6.01.2009 ж. №9

Орта бiлiм ұйымдарында аралық
мемлекеттiк бақылауды өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiлiм және ғылым саласы бойынша бақылау Комитетiнiң «2010 жылы Қазақстан Республикасының орта бiлiм ұйымдарында аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығының негiзiнде, бiлiм қызметтерiнiң сапасын бағалау және орта бiлiм ұйымдарының оқушылары жалпы бiлiм беретiн бастауыш және орта бiлiм оқу бағдарламаларын игеру деңгейiн анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. 2010 жылы 15 наурызда облыстың орта бiлiм ұйымдарында келесi пәндер бойынша аралық мемлекеттiк бақылау өткiзiлсiн:

а) Дүниетану — бастауыш бiлiм деңгейiнде (4 сынып);

б) Орыс тiлiнде оқитын мектеп оқушылары үшiн қазақ тiлi, қазақ тiлiнде оқитын мектеп оқушылары үшiн орыс тiлi, шетел (ағылшын, немiс француз) тiлдерi және дүниежүзi тарихы — негiзгi бiлiм деңгейiнде (9 сынып).

2. Аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу және дайындау кезiнде облыстық бiлiм басқармасы жанында аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу және басқару бойынша штаб құрылсын (қосымша 1).

3. Бiлiм басқармасының 2009 жылы 23 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекiтiлген аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу және дайындау шаралар жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн.

4. СҚ Бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау институт директорының мiндетiн атқарушы А. Қарабатырова:

1) Аралық мемлекеттiк бақылауды дайындау үшiн сапалық әдiстемелiк көмек көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылсын;

2) Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдер құрамына енгiзу үшiн және ауданда аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзудi басқару мақсатында жауапты оқытушылар мен әдiскерлердiң тiзiмi берiлсiн.

4. Бiлiм бөлiмдерiнiң бастықтары:

1) Орта бiлiм ұйымдарында аралық мемлекеттiк бақылау сапалы түрде өткiзiлсiн;

2) Аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу және басқару бойынша аудандық (қалалық) штабтардың жұмысы ұйымдастырылсын.

3) Бiлiм басқармасының 2009 жылы 23 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекiтiлген аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу және дайындау шаралар жоспары жеке бақылауға алынсын;

4) Бiлiм басқармасына 2010 жылдың 13 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдер құрамына енгiзу үшiн, бiлiм бөлiмiнiң тәжiрибелi мамандар және мектеп директорларының орынбасарлары қатарынан тапсырылсын.

5) 2010 жылдың 10 қаңтарына дейiн аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу үшiн әр мектепте мемлекеттiк комиссия бекiтiлсiн.

4. Бұйрық мүдделi адамдарға мәлiмденсiн.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау бiлiм басқармасы бастығының орынбасары Ш.Т. Кариноваға жүктелсiн.

Басқарма бастығы: Т.Әбiлмәжiнов




2010ж.30.12.№771


2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысының
жалпы орта білім ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды
өткізу және дайындау шаралары туралы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысының жалпы орта білім ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды дайындау және өткізу шаралары туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 580 бұйрығының негізінде және облыстың жалпы орта білім ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды тәртіпті түрде өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2011 жылғы мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша шаралар жоспары бекітілсін.
  2. Аудан және қала білім ұйымдарының бастықтары, облыстық мектеп директорлары оқушылардың мемлекеттік аралық бақылауға сапалы дайындалуды қамсыздандыру.
  3. Бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасы бастығының орынбасары Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

Басқарма бастығы: Т.Әбiлмәжiнов




2011ж.25.01. №33


2011 жылы орта білім ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласы бойынша бақылау Комитетінің «2011 жылы Қазақстан Республикасының орта білім ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығының негізінде, білім қызметтерінің сапасын бағалау және орта білім ұйымдарының оқушылары жалпы білім беретін бастауыш және орта білім бағдарламаларын игеру деңгейін анықтау мақсатында ПРИКАЗЫВАЮ:

  1. 2011 жылы 11 наурызда облыстың орта білім ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылау өткізілсін.
  2. Мемлекеттік аралық бақылауды дайындау және өткізу кезінде облыстық білім басқармасы жанында мемлекеттік аралық бақылауды басқару және өткізу бойынша штаб құрылсын (1 қосымша).
  3. 3. СҚ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институт директорының міндетін атқарушы А.К. Қарабатырова:
  4. 1) МАБ дайындау және өткізу үшін сапалы әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырсын;

    2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің құрамына енгізу үшін және ауданда МАБ өткізуді басқару мақсатында жауапты оқытушылар мен әдіскерлердің тізімін берсін.

  5. Білім бөлімдерінің бастықтары:
  6. 1) Орта білім ұйымдарында МАБ-ды сапалы түрде өткізсін;

    2) МАБ басқару және өткізу бойынша аудандық (қалалық) штабтардың жұмысы ұйымдастырылсын.

    3) Білім басқармасының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №771 бұйрығымен бекітілген МАБ-ды ұйымдастыру және өткізу шараларының жоспары жеке бақылауға алсын;

    4) Білім басқармасына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдер құрамына енгізу үшін білім бөлімінің тәжірибелі мамандары және мектеп директорларының орынбасарлары қатарынан кандидатураларын тапсырсын.

    5) Берілген бұйрықты барлық білім беру ұйымдарына жеткізсін.

    6) МАБ нәтижелері бойынша саралау өткізілсін, білім бөлімдерінің, мектептердің педагогикалық кеңестерінде қарастырсын.

  7. Бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасы бастығының орынбасары Ш.Т. Кариноваға жүктелсін

Бастық                                               Т. Әбілмәжінов


Скачать приложение 1 к приказу №33