Жаңалықтар

  • Ш. Уәлихановтың 175 жылдығына арналған орыс мектебiндегi қазақ тiлi мен әдебиетi пәнi бойынша ұлты қазақ оқушылардың арасындағы VI облыстық олимпиадасы туралы
    Дата : 10/26/2010 15:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Өткiзiлген күнi: 13 қазан 2010 жыл
    Өткiзiлген орны: СҚ ПКБА ҚДИ

    Жалпы өту барысы туралы мәлiмет:

    Олимпиаданың ашылуы акт залында өттi.Ашылуы концерттiк номерлермен басталып, келген қонақ олимпиадаға қатысушыларға өз тiлектерiн айтты.

    «Мұрагер» олимпиадасына аудандар мен Петропавл қаласынан, облыстық бiлiм мекемесiнен барлығы 40 оқушы қатысты.

    Олимпиадаға қатысушылар IV тур бойынша сыннан өттi. I турда өздерiнiң дайындап әкелген тұлғалық портфолиолары қаралды.Биыл олимпиаданы Ш. Уәлихановтың 175 жылдығына байланысты алғандықтан II турдың тапсырмасы қоғам қайраткерi, ғалым Ш. Уәлихановқа хат жазу болды. III турда көркем әдебиеттен алынған мәтiндермен ауызша, жазбаша талдау түрлерi орындалды. 3 турдың қорытындысы шығарылып, қатысушылар IV турға iрiктеуден өттi. IV тур «…Өзге тiлдiң бәрiн бiл…» тақырыбына дөңгелек үстелге қатысып, сөз саптау шеберлiгiн, терең бiлiмдерiн көрсеттi.

    Қазылар алқасының шешiмi бойынша жұмытар қорытылып, төмендегiдей орындар берiлдi:

    9 сынып бойынша:

    I орын
    1. Құсайынов Азамат — Петропавл қ .№32 ОМ

    II орын
    1. Дәулетова Анар  — Мамлют ауд. Меңгесер ОМ
    2. Есетова Мақпал  — Жамбыл ауд. Қайранкөл НМ

    III орын
    1. Рахметов Мерей  — Тайынша ауданы, Чкалов ОМ
    2. Бадинова Асыл  — Есiл ауданы, Санкт-Лоренц мектеп кешенi
    3. Қайданов Қуаныш- Уәлиханов ауд. Бидайық ОМ

    10 сынып бойынша:

    I орын
    1. Төлешова Мөлдiр  — Айыртау ауд. Казанка ОМ

    II орын
    1. Шайхлесова Айдана  — Петропавл қаласы №8 ОМ
    2. Рақымжанова Салтанат  — Ақжар ауданы, Ақжарқын ОМ

    III орын
    1. Сәбитов Ақылбек — Шал ақын ауд.Е.Бөкетов атындағы МГ
    2. Абiлмәжiнова Анар — Есiл ауданы, Санкт-Лоренц мектеп кешенi
    3. Хайрошева Қымбат — Уәлиханов ауд. Кiшкенекөл №1 ОМ

    11 сынып бойынша:

    I орын
    1. Аяпова Диана  — Тайынша ауд. Қарағаш ОМ

    II орын
    1. Тоқтарова Толқын — Петропавл қаласы №4 ОМ
    2. Шәкiбаева Мақпал — Жамбыл ауд. Благовещенка №1 ОМ

    III орын
    1. Утекина Мақпал — Уәлиханов ауд. Кiшкенекөл №1 ОМ
    2. Калахова Гауһар  — Айыртау ауд. Рудный ОМ
    3. Меңдiбаева Құралай — Қызылжар ауд. Бескөл МГ

  • Жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушыларының арасында республикалық I Махамбет оқулары туралы ақпарат
    Дата : 10/08/2010 15:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    2010 жылдың 28-30 қазан аралығында Атырау облысы, Атырау қаласында жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушыларының арасында I республикалық Махамбет оқулары өттi. Аталмыш сайысқа 13 облысы және Алматы, Астана қалаларының 5-11 сынып аралығындағы 53 оқушы қатысты.

    Солтүстiк Қазақстан облысының намысын үш номинация бойынша келесi оқушылар қорғады.

    I — номинация: «Мен — Өтемiстiң баласы Махамбет атты батырмын» (М.Өтемiсұлының шығармаларын жатта оқу)- Нұртаев Естай — Айыртау ауданы, Шалқар ОМ, 7 — сынып оқушысы. (Махамбеттiң 72 өлеңiн жатқа айтты)

    II -номинация: «Ұлы арман» (Махамбеттiң күйлерiн орындау) — Мұсайбекова Ұлжан -Уалиханов ауданы, Кiшкенекөл мектеп-гимназиясы, 8 -сынып оқушысы. (Махамбеттi 5 күйiн жатқа бiледi)

    III- номинация: «Тартынбай сөйлер асылмын» (Махамбетке арнау немесе басқа да тақырыпқа жазылған өз туындыларын оқу) — Бекмағамбетова Балжан, Аққайың ауданы, Аралағаш ОМ, 11-сынып оқушысы.

    Үш номинация бойынша да оқушылар «Ерекше жетiстiгi үшiн» номинациясында дипломмен марапатталды.

  • Солтүстiк — Қазақстан облысы–мектеп орманшыларының слетi
    Дата : 9/23/2010 15:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Жалел Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылық колледжiнiң базасында алдыңғы озық тәжiрибенi үйрену және жалпылау мақсатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының ұйымдастыруымен 2010 жылдың 17-18 қыркүйегiнде мектеп орман шаруашылықтарының арасында облыстық слет-сайысы өткiзiлдi.

    Мектеп орман шаруашылықтары — бұл жалпы мектеп және мемлекеттiк мекемелердiң орман шаруашылықтары базасында ұйымдастырылған оқушыларды экология-биологиялық, отансүйгiштiк, еңбек тәрбиесiне баулудың белсендi түрi.

    Слет-сайысының мақсаттары мен мiндеттерi :

    Мектеп оқушыларын табиғатты қорғау, тәжiрибелiк зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру, мектеп орман шаруашылықтарының қызметiн жандандыру Олардың табиғатты қорғауға деген жанашырлық сезiмдерiн тәрбиелеу, табиғатты пайдалану мәселелерiне экологиялық тұрғыда қарау, алдыңғы озық тәжiрибенi үйрену және жалпылау ; Мектеп орман шаруашылықтарының iшiнен мықты командаларды анықтау ;

    Орман экологиясы, орман шаруашылығы және орманды қорғау әдiстерi, орманды күту және қалпына келтiру бойынша бiлiктiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру экологиялық-орман шаруашылық бiлiм және оқушылардың кәсiптiк бағыт-бағдары.

    Слетке мектеп орман шаруашылықтарынан Солтүстiк Қазақстан облысы орман мекемелерi базасында құрылған 12 команда қатысты.

    Аққайың МОМ ММ
    Есiл МОМ ММ
    Соколовка МОМ ММ
    Сергеевка МОМ ММ
    Мамлютка МОМ ММ
    Ақан-Серi МОМ ММ
    МОМ ММ Орлиногор
    Булаев МОМ ММ
    ҚызылжарМОМ ММ
    Пресновка МОМ ММ
    Жамбыл МОМ ММ
    Бұрлық МОМ

    12 — 18 жас аралығындағы 8- 11 сынып оқушылары командалар құрамына ендi.

    Сайыстық тапсырмаларды әдiлқазылар құрамы бағалады:

    Слет-конкурстың жалпы әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жетекшiлiгiн СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы жүзеге асырды. Слеттi дайындауға және өткiзуге белсендi қатысқан колледж оқытушылары:

    1.С.В.Костылева — орман инженерлiк пәндерiнiң ЦӘК төрайымы, «Орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафты құрылыс» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы .

    2.С.А.Соколовская — «Орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафты құрылыс» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы

    3.М.Ш.Молдыбаев — «Орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафты құрылыс» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы

    4.А.Б.Қойшыбаев — «Орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафты құрылыс» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы

    5.Л.И. Толстошеева — ботаника пәнiнiң оқытушысы

    6.Е.А. Азаренко — «Агроном» мамандығы бойынша оқытушы

    7.А.М. Марченко — география пәнiнiң оқытушысы.

    8.С.А.Якунин — информатика пәнiнiң оқытушысы.

    Сонымен қатар «Орман және орманбақ шаруашылығының» оқушылары сайысты дайындауға, өткiзуге үлкен көмек көрсеттi.

    №1 «Сапар карточкасы» сайысы басталды.

    Қойылым барысында жеке командалар өздерiнiң мектеп орман шаруашылықтарының қызметi туралы фильмдер мен слайдтар көрсетiлдi.

    № 2 «Ақпараттық және насихаттау плакаттары, орман қорғау бойынша аншлагтар» сайысы өткiзiлдi.

    № 3 «Ормантану және орман шаруашылығы бойынша тапсырмаларды орындау» сайысы басталды.

    Осы сайысты өткiзу барысында мектеп оқушыларының бiлiмдерi келесi сұрақтар бойынша анықталды:

    1. Орында орман шаруашылықтарының құрал жабдықтарын пайдалана алу бiлiктiлiгi. (өлшеу айырлары, биiктiк өлшеуiштерi, буссолдар.)

    2. –ормантану

    -ботаника және дендрология

    - зоология және энтомология

    - өртке қарсы қауiпсiздiк

     — орындарға бағыт-бағдар беру

    - медициналық көмек көрсету

    -орналастыру жұмыстары (ағаш дайындау, от жағу, тамақ дайындау)

    №4 «Қиял» табиғи жасандылар сайысы өткiзiлдi.. Бұл сайыстың барысында балалар өз үй тапсырмаларын әр түрлi табиғи материалдардан және тұрмыстық қоқыс қалдықтарынан жасап көрсеттi.

    Өз жұмыстарында қатысушылар табиғатты қорғау, табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарау, әр түрлi қалдықтарды екiншi рет қолдану тақырыптарын ашты.

    Сайыс аяқталысымен әдiлқазы мүшелерi қорытынды жасады, олар салтанатты жабылуда жария етiлдi. Жүлделi орындар төмендегiдей бөлiндi:

    1-орын — Есiл МОМ мектеп орман шаруашылығының командасы

    2-орын –Булаев МОМ мектеп орман шаруашылық командасы

    3-орын Қызылжар МОМ мектеп орман шаруашылық командасы

    Олар Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық командалар –слетке қатысушылар номинация бойынша грамоталармен, бағалы сыйлықтармен аталды.

  • Ақпарат «Интелектуалды технологиялар арқылы дарынды педагогтан қабiлеттi балаларға» Республикалық педагогикалық кеңестiң жұмысы туралы
    Дата : 9/20/2010 15:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    26 тамызда Астанада «Интелектуалды технологиялар арқылы дарынды педагогтан қабiлеттi балаларға» Республикалық педагогикалық кеңесi өттi

    Педагогикалық кеңестiң мақсаты әзiрленiп жатқан стандарттарға, оқу-әдiстемелiк материалдарға жаңа, озық, заман талабына сай нәрселердi кiргiзе алатын креативтi мамандарды анықтау болып табылады.

    Форумға қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев сөйледi.

    Елiмiздiң бiлiм беру мекемесiнiң жетекшiсi республикалық педагогикалық кеңесте қазiргi ақпараттық технологияларды енгiзумен және қолданумен, инновациялық ұйымдар жүйесiн дамытумен байланысты мәселелердi талқылау республиканың дарынды балаларға арналған мектептерiнiң де, көпшiлiк мектептердiң де одан арғы шығармашылық жұмыстарына елеулi импульс беретiнiне акцент жасады. Министр бұл форумға интелектуалды инновациялық технологиялар саласының халықаралық деңгейдегi жетекшi мамандарының қатысуы форумның табысты болуына септiгiн тигiзетiнiне сенiмдiк бiлдiрдi.

    Республикалық педагогикалық кеңеске Алматы, Астана қалаларының, облыстық бiлiм басқармаларының, аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың мамандары, отандық және шетел ғалымдары, мұғалiмдер және психологтар қатысты. Бұл шара ҚР БҒМ Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының «Nurecom» компаниясымен және Интелектуалды технологиялар интитутымен (Ресей) шығармашылық қызметтестiгi арқасында өттi.

    Республикалық педагогикалық кеңестiң қатысушылары бiлiм беру мiндеттерiн аппараттық және бағдарламалық интерактивтi кешендердi пайдалану арқылы шешуге қатысты, интелектуалды ақпаратты технологиялардың аппаратты қамтамасыздандыру мен бағдарламалық қолдаудың мүмкiндiктерiмен, оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеудiң қыр-сырымен, тәжiрибесiмен танысуға мүмкiндiк алды.

    Өз жұмысын Республикалық педагогикалық кеңес «Оқжетпес» шипажайының базасында үш күн бойы жалғастырды. Форум оқытушылар мен мұғалiмдердiң жаңа ақпараттық, коммуникациялық және интерактивтi технологияларды пайдалану саласындағы құзiреттiлiгiн жоғарылатуға, педагогикалық ойлаудың қазiргi мәдениетiн ынталандыруға бағытталды.

    Форум бағдарламасына Педагогикалық қонақжайдағы кездесулер, шығармашылық шеберханалардың келесi бағыттар бойынша жұмысы кiрдi:

    I шығармашылық шеберхана — «Дарынды мектеп оқушысы»;

    II шығармашылық шеберхана — «Интеллектуалды отбасы — Қазақстанның болашағы»;

    III шығармашылық шеберхана — «Дарынды педагог»;

    IV шығармашылық шеберхана — «Дарындар командасы және олардың құрдастары».

    Гуманитарлық колледждiң директоры Н.Ө. Таженова модератор болған «Интеллектуалды отбасы — Қазақстанның болашағы» шығармашылық шеберханасының жұмысы барысында қазiргi ақпараттық технологияларды тәрбие үрдiсiне енгiзумен және қолданумен байланысты мәселелер белсендi талқыланды. Отбасылық тәрбиелеу мәселелерi WEB-порталды қолдану арқылы шешiлдi.

    Шығармашылық шеберханаға қатысушылардан Республикалық виртуалды оқу-бiлiм беру порталын құру және онда отбасылық тәрбиелеу мәселелерiн талқылауға, ата-аналарға консультациялық көмек беруге, ата-аналар, педагогтар, оқушылар арасында пiкiр алысуға орын қалдыру туралы ұсыныс түстi. Ата-аналардың, педагогтардың, оқушылардың қарым-қатынасы — күрделi мәселе. Оның күрделiлiгi — адам қатынастарының жасырын сипатында, оған «сырттан» кiрудiң қиындығы мен мiншiлдiгiнде. Ата-аналарда педагогика және психология саласындағы бiлiктi мамандармен қатынасуға, сондай жағдайға тап болған басқа ата-аналармен қатынасуға өткiр қажеттiлiк туындайды. Қанша отбасы болса, сонша тәрбие ерекшелiктерi болады.

    Шығармашылық шеберхананың жұмысы өнiмдi және нәтижелi өттi.

    «Интеллектуалды отбасы — Қазақстанның болашағы» шығармашылық шеберханасының қатысушыларымен мынадай шешiмдер қабылданды:

    1. WEB-порталды виртуалды ата-аналар кеңесiн құруға пайдалану.

    2. Виртуалды оқу-бiлiм беру форумының мүмкiндiктерiн ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегi күштерiн педагогикалық мекемелердiң қызметiмен координациялауға пайдалану.

    3. Ата-аналарға консультациялық көмек көрсету мақсатында психологиялық-педагогикалық ақпаратты орналастыру үшiн виртуалды әдiстемелiк кабинеттi пайдалану.

    4. «Дарынды баланың қазiргi заманғы ата-анасы» жобасын құруға конкурс жариялау.

    Республикалық педагогикалық кеңес жұмысының қорытындысы ретiнде форумға қатысушыларға бiлiм беру үрдiсiнде интелектуалды технологияларды қолдану үндеуi болды. Қорытынды бөлiмде үздiк жаңашыл педагогтар министрлiктiң «Жаңашыл ұстаз» сертификаттарымен және грамоталарымен белгiлендi.

  • «Мектепке жол» акциясын өткiзу туралы ақпарат
    Дата : 9/20/2010 15:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    «Мектепке жол» республикалық акциясының мақсаты жаңа оқу жылы дайындық барысында аз қамсыздандырылған отбасылардан оқушыларға қолдау көрсету және 1 қыркүйекте балалардың әлеуметтiк себептер бойынша мектепке келмеуiнiң алдын алу болып табылады.

    1 тамыздан 10 қыркүйекке дейiн «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтiк қорғалмаған әлеуметтiк жiктерден балаларға көмек көрсету мақсатында бiрқатар шаралар атқарылды, мысалы 10 қыркүйекке 6476 бала 17814,1 мың теңгеге материалдық көмек алды, 9750,0 мың теңге әлеуметтiк қорғалмаған оқушыларға және аз қамсыздандырылған отбасылардан оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету үшiн бөлiндi, 8063,5 мың теңгеге демеушiлер және шаруашылық субъектiлерi тарапынан көрсетiлдi.

    Петропавл қаласында және облыс аудандарында балаларды мемлекеттiк органдарға, аудан әкiмдiктерiне мұқтаж балаларды бекiту жақсы дәстүрге айналды. «Облыстық атқарушы органдар басшыларының аз қамсыздандырылған отбасыларға бекiту тiзiмiне» сәйкес Петропавл қаласының 99 оқушысына 504000 теңгенi құрады. Облыс әкiмiнiң аппараты 14 оқушыны қарауға алып 140000 теңге сомасына оларға жылы киiм, мектеп және спорт костюмдерiн, аяқ киiм, кеңсе тауарларын сатып алды. Iшкi iстер департаментi (3 бала, 30000 теңгеге көмек), Кедендiк бақылау департаментi (2 бала көмек 10000 теңгеге), Қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент ( 2 оқушы 7000 теңге), Солтүстiк Қазақстан облысының балалар құқығын қорғау департаментi -4 оқушы 25000 теңге. Қаржы полициясы 25 жыл бойы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балаларға арналған мектеп интенатына көмек көрсетiп келедi, департамент жыл сайын тәрбиеленушiлердiң тұрғын бөлмелерiн жөндеуге, тұрмыстық техниканы сатып алуға, салтанатты iс-шараларды мерекелеуге ақшалай қаражат бөлiп келедi. «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» жастар ұйымы «Әл Фараби» мектеп лицейiнiң 10 баласына көмек көрсетедi, 1 қыркүйекте 10 жаңа ранецтердi таратты.

    МТРК және Қазақстан Петропавл теледидары жұмысының кестесiне сәйкес Қызылжар, Тайынша, Аққайың, Мамлют аудандарында және Петропавл қаласында бiрқатар сюжеттер түсiрiлдi. Барлығы облыс бойынша 24 сюжет түсiрiлдi.

    15 тамызда үй сайын аралау жүргiзiлдi және облыстың шағын учаскелерiн дегi 0-ден 18 жасқа дейiнгi балаларды толық есепке алу өткiзiлдi. Аудандық бiлiм бөлiмдерiнiң есептерi бойынша 2442 рейдтiк iс-шаралар өткiзiлдi, ең көп рейд Ақжар ауданында, Мамлют ауданында және Петропавл қаласында жүргiзiлдi.

    «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпарат»

    аудандар Материалдық көмек алған балалардың саны Оның iшiнде  (адам) есебiнен Көрсетiлген соманың  жалпы сомасы (мың теңге) Оның iшiнде  (мың тенге) есебiнен
    Бюджеттiк қаражаттар Бюджеттен тыс қаражаттар Бюджеттiк қаражаттар Бюджеттен тыс қаражаттар
    Айыртау 131 131   146 146  
    Акжар 780 49 731 1000 111 889
    Аққайын 232   232 553,4   553,4
    М.Жұмабаев 357 86 271 1434,5 860 574,5
    Есiл 280 13 267 564 13 551
    Жамбыл 412 305 107 1406 1191 215
    Қызылжар 773 308 465 2005 1590 415
    Мамлют 132   132 353,9   353,9
    Тайынша 991 86 905 1797,2 421 1376,2
    Тимирязев 175   175 250   250
    Уалиханов 236   236 355   355
    Ғ.Мүсiрепов 504   504 1112,4   1112,4
    Шал ақын 380   380 745,5   745,5
    Петропавловск қ. 1093 891 202 6091,2 5418,6 672,6
    Барлығы 6476 1869 4607 17814,1 9750 8063,5
  • Мектеп қоңырауының соңғы үнi
    Дата : 5/27/2010 15:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    25 мамырда облысымыздың бес мыңнан астам қыз-жiгiттерi мектеп қоңырауының соңғы сыңғырын естiдi. Петропавл қаласындағы № 10 мектепте және жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балаларға арналған мектеп — интернатта өткен мерекеге облыс әкiмi Серiк Бiләлов қатысты. Бұрынғы мектеп оқушыларын құттықтай отырып Облыс әкiмi Серiк Бiләлов олардың әрқайсысына ақша салынған желiмхат тапсырды. Алда бiтiру және көшiру емтихандары күтiп тұр.

  • 2010 жылдың 1 наурызынан 31 желтоқсанға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысының ресмиwww.sko.kz сайтында Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық- Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауын iске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберiнде жергiлiктi мемлекеттiк органдардың интернет конференциясы өткiзiледi.
    Дата : 5/06/2010 11:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    2010 жылдың 1 наурызынан 31 желтоқсанға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысының ресми www.sko.kz сайтында Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық- Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауын iске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберiнде жергiлiктi мемлекеттiк органдардың интернет конференциясы өткiзiледi.

    Интернет-конференция
    Бiлiм саласына қатысты сауалдарыңызды мына сiлтемеге өте отырып қоя аласыздар :

    http://ru.sko.kz/Internet_konferenciya_2010

  • «Спешиал Олимпикс» шағын футболдан республикалық турнирi.
    Дата : 5/05/2010 11:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Петропавл қаласында 2010 жылдың 27-30 сәуiрiнде туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, бiлiм беру басқармасының, балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен жыл сайынғы оныншы Еуропалық Футбол Аптасы аясында Республикалық турнир өттi. Ойындар қалалық классикалық гимназиясының жасанды жабыны бар спорт алаңдарында өттi. Турнирға Астана қаласының, Ақмола облысының, Қарағанды облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының: № 1 АМИ (арнайы мектеп-интернат), № 2 АМИ, Ломоносов АМИ, Сколов АМИ қатысты. Спорт жарыстарынан басқа балаларға мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды. Балалар Абылай ханның резиденциясына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «№ 1 боулинг орталығы» ойын-сауық кешенiне, «Қазақстан» кинотеатрына барды. Жарыстардың қорытындылары бойынша футболдан жасөспiрiмдер арасында бiрiншi орынға Петропавл қаласының № 1 АМИ ие болды, қыздар арасында да Петропавл қаласының № 1 АМИ көштен iлгерi келдi.

  • Құрметтi ұстаздармен оқушылар
    Дата : 4/30/2010 11:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Құрметтi ұстаздармен оқушылар

    Сiздi Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнiмен құттықтаймыз!

    Сiзге шын жүректен зор денсаулық пен мол бақыт, жақсылық пен құт-береке, ашық аспан тiлеймыз, өмiрiнiздiң әр сәтi шаттық пен қуанышқа бөленсiн!

  • 2010 жылдың 29 сәуiрiнде бiлiм басқармасының кезектi алқа отырысы өттi
    Дата : 4/30/2010 11:00:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    2010 жылдың 29 сәуiрiнде бiлiм басқармасының кезектi алқа отырысы өттi, оған Солтүстiк-Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң директоры В.В.Литвиненко, облыс әкiмiнiң бас инспекторы А.О.Бегенов, облыс әкiм аппаратының әлуметтiк-мәдениет сферасы бөлiмiнiң бастығы Ж.Ж.Жұмабаев қатысты.

    Отырыста қарастырылған сұрақтар:

    - Петропавл қ. және Аққайың және Мамлют аудандарының мектептерiнiң тамақтандыруды ұйымдастыру және жалпы оқу жағдайы туралы,

    - 2010 жылдың аралық мемлекеттiк бақылаудың қорытындысы,

    - Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын сақтау бойынша облыстың интернаттық мекемелер және бiлiм бөлiмдерiн тексеру жұмыстарының қортындысы.

    Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша кәсiптiк қызықты әңгiме болды.

  • ПГК 2010
    Дата : 3/29/2010 4:30:00 PM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Үстiмiздегi жылдың 14 наурызында облыс мектептерiнде 4-шi, 9-шы сынып оқушыларының аралық мемлекеттiк бақылауы өттi.

    Алдын ала мәлiметтер бойынша МАБ — 2010 облыстық көрсеткiштерi өткен жылмен салыстырғанда 4-шы сыныптардың нәтижелерi сәл болса да төмендегенiн көрсетедi: 17,04 балл 17,1 баллға қарсы.

    Тоғызыншы сынып оқушылары нәтижелерiн жақсартты: 63,19 балл 62,17 баллға қарсы.

    Талдау көрсеткендей ең жоғарғы нәтиже Тайынша және Аққайың аудандарының үлесiнде.

    Өткен жылмен салыстырғанда Уәлиханов ауданы мектептерiнiң көрсеткiштерi төмендеген.

    Өткен жылғыдай төмен нәтиже көрсеткен Ақжар, М. Жұмабаев ауданы және Уәлиханов аудандары болды.

    МАБ соңғы нәтижелерi 15 мамырда ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық бiлiм сапасы орталығымен ұсынылатын болады.

  • Олимпиада
    Дата : 3/29/2010 4:30:00 PM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    2010 жылдың 18-19 наурызында 15 жалпы бiлiм пәндерi бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңi өттi.

    2010 жылғы олимпиаданың ерекшелiгi — мектеп оқушыларының бiршама жоғары санының қатысуы (434 адам, 2009 ж — 412 адам). Оның iшiнде 160 Петропавл қаласы мектептерiнiң оқушылары, 148 ауылдық жерлерден келген оқушылар. Сәйкесiнше жеңiмпаздар мен жүлдегерлердiң саны да артты: бiрiншi орынға ие болғандар 37 қатысушы, екiншi -40, үшiншi -43. Барлығы 120 жүлделi орындар, барлығы дерлiк I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталды.

    Сонымен қатар, 38 оқушы қол жеткiзген нәтижелерi үшiн бiлiм басқармасының грамоталарымен марапатталды.

    Жүлделi орындарды Петропавл қаласының және облыстық мекемелердiң оқушылары алды.

    Биылғы жылы ауыл мектептерiнiң түлектерi жақсы нәтиже көрсеттi. Олар түрлi дәрежедегi 25 дипломды ұтты.

    Оның iшiнде : Қызылжар, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, М. Жұмабаев ауданы, Шал ақын аудандары бар.

    Инновациялық мектептердiң түлектерi көзге түстi: БЭСТ гимназиясы, Бiрiншi жалпы бiлiм беретiн лицей, ЛОРД мектеп лицейi .

    IV сараптау республикалық кезеңiне қатысу үшiн Алматы қаласына 74 жұмыс жiберiлдi.

    Республикалық олимпиаданың V кезеңi 2010 жылдың 16-20 сәуiр аралығында Атырау қаласында өтедi.

    Скачать решения (32 kb)

  • 2010 жылдың 27 ақпан күнi дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернатында «Жарқын болашақ» атты қазақ тiлi олимпиадасы өткiзiлдi.
    Дата : 3/09/2010 3:00:00 PM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Олимпиадаға барлығы 19 мектептен 100 оқушы қатысты. Олар:

    1. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернат — 5 номинация бойынша;

    2. №1 арнайы түзету мектеп-интернаты — 3 номинация бойынша;

    3. №20 орта мектеп — 5 номинация бойынша;

    4. Жетiм балаларға арналған мектеп-интернаты — 4 номинация бойынша;

    5. М. Жұмабаев атындаєы ПГК жанындағы лицей — 3 номинация бойынша;

    6. №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенi — 2 номинация бойынша;

    7. С. Мұқанов ат. №32 орта мектеп — 3 номинация бойынша;

    8. №5 орта мектеп — 3 номинация бойынша;

    9. №10 орта мектеп — 3 номинация бойынша;

    10. М. Айтхожин атындағы №1 жалпы инновациялық орта мектеп — 2 номинация бойынша;

    11. №43 орта мектеп — 3 номинация бойынша;

    12. №4 орта мектеп — 3 номинация бойынша;

    13. қазақ-мектеп гимназиясы — 4 номинация бойынша;

    14. Классикалықгимназия — 4 номинация бойынша;

    15. №7 мектеп — 2 номинация бойынша;

    16. "Дарын" мектеп-лицейi — 3 номинация бойынша;

    17. "Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiмдегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-кешенi» — 2 номинация бойынша;

    18. №44 орта мектеп — 3 номинация бойынша;

    19. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернаты — 1 номинация бойынша.

    Олимпиадаға қазақ тобы және өзге ұлт топтарында оқитын 7,8,9,10,11 сынып оқушылары қатыстырылған болатын. Қазақ тiлi олимпиадасы бес бағытта өткiзiлдi:

    1. Қазақ тiлi бiлiмi;

    2. Мәнерлеп оқу;

    3. Әншi бұлбұлдар;

    4. Өлкетану;

    5. Сахналық қойылым.

    Олимпиада нәтижесi төмендегiдей болды:

    Тiл бiлiмi номинациясы бойынша 1-орын:

    - Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернаты;
    - №4 орта мектеп.

    Тiл бiлiмi номинациясы бойынша 2-орын:

    - М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы лицей;
    - Классикалық гимназия.

    Тiл бiлiмi номинациясы бойынша 3-орын:

    - Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы лицей;
    - №32 орта мектеп.

    Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 1-орын:

    - №10 Орта мектеп;
    - М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы лицей.

    Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 2-орын:

    - Дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернаты;
    - Классикалық гимназия.

    Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 3-орын:

    - Жетiм балаларға арналған мектеп-интернат;
    - №1 арнайы түзету мектеп-интернаты.

    Әншi бұлбұлдар номинациясы бойынша 1-орын:

    - Қазақ-мектеп гимназиясы;
    - Классикалық гимназия.

    Әншi бұлбұлдар номинациясы бойынша 2-орын:

    - №5 орта мектеп;
    - №1 арнайы түзету мектеп-интернаты.

    Әншi бұлбұлдар номинациясы бойынша 3-орын:

    - №17 орта мектеп;
    - М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы лицей.

    Өлкетану номинациясы бойынша 1-орын:

    - №10 орта мектеп;

    Өлкетану номинациясы бойынша 2-орын:

    - №5 орта мектеп;
    - Классикалық мектеп-гимназия.

    Өлкетану номинациясы бойынша 3-орын:

    - №20 орта мектеп;
    - №4 орта мектеп.

    Сахналық қойылым номинациясы бойынша 1-орын:

    - №20 орта мектеп;

    Сахналық қойылым номинациясы бойынша 2-орын:

    - Жетiм балаларға арналған мектеп-интернат;

    Сахналық қойылым номинациясы бойынша 3-орын:

    - Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернат.

    Фестивальдiң республикалық кезеңi 2010 жылдың 5-6 наурызында Алматы қаласында өтедi. Бiздiң облыстың намысын қорғау үшiн 12 оқушы қатысады.

  • 24 ақпанда балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығының акт залында «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру бойынша республикалық ақпараттық –насихат тобының мүшелерiмен кездесу, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Орта бiлiм департаментiнiң директоры Аршабеков Н.Р. облыс педагогтарымен кездесуi өттi.
    Дата : 3/02/2010 3:00:00 PM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    24 ақпанда балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығының акт залында «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру бойынша республикалық ақпараттық –насихат тобының мүшелерiмен кездесу, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Орта бiлiм департаментiнiң директоры Аршабеков Н.Р. облыс педагогтарымен кездесуi өттi.

    Өзiнiң баяндамасында Аршабеков Н.Р. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы таяудағы уақытта ел дамуының айқын стратегиясын анықтағанын айтты, Жолдаудың экономиканың барлық салаларына қатысты негiзгi ережелерiн, үлескерлердiң проблемаларының тиiмдi шешiлуi, банкiлердiң орнықтылығы, соынмен қатар ТМД мемлекеттерiнiң арасында ұқсасы жоқ «Жол картасы» жобасы, шағын және орта бизнестi қолдау, iшкi саяси тұрақтылық туралы түсiнiктеме бердi.

    Әлеуметтiк сала мәселелерiне тиянақты тоқталып өттi.

    Қатысушы қауым Нұрғали Рақымғалиұлын зор ықылас қойып тыңдады.

  • Солтүстiк Қазақстан облысында БҰТ 2010 өткiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру семинарын өткiзу туралы
    Дата : 2/24/2010 10:39:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    2010 жылдың 22 ақпанында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнiң акт залында Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiлiм және ғылым саласындағы бақылау Комитетiнiң сыртқы емтихандар басқармасының бастығы Жандильдина Зинаш Жандильдиновнаның қатысуымен Солтүстiк Қазақстан Облысында БҰТ 2010 өткiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру семинары өткiзiлдi.

    Семинар жұмысына Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк униветситетiнiң проректоры Қайыржанова Лаура Советовна, Мемлекеттiк комиссияның төрағалары, аудан (қала) маслихаттарының, құқық қорғау органдарының өкiлдерi, аудан (қала) бiлiм бөлiмдерiнiң бастықтары, облыс мектептерiнiң басшылары, ата-аналар комитетiнiң өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Барлығы 300 адам.

    Бiрiншi бөлiм слайдтарды қолдану арқылы ақпараттық-түсiндiру түрiнде өттi. Онда БҰТ өткiзу Ережелерiне енгiзiлген өзгертулермен БҰТ форматының негiзгi тәртiптерiне түсiнiктеме жасалды. Семинардың екiншi бөлiмi сұрақ-жауап түрiнде өттi.

    Семинардың соңында Жандильдина Зинаш Жандильдиновнамен баспасөз маслихаты өттi.

    БҰТ келелi мәселелерi бойынша маңызды әңгiме өттi. Қойылған сұрақтарға толық жауап алынды, туылған қиыншылықтар бойынша айқын түсiнiк берiлдi.

  • Бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беру мемлекеттiк мекемелерiне жабдық жеткiзу туралы ақпарат
    Дата : 9/2/2010 2:53:00 PM Разместил : УО СКО
    Толық...

    2010 жылы республикалық бюджет қаражаттары есебiнен Солтүстiк Қазақстан облысының 49 мектебiн жалпы сомасы 200,8 млн теңгеге биология кабинеттерiмен жарақтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар, үстiмiздегi жылы облыстың 37 мектебi 205,0 млн теңге сомасына лингафондық мультимедиялық кабинеттердi алады. Осылайша, Солтүстiк Қазақстан облысының бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беру мемлекеттiк мекемелерiн кезең-кезеңмен жарақтандыру жүзеге асырылатын болады.

  • Расписание интерактивных уроков
    Дата : 1/5/2010 10:39:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Расписание интерактивных уроков по Северо-Казахстанской области

  • Информация о проведении областного конкурса «Жас қаламгер»
    Дата : 12/14/2009 4:25:00 PM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    12 декабря 2009 на базе областного центра творчества детей и юношества состоялся областной конкурс «Жас қаламгер».

  • Проведение областного семинара для руководителей вокально-хоровых коллективов
    Дата : 12/1/2009 11:23:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Информация о проведении областного семинара для руководителей вокально-хоровых коллективов

  • Итоги Республиканского слета изобретателей
    Дата : 12/1/2009 11:20:00 AM Разместил : ЦИТО
    Толық...

    Итоги Республиканского слета изобретателей, Республиканской выставки «Творчество юных-2009»