Балалар мен жас өспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы

Балалар мен жас өспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы — облыс әкiмшiлiгiнiң қазыналық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны болып табылады.
Жалпы аумағы — 2458,5м2
Орталықта 12 оқу бөлмесi, 2 би залы, әдiстемелiк кабинет, бухгалтерия, 530 орындық көрермендер залы бар.
Балалар мен жас өспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығының қызметi келесi негiзгi бағыттардан тұрады:
 — балалармен, жас өспiрiмдермен және жастармен қалыптасқан бiлiм беру және тәрбиелiк жұмыс формаларын сақтау;
 — дарынды балаларды iздестiру және көп вариантты формалардағы қабiлеттерiн дамыту;
 — бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру;
 — жеке дамуына жағдай жасау;
 — кәсiби өзiн-өзi айқындау, олардың қабiлеттерiн iске асыру, қоғамдық өмiрге бейiмдеу;
-азаматтық санасын, салауатты өмiр салтының жалпы мәдениетiн қалыптастыру, мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру.
 — облыста мектептен тыс ұйымдарда қосымша бiлiм бойынша әдiстемелiк және үйлестiру орталығы ретiнде жұмыстарды ұйымдастыру.
Орталық өз қызметiнде «Бала құқықтары туралы Конвенцияны», «ҚР бiлiм туралы» Заңын, «ҚР бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиенiң кешендi бағдарламасын» және басқа Қазақстан Республикасының заңдарын басшылық алады.
Орталықта 41 үйiрме мына бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: көркем-эстетикалық, спорттық, декоративтiк-қолданбалы, әлеуметтiк-педагогикалық.
Қосымша бiлiм беру мiндеттерiн шеше отырып, БЖШОО өзiне стратегиялық мақсатын анықтады — баланы барынша тәрбиелеуге жәрдемдесетiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету.
Қойылған мiндеттердi шешу мыналар арқылы жүзеге асырылады:
 — оқу-тәрбиелiк үдерiстi ұйымдастыру;
 — ұйымдастыру — әдiстемелiк жұмысты;
 — ұйымдастыру-бұқаралық жұмысты және бос уақытты;
 — оқу-әдiстемелiк, материалдық базаны нығайту.   
Орталықтың iс әрекетiнiң маңызды бағыты үйiрмелер мен студиялардың жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Оқыту жұмысы қосымша бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламасына сәйкес өткiзiледi.
Оқыту мен тәрбиелеу бiр жастағы және әртүрлi жастағы бiрлестiктерде қызығушылықтары бойынша жүзеге асырылады. Қосымша дамыту мақсаттарының алуан түрлiлiгi педагогтардың және тәрбиеленушiлердiң қойылған мiндеттерге қол жеткiзулерiне жәрдемдесетiн нәтижелердiң алуандылығымен қамтамасыз етiледi, олардың шығармашылық белсендiлiгiн, iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiн игеру дәрежесiн дамытады.
Орталық адамның негiзгi бiлiм алуына және өзiн-өзi кәсiби айқындауына бастау алаңы болып табылады.
Вариативтiк бағдарламаларды қолдану, жетекшiлердiң жоғарғы кәсiбилiгi, шығармашылық бiрлестiктердiң iс әрекеттерiнiң нәтижелiгiн бағалау, қосымша бiлiмнiң мазмұнын уақытында жаңарту бойынша педагогтарға әдiстемелiк көмек көрсету — бұның барлығы жиынтығында БЖШОО шығармашылық ұжымына облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда, балалар шығармашылығының фестивальдерiнде жыл сайын жетiстiктерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Облыстың балаларға арналған арнайы байқаулар, фестивальдер, көрмелер шығармашылық қабiлеттердi дамытып iске асыруға, үйлесiмдi тұлғаның қалыптасуына мүмкiндiк бередi.
БЖШОО дәстүрлi болып кеткен iс-шараларды ұйымдастырудың бастамшысы болып отыр.
 — «Есiл өңiрiнiң жұлдыздары» облыстық жас вокалистер байқауы;
 — «Каблучок» облыстық хареографиялық ұжымдардың байқауы;
 — облыстық жас техниктер форумы;
 — «Надежда» денсаулығында мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған облыстық фестивалi;
 — «Одно небо — один мир» үшқыш аппараттар облыстық байқауы;
 — дизайн және декоративтiк-қолданбалы өнер бойынша байқау-практикум;
 — кәсiби шеберлiктiң облыстық байқауы (тiгiншiлер, аспаздар, ұста, ағаш ұстасы);
 — облыстық техникалық шығармашылық көрмесi;
 — облыстық техникалық, бейнелеу, декоративтiк-қолданбалы шығармашылық көрмесi.
БЖШОО әдiстемелiк қызметiнiң мақсаты педагогтардың кәсiби бiлiктiлiгiн дамыту және облыс қосымша бiлiм жүйесiнiң қызмтшiлерiнiң кәсiби iс әрекеттерiн ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету арқылы бiлiм беру үдерiсiн жетiлдiру болып табылады.
Әдiстемелiк қызметтiң негiзгi бағыттары:
 — бiлiм беру, тәрбие үдерiсiн әдiстемелiк қолдау, ҚБ бiлiм беру бағдарламаларын жобалау;
 — педагогтардың кәсiби шеберлiктерiн арттыру;
 — педагогтарға әдiстемелiк көмек көрсету;
 — қосымша және жалпы бiлiм мекемелерiнiң арасында серiктестiк қатынастар қалыптастыру.
Орталықта облыстық семинарлар, семинар-практикумдар, педагогтардың әртүрлi санаттарына арналған дөңгелек үстелдер өткiзiледi: мектептен тыс мекемелердiң директорларына, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасарларына, эстетикалық, көркем-қолданбалы, техникалық бағыттағы қосымша бiлiм беру педагогтарына.
БЖШОО әдiстемелiк қызметi жұмысының бағыттарының бiрi мәдени-бұқаралық және бос уақытты ұйымдатыру әрекетiн  ұйымдастырып өткiзуге жәрдемдесу болып табылады — бұл облыстық, қалалық балалар шығармашылығы байқауларын, қала және облыс мектеп оқушыларына арналған ойындар, ойын — сауық бағдарламаларын өткiзу, «Жандостар» балалар ассоциациясының бағдарламалары аясында облыстық акциялар мен операциялар өткiзу болып табылады.     
БЖШОО «Жандостар» Солтүстiк Қазақстан балалар ассоциациясының  ұйымдастырушысы болып табылады.
Орталық «Ассоциациясының» қызметiне қатысады, балалар мен жас өспiрiмдердiң толық және жан-жақты дамуына жәрдемдеседi, балалар мен жас өспiрiмдер бос уақытының жобалары мен бағдарламаларын iске асырады, жастармен екi жақты және жан-жақты байланыстар сақтайды.
Сұранысқа ие және белгiлi жобалар: «Детство без границ» халықаралық фестивалi (Мәскеу қ.), «Маленькие звездочки» эстрадалық балалар әндерiнiң байқауы (Волгоград қ., Санкт-Петербург қ.), балалар сән театрларының халықаралық байқауы («Золотая игла» Ассоциациясы, Мәскеу қ.).
Өзiнiң ерекшелiгiне сәйкес БЖШОО дивинаттық мiнез-құлықтың кеңiстiгiн қысқарта отырып балалардың қолы бос болмаушылығы проблемаларын шешiп бiлiм беру қызметiнiң әртүрлi формаларымен бос уақытты ұйымдастырудың түрлерiнiң шектеулi қабыстырылуына ұмтылады.
Орталықтың педагогтары үшiн мәдени-бұқаралық және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда басым бағдардың бiрi, әрбiр балаға өзiн толық шығармашылық тұлға ретiнде iске асыруына, жеңiстi жағдайды басынан кешiруге жағдай мен мүмкiндiк жасау болып табылады.  
БЖШОО мәдени-бұқаралық жұмыс балалармен және жастармен жұмыстың жаңа түрлерiмен үнемi жаңартылып отырады. Әртүрлi жас санаттарындағы оқушыларға ойын, танымдық-ойын сауық бағдарламалары өткiзiлiп тұрады: «Ура коникулы!», «Жiгiт сұлтаны», «Нұрсұлу», «Мальчики и девочки», «Школьная лига — КВН».
Қала және облыс мектептерiмен бiрлескен жұмыстар табысты жүзеге асырылуыда.  Бiрлескен жобалар өткiзiлуде: бұқаралық iс-шаралар, қалалық көрмелер, байқаулар, фестивальдер, «Мектеп күндерi».
Көптеген үйiрмелерде шұғылдану, жетiстiктер, байқаулардағы, жарыстардағы жоғары нәтижелер, балалар бiрлестiктерiн қолдау, Орталықтың шығармашылық ұжымдарының қала және облыстың қоғамдық — мәдени өмiрiне, халықаралық iс-шараларға белсендi қатысуы — БЖШОО ұжымының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетiнiң толық тiзiмi емес, ол үнемi iзденiсте және даму үстiнде, бұл облыстың қосымша бiлiм беруiнiң алдында тұрған мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк бередi.