«Балапан» бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат

2010-2014 жылдарға «Балапан» балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамсыздандыру бойынша Бағдарламаны және 2011 жылға Солтүстік Қазақстан облысындағы Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын  жүзеге асыру мақсатында 3602 орынның, соның ішінде 880 орын 3 балабақшаның құрылысы есебінен: Қызылжар, Тайынша аудандарында 280 орын және Петропавл қаласында 320 орын және 2722 орын жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтардың ашылу есебінен ашылуы, жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды ұлғайту жоспарланды. Жылдың аяғына қамту пайызы 75,7%-ке жетуі қажет.
2011 жылдың қаңтардан бастап қыркүйекке дейін 300 орынға 15 мектепке дейінгі ұйымдар, соның ішінде М. Жұмабаев ауданының Қарағоға ауылында 75 орынға 1 балбақша, 225 орынға жалпы білім беретін мектептер жанындағы мектептерде 14 шағын орталық ашылды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды ұлғайту есебінен 646 орын енгізілді. Облыс бойынша барлығы 946 орын, соның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 546 орын ашылды.
Айыртау ауданында 88, Шал ақын ауданында 25, Қызылжар ауданында 208, Тимирязев ауданында 15, Аққайың 10, Тайынша 415,  М. Жұмабаев 75, Уәлихан ауданында 110 орын енгізілді. Облыс аудандарында барлық жоспарланған шаралар толық көлемде орындалатын болады.
Петропавл қаласы бойынша күрделі мәселенің бірі мектепке дейінгі орындардың ашылуы. 
Қалалық білім бөлімінің мәліметтері бойынша 2011 жылдың соңына дейін  жоспарланған 1963 орынның тек 1040 орын ашылады, қала бойынша мектепке дейінгі орындардың жетіспеушілігі  9904 орынды құрайды.
Осыған байланысты білім басқармасы Бағдарлама шараларын сапалы және дер кезінде орындау, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру объектілерін пайдалануға дер кезінде енгізу, оларды жабдықтау және бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша Петропавл қаласының әкіміне хат жолданды.
2011 жылдың 1 қыркүйегінде облыстың мектепке дейінгі мекемелердің желісі 552 құрайды. Соның ішінде 63 балабақша,  1 «Мектеп-балабақша» кешені және 488 шағын орталық. Онда 19 793 бала тәрбие алады. Балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту 69,3% құрайды.
Облыстың мектепке дейінгі мекемелері педагогикалық кадрлармен қамтылған. Республикалық бюджеттен мектепке дейінгі мекемелердің педагог кадрларын қайта даярлау үшін 36 млн.теңге бөлінді. Осыған байланысты білім басқармасы М. Жұмабаев атындағы Гуманитарлық колледжінің негізінде кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың мамырынан бастап қыркүйек айына дейін мектепке дейінгі мекемелердегі 577 педагог қайта даярланды.

Ақпарат тәртібінде енгізіледі.


2011 жылы ашылатын мектепке дейінгі мекемердің жоспары

Скачать


Мектепке дейінгі мекемелер ашылу мониторингі

Скачать