үйлесiм тапқан.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — Қазақстанға еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, Қазақстан дизайн өнерiнiн негiзiн қалаушылардын. бiрi.

Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғары көркемөнер өнеркәсiп училищесiн бiтiрген. Алматы қаласының бас суретшiсi.

Негiзгi шығармашылық жұмыстары: Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кинотеатрдың кешендi дизайны (1979, А.Симоновпен, В.Кузьминмен бiрге), «Волоколам бағытында. Генерал-майор И.Панфилов пен қолбасшы Б.Момышұлы ескерткiшi (1985)», «Жамбыл», «Ана болу бақыт», «Шоқан Уәлиханов», т.б. көркем полотнолар. Алматы қаласы Елтаңбасының авторы.

МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБА

Елтаңба — бүкiл әлем мойындаған мемлекеттiлiктiң ерекше маңызды рәмiзi. «Герб» (елтаңба) терминi немiс сөзiнен аударғанда «Мұра» немесе «еншi» мағынасын бередi және мемлекеттi айрықшалайтын белгi болып табылады. Қазiргi Қазақстан аумағында өмiр сурген ежелгi сақ тайпасының өздерiн ерекшелендiретiн «Таңба» атанған бойтұмар белгiсiнiң болғандығын тарих та дәлелдейдi. Аталған термин Турiк қағанаты кезiнде қолданыла бастаған.

Махмұд Қашкаридың атақты «Турiк тiлiнiң сөздiгi» еңбегiнде бұл термин әмiршiнi ерекшелендiретiн белгi ретiнде тусiндiрiледi.

ХШ-ХIҮ ғ. Орта Азия даныпшаны Рашид-эд-Диннiң атақты қолжазбаларында турiк елдерiнiң басшысы Огузханның Ираннан Алтайға дейiнгi жерлердi ұлдарына бөлiп бергендiгi туралы жазылған. Және ол хандық, таңбаны дербес билiк нышаны ретiнде тапсырған.

Рулар мен тайпалар таңбаларын қазақтар да қолданған, сонымен қатар улкен Еуразия құрлығында тұратын түркi тiлдi этностар да пайдаланды.

Әртурлi геометриялық пiшiндерден тұратын таңбалар елтаңба, мөр, таңба ретiнде қолданылған. Олардың кескiндемесiнде суреттер, ежелгi жазу мен бейнелеу ескерткiштерi жиi кездеседi. Таңба тайпаның, рудың, отбасыньң және тағы басқа да меншiктiктi бiлдiретiн белгiнiң қызметiн атқарған. Онымен жануарларды да таңбалаған.

1867-1868 жылдардагы әкiмшiлiк-аумақтық реформа нәтижесiнде Қазақстанда қалалар мен облыстардын, елтаңбалары пайда болды. Ресей империясының кұрамына кiретiн елiмiздгi барлық облыстар мен қалаларда бiртүтас елтаңба үлгiсiнiн қолданды. Ресей империясы заңдарының толық жинағында Қазакстанның бiрқатар облыстары мен қалалары (16 уездiк және округтiк қалаларының) елтаңбаларынын, улгiсi келтiрiледi. Қазақстанда ең бiрiншi болып 1842 жылы 7 қыркүйекте Петропавловск қаласынын елтаңбасы арнайы бекiтiлдi.

Кеңес укiметi кезiнде елтаңбаларды бiр жуйеге түсiрушiлiк болды. ҚазақКСРО-сiнiң жалпы елтаңбасының кескiндемесiнде қызыл түстi сәуледе орақ пен балға, айнала түскен жолақта қазақ және орыс тiлдерiнде «Барлық елдердiн, пролетариаттары бiрiгiндер!» делiнген жазу тұрды. Елтаңбаның жоғарғы бөлiгiнде бесбұрышты жулдыз, ал төменгi жағында-«КССР» және «ҚССР» жазуы болған.

Егемендi, дербес Қазақстанның Елтанбасы 1992 жылы қабылданды. Оның авторлары — атақты сәулетшiлер Жандарбек Мәлiбеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы дөңгелек пiшiндi және көгiлдiр түсте күн сәулесi шашырап тұрғандай әсер қалдыратын шаңырақтың сүретi бейнеленген (киiз үйдiң, жоғарғы бөлiгi). Шаңырақтын, оң және сол жағында мифтiк қанатты пырақ бейнеленген. Жоғарғы бөлiгiнде үлкен бес бұрышты жүлдыз бейнеленген, ал төменгi жағында алтын түспен жазылған «Қазақстан» сөзi бар.

Көркемдiк тұргысы жан-жақты көзқарастың дәлме-дәл бiрегей үндестiгiн тапқан Шаңырақ — киiз үйдiң негiзгi бөлiгi болып табылады, Тiршiлiктiң бастау алар көзi, адамзат өмiрiнiн, маңызды бөлiгi.

«Шаңырақ» сөзi «чакра» сөзiнен шыққан, санскритше «дөңгелек» мағынасын бередi. Ал философиялық мағынасы — «Күн дөңгелегi». Сол ушiн шаңырақтың күн көзiн бейнелеуiмен қатар, шаңырақтан түскен күн сәулесiмен дала уақытын бiлiп отыруыда кездейсоқтық емес.

Тотемдiк маңызы бар нышан ретiнде шаңырақты ежелгi бабаларымыз аса қатты құрметтеген. Республикамыздың мемлекеттiк Елтаңбасындағы шаңырақ бейнесi -«Қазақстанда өмiр сүрiп жатқан халықтың Отаны — бiр, Қазақстан — бiздiн, ортақ үйiмiз» деген мағынаны бередi. Оның бакыты -шаңырақтын, мықтылығы уықтардан тұратыны сияқты әр адамнан тұрады. Мемлекеттiң болашағы бiрлiк пен татулықтан тұрады.

Мифтiк қанатты тұлпарлардың бейнесi — Мемлекеттiк Елтаңбадағы тұлпар маңызды геральдикалық бөлшегi болып табылады және белгiлi бiр идеялардық ролiн орындайды. Тұлпардың бейнесi ежелгi дәуiрден берi қайсарлықтың ұғымын берген. Оның қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты әрi жан-жақты көркейген мемлекетке айналуының бейнесi ретiнде берiлген. Әлемдiк өркениетке жетудiң жарқын болашаққа ұмтылу мен үлкен мақсаттарға жетудiң мәнiн бередi. Сол ушiн мемлекеттiк Елтаңбадағы қанаттардың символикалық маңызын, мемлекетттiлiктi дамытудың жоғары деңгейлiк ойлары мен қарапайым азаматтық талпыныс деп тусiну қажет.

Мемлекеттiк Елтаңба бейнесiнiң тағы да бiр бөлiгi бар, ол — бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз — өмiрге жетекшiлiк ететiн, биiкке талпыну мен мәңгiлiктiң билiктiң нышаны ретiнде бейнеленген. Жұлдыз тек Ресейдiң ғана мемлекеттiк геральдикасына тән емес. Оны Ресейдiң революциялық нышанына алғаш рет орыс дворяндары енгiздi және ол Ресейдiң мемлекеттiк елтаңбасында бiрден пайда болған жоқ.. Бұл бейненi аударылған және ассимметриялы түрде қолдануға болмайды. Бесбұрышты жұлдыз ақиқат әлемдегi — «Тан, жұлдызын» бейнелейдi. Мемлекеттiк Елтаңбадағы жұлдыз бейнесi барлық қазақстандыктардың қазiргi жоғары өркениеттiлiк және дамыған мемлекеттермен қоғамдастыққа бiрiгудiң ардақты арманын, сонымен бiрге барлық ғаламшардағы құрлыктардың барша халқына ашық екендiгiн бейнелейдi.

Мемлекеттiк Елтаңба бейнесiндегi қолданылған басты түе — алтын түстi, ал ол -байлықтың әдiлеттiлiктiң және қайырымдылықтық белгiсi.

Мемлекетгiк Елтаңбамыз бен байрағымыздың түсi — аспан түстес көгiлдiр болып келедi де, ол алтын туспен сәттi уйлескен.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлiбекұлы Мәлiбеков және Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан екенiн жоғарыда айттық.

Жандарбек Мәлiбекұлы Мәлiбеков — Өзбекстанның еңбек сiңiрген сәулетшiсi. 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпiндi ауылында тұган Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетiн бiтiрген. Жобалардың Бас сәулетшiсi, Өзбек өнеркәсiптiк ғылыми-зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшiсi.

Әндiжан қаласындағы әуевокзалдың Ферғана қаласындағы облыстық поштаның Самарканд қаласындагы драма театр мен орталык, кiтапхана, Ангара, Фергана және Самарканд қалалары шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылыстарының жобаларына қатысқан.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан — Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының авторы, Қазақстанның еңбек сiңiрген сәулетшiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, көрнектi қоғам қайраткерi. 1932 жылы 26 сәуiрде Солтустiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында тұган. Қазақ қала құрылысын жобалау институтында кызмет еттi, Алматы қаласы бас сәулетшiсiнiң орынбасары, Қазақстан Сәулетшiлер одағының төрағасы.

Сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау республикалық қоғамының төрағасы. Алматы қаласындағы Т.Бокин, Э.Жангелдин, Ш.Уәлиханов ескерткiштерiн басты салушылардың бiрi. «Динамо» стадионын жобалау бойынша шығармашылық топқа қатысушы. Алматы қаласындағы Тәуелсiздiк монументi авторлар шығармашылық тобының жетекшiсi.

Қазақстан Республиқасынын Мемлекеттiк әнұраны

Сөзiн жазғандар: Жумекен Нәжiмеденов, Нүрсүлтан Назарбаев

Әнiн жазған: Шәмшi Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарас қан,
Тәуелсiз елiм бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай.
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!

Қайырмасы:

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң — Қазақстаным!