12 жылдық бiлiм: Солтүстiк Қазақстан облысы көшу кезеңiнiң жетiстiктерi мен мәселелерi

Қазақстан Республикасы бiлiм жүйесiнiң бағыттары мен даму мазмұнын анықтайтын стратегиялық құжаттары Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы»Заңы; 2007-2012 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы бiлiм дамуының Мемлекеттiк бағдарламасы; 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 ҚР Президентiнiң Қаулысымен бекiтiлген 2010 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспары; 12 жылдық орта жалпы бiлiм Концепциясының жобасы болып табылады. Құқықтық құжаттардың мәлiметтерiне сәйкес Қазақстан Республикасында бiлiм жүйесiнiң 12 жылдық оқытуға көшуi жүзеге асырылады. Аталған салада мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндетi болып мәдени-тарихи дәстүр мен әлеуметтiк-экономикалық жағдайы негiзiнде оқушының шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға бағытталған бiлiмнiң жеке бағыты анықталды.
12 жылдық бiлiмге көшу белсендiлiгi шетелдiң оң тәжiрибесiн бекiтедi. Қазiргi кезде әлемде 12 жылдық мектепке есептелген жалпы орта бiлiмнiң халықаралық стандарты құрылған. Сонымен, орта мектепте 12 жылдық бiлiм беру АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Франция; Германияда, Чехияда, Италияда, Швейцарияда — 13 жас, Голландияда — 14 жастан қабылданған.
Солтүстiк Қазақстан облысында 12 жылдық бiлiм беру сараптамасы 2003-2004 оқу жылынан жүргiзiледi.
Осы мерзiмде сараптамаға 6 жалпы бiлiм беретiн мектептер, соның iшiнде ауылдық — 4, қалалық — 2 мектеп қатысады:
- Петропавл қаласы,  № 5 ОМ;
 — Петропавл қаласы, Әл-Фараби мектеп-лицейi;
 — Есiл ауданы, № 3 Явленка ОМ;
 — Ғ.Мүсiрепов ауданы, Новоишим ОМ;
 — Шал ақын ауданы, қазақ тiрек мектеп–интернаты;
 — Қызылжар ауданы, № 2 Бескөл ОМ.
20 сыныптар бар: төртiншi — 5, бесiншi — 6, алтыншы — 5, жетiншi — 3; соның iшiнде қазақ тiлiнде оқытатын — 14 сынып, орыс тiлiнде оқытатын — 6 сынып.
2009-2010 оқу жылында сараптама 310 оқушыны қамтыған 4-7 сыныптарда жалғасады, соның iшiнде қазақ тiлiнде оқытатын — 200 оқушы, орыс тiлiнде оқытатын 110 оқушы.

 С кестесi
Сараптама мектебi оқушыларының сандық құрамы

Сыныбы Барлығы оқитын Қазақ тiлiнде оқитын Орыс тiлiнде оқитын
4 89 69 20
5 87 54 33
6 88 62 26
7 46 15 31
Барлығы 295 200 110

Мәлiметтер 1диаграммада берiлген:
1 Диаграмма

Бiлiм мазмұнын жетiлдiру бойынша сараптама мониторингiсiнiң қорытындысы 12 жылдық бiлiмге көшу табысты өтетiнiн көрсеттi.
Сараптама сыныбы оқушыларының танымдық үрдiсi оқушылардың бiлiм ақпаратын сапалы түсiну мен танымдық белсендiлiгi және өздiгiнен дамуына мүмкiндiк беретiн даму көрсеткiшiнiң өсу динамикасын көрсетедi.
Оқушылар абстрактылы, теориялық материалдарды түсiне алады, оқыту үрдiсiне белсендi қатысып, оқу материалдарын түсiну кезiнде қажеттi нәтижеге жете алады. Әуен жүйесi бiртiндеп әлеуметтiк маңызды жүйеге келедi. Интеллектке тiрелетiн қабылдау бөлiгi артады, пәндер арасындағы қатынасты және оларды түсiнiктермен толықтыруға мүмкiндiк бередi. Қабылдау еркiн және басқарушылықты болады. Сараптама жағдайында көңiлдiң тұрақтылығы, оның тереңдiгi, қосылу және бағыттылығы артады. Оқыту қорытындысы бойынша оқушы зердесiнiң сапасы өзгертiлдi. Еске сақтау үрдiсi еркiн және қабылданатын кейiптерге негiзделедi. Диагностика қорытындысы ойлау қызметi үрдiсiнiң даму динамикасын көрсетедi. Классификациялау, жинақтау және ассоциациялық қатынастарды құру қалыптасады. Сараптама сыныбының оқушылары пәндер бойынша жоғары бiлiмiн көрсетедi.
Алынған мониторинг қорытындысын анализдей келе, 12 жылдық оқытуға көшу режимiнде мектептiң маңызды методологиялық бағыты анықталды:
1. Оқушы — бiлiм субъектiсi
Дәстүрлi мектеп оқушыны оқу-тәрбие үрдiсiнiң обьектiсi ретiнде қарастырады да, бiлiм үрдiсi жолындағы оның жеке күшiнiң мүмкiндiгiн қарастырмайды. 12 жылдық бiлiм орталығында субъект-субъекттiк қатынас бағыты алынады, оқушы өзiндiк бiлiмдiк траекториясына әсер ете алады.
2. Репродуктивтiден өнiмдi оқытуға көшу
Жаңа жалпы бiлiм беретiн мектепте бiлiм оқушылармен нормалардың трансляциясы, мәдени-тарихи құндылық ретiнде қарастырылады, демек дайын бiлiм мазмұнының тапсырысы өтедi. Оқу бағдарламалары, оқулықтар, 12 жылдық бiлiм жүйесiнiң әдiстемесi оқушылармен оқылатын ғылымның әдiстерiн түсiнудi қарастырады. Оқушылардың қызметi олардың жеке потенциалының жүзеге асырылуына негiзделген.
3. Бiлiмдi ақпараттау және ашу
Сараптама мектептерiнде бiлiм ортасын құру қарастырылады, оқытуда мектеп қабырғасынан шығатын бiлiмдiк орта (теледидар, БАҚ, Интернет) қолданылады.
Қазақстандық бiлiмнiң 12 жылдық модельге көшу үрдiсiндегi жеке-бағытталған тәсiлi мен оқытудың жекелiгiндегi рөлi педагогқа, ең бастысы оның кәсiптiк құзыреттiлiгiне жатады.
Облыстағы кәсiптiк құзыреттiлiк деңгейiнiң артуымен Солтүстiк Қазақстан педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты айналасады.
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау Республикалық бағдарламасына сәйкес 2005-2006 оқу жылында курстың мазмұны 12 жылдық орта жалпы бiлiмге көшуге бастауыш сынып мұғалiмдерiн дайындауға бағытталған.
2006-2007 оқу жылында курстың тақырыбы 12 жылдық мектепте пән мұғалiмдерi мен мектеп жетекшiлерiн дайындау қажеттiлiгiмен анықталды.
2007-2008 жылдарында бейiндiк оқытуға көшу облыс педагогтары үшiн бiлiктiлiктi арттырудың магистралды бағыты болып табылды.
2009-2010 жылдардағы курстық дайындығы қызметiнiң негiзгi бағыты оқу үрдiсiне оқытудың жаңа формасы мен әдiсiн, жаңа ақпараттық-коммуникативтiк технологияларды, сонымен қатар оқу-тәрбие үрдiсiне технологиялауды енгiзу болды.  
2009 жылғы қаңтардан желтоқсан аралығында Солтүстiк Қазақстан педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтында 40 бiлiктiлiктi арттыру курсы өттi, 12 жылдық бiлiмге көшу мәселесi бойынша облыстың 1087 педагогы өттi (2 Диаграмма).

2 Диаграмма

2009 жылғы 12 жылдық бiлiмге көшу бойынша өткен курс туралы мұғалiмдердiң сыпаттауын анализдей келе, курс мазмұнының тақырыбы мен анықтамасының таңдау дұрыстығын атауға болады. Курстық дайындық 12 жылдық мектепте бiлiмдi реформалау туралы постулатында базаланады, соның iшiнде:
-  курс бағдарламасының нормативтiк-құқықтық блогында ұдайы ҚР бiлiм жүйесiн реформалау, 12 жылдық бiлiм Концепциясы жобасының мәселелерi, жалпы орта бiлiмнiң БМЖС мәселелерi қарастырылады;
 — жаңа педагогикалық технологияларды енгiзу бойынша өзектi ойларды ескере, курстың бағдарламасына аталған мәселелердiң теориялық және практикалық аспектiлерi енедi. Мониторинг рефлексияның шығысында ұйымдастырылған кiрiс және шығыс тестiлеуi, тыңдаушылардың сыпаттауы негiзiнде жүргiзiледi.
ҚР жүзеге асырылған бiлiм реформасы — бұл қазақстандық мектеп дамуының алға басқан қадамы, жаңа айналымы. Және барлық жаңалық оқытудың  құрылымын, мазмұнын, әдiстерi мен құралдарын қарастырады. Осыған байланысты 12 жылдық бiлiмге көшу кезiнде бiрқатар мәселелер туындайды:

  1. Бүгiнгi күнге дейiн 12 жылдық бiлiмге көшу бойынша негiзге алынатын нормативтiк-құқықтық құжаттар жоқ. Бiз талқылау, негiзгi нормативтiк құжаттарды түзету деңгейiндемiз.
  2. Бiлiмдiк реформаның бағыты жеке-бағытталған оқытуды жүзеге асыру, жаңа педагогикалық технологияны енгiзу болып табылады. Облыс мұғалiмдерiнiң кәсiптiк құзыреттiлiгiн арттыру үшiн бiлiктiлiктi арттыру институтының қызметкерлерi нақты технологияларды жетiк меңгеру керек, бiрақ республикалық деңгейде аталған тақырыбы бойынша БАИ әдiскерлерi үшiн бiлiктiлiктi арттыру курстары болмайды немесе толық көлемде өтпейдi;
  3. Оқулықтар мен ОӘК уақытында түспеуi мен жетiлмеуi;
  4. Нашар материалдық-техникалық база;
  5. 12 жылдық бiлiмге көшу бойынша сараптама облыстың 6 жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде өтедi, аталған мектептердiң мұғалiмдерi бiр-бiрiмен тығыз қатынасады, олар өздерiнiң практикалық қызметiнде 12 жылдық мектептiң қиындығы мен жетiстiктерiн түсiндi. Бiрақ аталған сараптама мектептерiнiң басқа бiлiм кеңiстiгiмен байланысы қажетсiз деңгейде.
    Облыстық және республикалық баспа басылымында 12 жылдық мектептiң жұмысын көрсететiн мақалалар, жариялаулар өте аз.