Бiлiм және ғылым саласындағы
бақылау комитетi төрағасының
2010 жылғы  «___» қаңтардағы
№___ бұйрығына
қосымша

ОРТА БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
МЕМЛЕКЕТТIК  АРАЛЫҚ  БАҚЫЛАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ  ЖӘНЕ ӨТКIЗУ
НҰСҚАУЛЫҒЫ 

АСТАНА

МАЗМҰНЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР………………………………………………………………… 4
2. МАБ-ты ӨТКIЗУ ТӘРТIБI………………………………………………………… 4
3. НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ……………………………………………………….. 5
4. МАБ-қа ҚАТЫСАТЫН  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕРЕКТЕР  БАЗАСЫН  ҚҰРУ……… 6
5. ТЕСТIЛЕУДI  ӨТКIЗУГЕ  ДАЙЫНДЫҚ…………………………………………………………. 7
6. ТЕСТIЛЕУ  МАТЕРИАЛДАРЫМЕН  ЖҰМЫС  ЖАСАУ……………………………………… 8
7. ТЕСТIЛЕУДI ӨТКIЗУ………………………………………………………………… 9
8. ТЕСТIЛЕУ НӘТИЖЕЛЕРIН БАҒАЛАУ ………………………………………………………. 11

1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы нұсқаулық орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аралық бақылауды (бұдан әрi — МАБ) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi өкiлiнiң (бұдан әрi — Министрлiк өкiлi), Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу пункттерiнiң (бұдан әрi — ҰБТӨП), орта бiлiм беру ұйымдарында Мемлекеттiк аралық бақылауды өткiзу және үйлестiру штабының (бұдан әрi — Штаб), мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi — МК) мүшелерiнiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң, аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмдерi бойынша жауаптылардың (бұдан әрi — АББ немесе ҚББ) және аудитория кезекшiсiнiң (бұдан әрi — кезекшi) iс-әрекеттерi мен негiзгi мiндеттерiн айқындайды.
2. МАБ-ты ұйымдастыру және өткiзу кезеңдерiнде жоғарыда аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекiтiлген ҚР МЖМБС «Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аралық бақылауды өткiзу технологиясын», Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылдың 13 желтоқсанда № 5033 тiркелген, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аралық бақылауды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн және осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi — Министрлiк) басқа да нормативтiк құжаттарын басшылыққа алуы тиiс.

2. МАБ-ты ӨТКIЗУ ТӘРТIБI

3. Орта бiлiм беру ұйымдарында МАБ төмендегiдей тәртiппен өткiзiледi:
1) мектеп әкiмшiлiгi П-1 нысаны бойынша оқушылар туралы  мәлiметтердi  қалыптастырады, оларды АББ (ҚББ) бекiтедi және бекiтiлген оқушылардың тiзiмiн сол мектеп тiркелген ҰБТӨП-қа жiбередi;
2) Ұлттық тестiлеу орталығы (бұдан әрi — ҰТО) белгiленген мерзiмде тестiлеу материалдарын дайындайды және оларды облыстық бiлiм басқармаларына жеткiзудi қамтамасыз етедi;
3) облыстық бiлiм басқармалары тестiлеу материалдарын МАБ-ты өткiзу орындарына жеткiзудi қамтамасыз етедi;
4) мектеп әкiмшiлiгi МАБ-ты өткiзуге аудиториялардың (сыныптардың) дайындығын қамтамасыз етедi;
5) Министрлiк өкiлi мектептерге МАБ-ты өткiзу басталғанға дейiн бiр күн бұрын тестiлеу материалдарымен жiберiледi;
6) МАБ Министрлiк белгiлеген мерзiмде өткiзiледi;
7) МАБ-ты өткiзу процесiн МК мен Министрлiк өкiлi бақылайды;
8) Министрлiк өкiлi МАБ аяқталғаннан кейiн барлық тестiлеу материалдарын арнайы пакетте (Интервоид) МАБ-тың нәтижелерiн өңдеу үшiн ҰБТӨП-ке жеткiзедi;
9) оқушылардың жауап парақтарын сканерлеудi Министрлiк өкiлiнiнiң бақылауымен ҰБТӨП-тiң инженерi жүргiзедi;
10) жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн Министрлiк өкiлi телекоммуникациялық желi бойынша ҰТО-дан дұрыс жауаптардың кодын алады;
11) нәтижелердi өңдеуден кейiн әрбiр мектеп бойынша 4 данада                 (мектеп әкiмшiлiгi, АББ немесе ҚББ, Министрлiк өкiлi және ҰБТӨП үшiн) МАБ-тың ведомосы берiледi;
12) МАБ-тың қорытындысы телекоммуникациялық желi арқылы ҰТО-ға жiберiледi.

3. НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ

4. АББ-нiң (ҚББ-нiң) функциясы:

  • жергiлiктi жерде МАБ-ты ұйымдастыру және өткiзу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • МАБ-ты ұйымдастыру және өткiзу үшiн МК құрады;
  • мектеп бойынша МАБ-қа қатысатын оқушылардың тiзiмiн бекiтедi;
  • тестiлеу өткiзуге аудиториялардың дайындығын бақылауды жүзеге асырады.

4.1. Штаб функциясы:

  • МАБ өткiзу кезеңiнде тиiстi облыстарда бақылауды қамтамасыз ету;
  • ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының жүргiзiлуiн бақылау;
  • технологияның сақталуын байқау;
  • жауап парақтарын сканерлеу процесiн байқау;
  • МАБ-ты өткiзумен байланысты ұйымдастыру мәселелерiн шешу;
  • Комитет жанынан құрылған Штабқа рәсiмнiң өткiзiлу барысы туралы ақпарат бередi және аяқталғаннан кейiн анықтама бередi.                            

5. Мектеп әкiмшiлiгiнiң функциясы:

  • оқушылармен МАБ-ты өткiзу туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
  • П-1 нысаны бойынша оқушылардың тiзiмiн АББ-ға (ҚББ-ға) бекiтуге ұсынады;
  • 4, 9-сынып оқушыларына тестiлеу материалдарын рәсiмдеу бойынша оқыту жұмыстарын жүргiзедi;
  • қажеттi құжаттарды ҰБТӨП-ке жеткiзудi қамтамасыз етедi;
  • ҰБТӨП-тен анықтамалық материалдарды (мектептер, аудандар, облыстар, ұлттар анықтамалығы) алады;
  • аудиториялар мен дәлiздер бойынша кезекшiлердiң кандидатураларын бекiтедi;
  • тестiлеуге барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз етедi;
  • тестiлеудi өткiзу үшiн аудиторияларды дайындайды.

6. Министрлiк өкiлiнiң функциясы:

  • мектептерге тестiлеу материалдарын жеткiзедi;
  • аудиториялардың дайындығын тексередi;
  • тестiлеудi өткiзу бойынша кезекшiлерге нұсқама бередi;
  • аудитория кезекшiлерiн бөлу;
  • тестiлеу процесiн бақылайды және басқарады;
  • әрбiр аудитория бойынша кезекшiлерге тестiлеу материалдарын бередi және қабылдайды;
  • емтихан материалдарын қораптың iшiнде болатын «Интервоид» пакетiне салады;
  • МАБ нәтижесiн өңдеу үшiн тестiлеу материалдарын ҰБТӨП-ке жеткiзедi;
  • жауап парақтарын сканерлеу процесiн бақылайды;
  • ҰТО-дан телекоммуникациялық желi бойынша деректердi қабылдауды және жiберудi бақылайды.

7. ҰБТӨП функциясы:

  • техникалық жабдықтар мен телекоммуникациялық желiлердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
  • ҰТО-ға қажеттi ақпараттарды жiбередi;
  • мектептерге анықтамалық материалдарды (мектептер, аудандар, облыстар, ұлттар анықтамалығы) бередi;
  • МАБ-ты өткiзу үшiн автоматтандырылған жұмыс орнын (бұдан әрi-АЖО) орнатады;
  • оқушылардың деректер базасын (бұдан әрi — ОДБ) қалыптастырады және алып жүредi;
  • тестiлеу нәтижелерiн өңдеудi қамтамасыз етедi;
  • емтихан ведомостарын басып шығарады;
  • ОДБ-ның сақталуын және ҰТО-ға телекоммуникациялық желi бойынша  жiберудi қамтамасыз етедi.

         8. Аудитория кезекшiсiнiң функциясы:

  • аудиториялардың тестiлеудi өткiзуге дайындығын тексередi;
  • оқушыларды аудиторияларға кiргiзудi жүзеге асырады;
  • оқушыларды орындарына отырғызады;
  • Министрлiк өкiлiнен тестiлеу материалдарын алады;
  • тестiлеу материалдарын үлестiредi және толтыру ережелерiн түсiндiредi;
  • жауап парақтарының және сұрақ кiтапшасының мұқабасының дұрыс толтырылуын қадағалайды;
  • тестiлеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн оқушылардан тестiлеу материалдарын қабылдайды, оны актi бойынша Министрлiк өкiлiне тапсырады;
  • технологияның және  аудиториядағы тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi.

4. МАБ-қа ҚАТЫСАТЫН  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕРЕКТЕР  БАЗАСЫН  ҚҰРУ

9. ОДБ тестiлеу уақытында жауап парағына енгiзiлетiн мынадай деректерден қалыптастырылады:

  • «Тегi»;
  • «Аты»;
  • «Жынысы»;
  • «Туған жылы»;
  • «Ұлты» — Ұлттар анықтамалығына сәйкес толтырылады;
  • «Сынып»;
  • «Нұсқа»;
  • «Жауаптарды енгiзу аймағы».

10. Тестiлеу аяқталғаннан кейiн жауап парақтарын сканерлеу жүргiзiледi, барлық деректер автоматты түрде ОДБ-ға енгiзiледi.

5. ТЕСТIЛЕУДI  ӨТКIЗУГЕ  ДАЙЫНДЫҚ

11. МАБ-ты өткiзу үшiн мектептерде мынадай дайындық iс-шаралары жүргiзiледi:

  • аудиторияларды дайындау (тақтаның, бордың, сағаттың болуы);
  • МК мен Министрлiк өкiлi үшiн жұмыс орындарын анықтау;
  • оқушыларды тестiлеу кезiндегi ережелермен таныстыру;
  • МАБ-қа қатынасатын оқушылармен жауап парағын толтыру бойынша практикалық сабақтар өткiзу;
  • аудитория бойынша кезекшiлерге нұсқама беру.

12. МАБ-ты өткiзу үшiн ҰТО мынадай тестiлеу материалдарын дайындайды:

  • 4 және 9-сыныптар үшiн сұрақ кiтапшаларын;
  • 4 және 9-сыныптар үшiн жауап парақтарын.

13. Материалдар оқушылар санына сәйкес мектептер бойынша қораптарға салынады.

Тестiлеу кезiндегi оқушыларға арналған ереже:

  • бiр орыннан екiншi орынға ауысуға болмайды;
  • кезекшiнiң рұқсатынсыз тестiлеу материалдарын ашуға болмайды;
  • тестiлеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға болмайды;
  • калькуляторды, анықтамалық әдебиеттердi (Менделеев және тұздардың ерiгiштiгi таблицасынан басқасын), электрондық жазба кiтапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға болмайды;
  • қасындағы оқушылармен сөйлесуге және көшiруге, сондай-ақ шпаргалка қолдануға болмайды;
  • кезекшiнiң және Министрлiк өкiлiнiң рұқсатынсыз аудиториядан шығуға болмайды.

6. ТЕСТIЛЕУ  МАТЕРИАЛДАРЫМЕН  ЖҰМЫС  ЖАСАУ

  15. 4 және 9-сынып оқушыларына алдымен жауап парағы таратылады. Таратылғаннан кейiн оны толтыру ережесiн түсiндiредi. Жауап парағы қара немесе қою көк сиялы қаламмен толтырылады.
16. Жауап парағын толтыру үлгiсi:

 

1) «Тегi — Фамилия»  секторындағы жоғарғы бос торшаларға горизонталь бағытта оқушының тегi баспа әрiптермен жазылады. Әрбiр торшаның астындағы дөңгелекшеден сәйкес әрiптердi тауып, бояйды. «Аты  — Имя» секторы да осы ретпен толтырылады. Мысалы:

 

 

 

2) «Жынысы-Пол» секторында оқушының жынысына сәйкес дөңгелекше  боялады.
3) «Туған жылы — Год рождения»  секторында оқушының туған жылының соңғы екi санының дөңгелекшелерi боялады.
4) «Ұлты-Национальность» секторында ұлттар анықтамалығына сәйкес оқушының ұлтының санын көрсететiн дөңгелекшелер боялады. Мысалы:            01 — қазақ,  02 — орыс  және  т.б.
5) «Мектеп атауы — Название школы» секторында оқушы оқитын мектебiнiң атын және сыныбын баспа әрiптерiмен толтырады.
6) «Нұсқа-Вариант» секторында оқушылар сұрақ кiтапшасында көрсетiлген нұсқаның нөмiрiн көрсетедi. Сектор сұрақ-кiтапшасы таратылғаннан кейiн толтырылады;
Кезекшi тақтаға ұлттар кодын жазып қоюы керек.
Мысалы:

 

Мектеп атауы-Название школ

№56 Қабанбай  батыр атындағы орта мектеп_
____________________
____________________
____________________
____________________
___4 «А»__сыныбы_____

7)  4-сынып оқушылары үшiн МАБ бiр пән бойынша өткiзiледi. «Жауаптар секторы» секторында пән бойынша тапсырмалардың жауаптары белгiленедi. Тест тапсырмаларының саны — 20.
9-сынып оқушылары үшiн МАБ үш пән бойынша өткiзiледi. «Қазақ тiлi — Русский язык» секторында қазақ (орыс) тiлi пәнi бойынша тапсырмалардың жауаптары белгiленедi. «Шет тiлi — Иностранный язык» секторында шет тiлi пәнi бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады. Тиiсiнше шет тiлiнiң (ағылшын, немiс, француз) дөңгелекшесi көрсетiледi. «Дүниежүзi тарихы» секторында дүниежүзi тарихы пәнi бойынша тапсырмалардың жауаптары белгiленедi. Әрбiр пән бойынша тест тапсырмаларының саны — 30.


8) Әрбiр тапсырма  4-сыныптар бойынша ұсынылған төрт жауап нұсқасының, 9-сыныптар бойынша бес жауап нұсқасының тек дұрыс бiр жауабын таңдауды талап етедi. Тапсырманың екi немесе одан да көп жауабы боялса, жауап есепке алынбайды. Таңдаған жауапты осы пәнге арналған сектордағы тиiстi дөңгелекшенi толық бояу арқылы белгiлейдi. Пәндер бойынша жауаптар секторларын толтыру үлгiсi:

 

9) «Қолтаңба-Подпись» секторына оқушының қолы қойылады.
17. Жауап парағын қате толтырылған жағдайда басқа жауап парағы берiлмейдi.
18. Жауап парағының қызметтiк секторлары толтырылғаннан кейiн сұрақ-кiтапшалары таратылады. Оқушылар сұрақ-кiтапшасынан нұсқа нөмiрiн жауап парағына көшiрiп жазады және сұрақ-кiтапшасының мұқабасы баспа әрiптерiмен толтырылады. Барлық деректер тек баспа әрiптерiмен ғана жазылады.

7. ТЕСТIЛЕУДI ӨТКIЗУ

19. Тестiлеу басталғанға дейiн Министрлiк өкiлi аудиториялардың тестiлеу өткiзуге дайындығын тексередi, кезекшiлердi аудиториялар бойынша бөледi және акт бойынша тестiлеу материалдарын бередi (П-3 нысаны).
20. Оқушылар аудиторияға бiр-бiрден кiргiзiледi. Кезекшi оқушылардың сөмкелерiн, кiтаптарын және т.б. бөтен заттарын тестiлеу болатын аудиторияның алдында қалдыруын қадағалайды. Тестiлеу материалдары салынған қорап мемлекеттiк комиссияның қатысуымен ашылады.
21. МАБ материалдары салынған қорапта:

  • тестiлеу материалдарын ашу актiсi (П-2 нысаны);
  • жауап парақтары;
  • сұрақ-кiтапшалары;
  • тестiлеу аяқталғаннан кейiн емтихан материалдарын салуға арналған «Интервоид» пакетi болуы тиiс.

22. Егер қорапты ашқаннан кейiн, сұрақ кiтапшалары осы мектептiң оқыту тiлiне сәйкес келмейтiндiгi анықталса, ол туралы Министрлiктiң өкiлi ҰТО-ны хабардар етедi және тиiстi акт жасалады. Әрi қарай шешiмдi Министрлiк өкiлi мен мемлекеттiк комиссия Комитет және ҰТО-мен бiрлесе отырып, қабылдайды.
23. Емтихан материалдарын таратпас бұрын кезекшi оқушыларды тестiлеу кезiндегi ережемен тағы да бiр рет таныстырады.
24. Сұрақ-кiтапшаларын таратқанда қатар отырған оқушыларға бiрдей нұсқаның берiлмеуiн қадағалау керек.
25. Қызметтiк секторларды толық толтырғаннан кейiн кезекшi тақтаға тестiлеудiң басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар беру және түсiндiру жұмыстары тоқтатылады. Тестiлеу уақыты                4-сыныптар үшiн — 45 минут, ал 9-сыныптар  — үшiн 2 сағат 15 минут (әрбiр пәнге 45 минуттан). Сұрақ кiтапшаларын тарату және жауап парағының қызметтiк секторларын толтыру тестiлеуге бөлiнген уақытқа кiрмейдi.
26. Тестiлеу кезiнде кезекшiге аудиториядан шығуға болмайды,  ол оқушылардың тестiлеу кезiндегi тәртiп ережесiнiң сақталуын қадағалауы тиiс. Аудитория кезекшiсi оқушыларға әрбiр 30 минут сайын қанша уақыт өткенiн ескертiп отыруы керек.
Тестiлеу кезiнде аудиторияға бөгде адамдардың кiруiне қатаң тыйым салынады. Аудиторияға тек қана Министрлiктiң өкiлi мен МК төрағасы ғана кiре алады.
27. Тестiлеу аяқталғаннан кейiн тестiлеу материалдарын: жауап парақтары мен сұрақ кiтапшаларын кезекшi әрбiр оқушыдан жеке-жеке қабылдап алады. Оқушының оларды кезекшiге жауап берудi аяқтаған соң немесе тестiлеу уақыты бiткеннен кейiн тапсыруына болады. Кезекшi оқушының жауап парағының барлық қажеттi секторларының және сұрақ-кiтапшасының мұқабасының толық толтырылуын тексередi.
Кезекшi барлық оқушылардан тестiлеу материалдарын қабылдап алғаннан кейiн Министрлiк өкiлiне акт бойынша тапсырады.
28. Оқушылардың барлық жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) «Интервоид» пакетiне салынады және мөрленедi, ал сұрақ кiтапшалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) қорапқа салынады.
29. Министрлiк өкiлi МАБ нәтижелерiн өңдеу үшiн барлық тестiлеу материалдарын ҰБТӨП-ке жеткiзедi.

8. ТЕСТIЛЕУ НӘТИЖЕЛЕРIН БАҒАЛАУ

30. Тестiлеу нәтижелерiн бағалауды жүзеге асыру үшiн жауап парақтарын сканерленедi. Жауап парақтарын сканерлеу әрбiр мектеп бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Жауап парақтарын сәйкестендiру автоматты түрде және қолмен жүргiзiледi. Жауап парақтарының сәйкестендiрiлмеген деректерi қолмен сәйкестендiру жүргiзу үшiн жауап парақтарын сәйкестендiру хаттамасына түсiрiледi  (П-4 нысаны).
31. Қолмен сәйкестендiру аяқталғаннан кейiн жауап парақтарын сәйкестендiру хаттамаларының мәлiметтерiн базаға енгiзедi.
31.1. Тестiлеу нәтижелерiн бағалау жауап парақтарын сәйкестендiргеннен кейiн бiрден орындалады.
32. Тестiлеу нәтижелерiн бағалаудан кейiн МАБ нәтижесi бойынша 4-дана емтихан ведомосы шығарылады (мектеп әкiмшiлiгiне, АББ (ҚББ) бөлiмiне, Министрлiк өкiлiне және ҰБТӨП-ке).
33. Барлық мектептiң жауап парақтарын сканерлеп болғаннан кейiн тестiлеудiң нәтижелерi телекоммуникациялық желi арқылы ҰТО-ға жiберiледi.
34. Министрлiк өкiлi барлық МАБ жұмыстары аяқталғаннан кейiн Комитетке жазбаша есеп бередi, ал ҰТО-ға жазба түрде есеп бередi және барлық емтихан ведомостарын тапсырады.
35. Қорытынды файлды ҰТО-ға жiбергеннен кейiн ғана дұрыс жауаптар коды тиiстi парольды енгiзу арқылы ашылады.




Мемлекеттік аралық бағылауды өткізу ережесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N561 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 553 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген


Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі


1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі - МАБ) өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Ереже меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына жүреді.
3. Білім беру ұйымдарындағы МАБ-тың міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау болып табылады.
4. МАБ-ты өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.

2. Орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу
5. Орта білім беру ұйымдарында МАБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және бастауыш пен негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
6. МАБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
7. МАБ-ты дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында әрбір білім беру ұйымдарында мемлекеттік комиссиялар (МК) құрылады. МК құрамына облыстық білім басқармалары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, ата-аналар жұртшылығының, мектеп педагогтерінің өкілдері, сондай-ақ білікті педагогтер арасынан тағайындалатын хатшы кіреді.
МАБ-ты өткізудің белгіленген тәртібінің және оның технологияларының сақталуына бақылауды жіберілген Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
8. МК-ның төрағасы болып білім беру ұйымының басшысы тағайындалады.
Мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы ережені Министрлік бекітеді.
МК-ның құрамы МАБ-ты өткізу басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей МАБ-ты өткізу кезеңіне облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасы бастықтарының бұйрығымен бекітіледі.
9. МАБ Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзірлеген технология бойынша тестілеу нысанында, сондай-ақ Министрлік бекіткен жазбаша тапсырмалар бойынша өткізіледі.
МАБ-ты өткізу технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен келісіледі.
10. Тапсырмаларды жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде ҰТО әзірлейді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.
11. 9 (10) сыныптарда МАБ рәсімдеріне орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін - қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – орыс тілі және шет тілінің біреуі міндетті түрде енгізіледі.
МАБ өткізілетін басқа да оқу пәндерінің тізбесін жыл сайын Министрлік белгілейді.
12. МАБ-ты өткізу үшін әрбір тестілеу пәніне 45 минут беріледі.
13. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны бастауыш білім беру ұйымдарында –20, негізгі орта білім беру ұйымдарында – 30.
14. МАБ-тың нәтижесі әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
15. МАБ-тың нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі.
16. МАБ-ты тапсыру нәтижелері бойынша оқушылардың білім жетістіктері, егер ол Министрлік белгілеген шекті деңгей жалпы тест тапсырмаларының 30 % дұрыс жауаптарына тең болған жағдайда «игерді» деген белгімен бағаланады.
17. МАБ рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % білім алушылары шекті деңгейден өте алмаған орта білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары ағымдағы жылдың соңында кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатқан орта білім беру ұйымдарының аттестаттау қорытындылары бойынша ақпаратты Министрлікке береді.

3. Жоғары білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу
18. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында МАБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі - МЖМБС) кіретін жекелеген пәндерді білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында екінші курсты бітіргеннен кейін (медициналықта – үшінші курсты бітіргеннен кейін) жүзеге асырылады.
19. МАБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі.
Қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жоғары білім алу үшін жоғары оқу орындарындағы білім алушы студенттер және өнер мамандықтары бойынша білім алушы студенттер МАБ рәсімінен өтпейді.
20. Мамандықтардың тізбесін, пәндердің тізбесін, сондай-ақ МАБ пәндері бойынша тест тапсырмаларының спецификациясын Министрлік бекітеді.
21. МАБ-ты өткізу үшін мамандықтарды есепке ала отырып, үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде МЖМБС-тың міндетті компонеттерінің пәндері бойынша әзірленген тест тапсырмалары қолданылады.
22. Тест тапсырмалары Сараптама кеңесінде МЖМБС-ға сәйкестігіне сараптамадан өтеді. Сараптама кеңесі туралы ережені және оның құрамын Министрлік бекітеді.
23. Министрлік базасында МАБ өтетін жоғары оқу орындарының тізбесін (бұдан әрі – базалық жоғары оқу орны) белгілейді, ол білім беру ұйымдарының назарына МАБ-ты өткізгенге дейін кемінде бір ай бұрын жеткізіледі.
24. Жергілікті жерлерде МАБ-ты ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
Әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Мемлекеттік және апелляциялық коммисиялардың жұмысы туралы ережелерді, мемлекеттік комиссияның құрамы мен апелляциялық комиссиялардың төрағаларын Министрлік бекітеді.
25. МАБ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен келісілген және Министрлік бекіткен, БТМСҰО әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) нысанында 5 пән бойынша өткізіледі.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, 5 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 180 минут бөлінеді.
МАБ-тың нәтижелері әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
26. Тестілеу қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.
27. Тестілеудің нәтижелері тестілеуге қатысқан студенттердің назарына ол аяқталғаннан кейінгі 24 сағат ішінде жеткізіледі.
28.Тестілеу нәтижелерімен келіспеген студент апелляцияға өтініш бере алады.
Апелляцияға өтініш тестілеудің қорытындысы хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі. Өтінішті апелляциялық комиссия апелляция бергеннен кейін бір тәулік ішінде қарайды.
29. Тестілеу нәтижелері бойынша егер медициналық мамандықтар бойынша шекті деңгей жалпы тест тапсырмаларының 60 % дұрыс жауаптарына, барлық қалған мамандықтар бойынша 40 % -ға тең балл жинаған студенттер сынақтан өтеді.
МАБ қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия есеп жазады, 10 күнтізбелік күн ішінде Министрлікке ұсынады. Есепке топтар бойынша емтихандық тізімдеме қоса тіркеледі.
30. Білім беру ұйымы білім алушылардың тізімдік құрамының кемінде 70 %-ының қатысуын қамтамасыз етуі керек.
31. Студент тестілеуге келмеген жағдайда оның емтихандық тізімдемесіне «келген жоқ» деген белгі қойылады.
32. МАБ-тың негізгі рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % білім алушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.