Солтүстік Қазақстан облысы

1. 2010 жылы «Балапан» Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша (одан әрі - «Балапан» бағдарламасы)
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста                  180 мектепке дейінгі шағын орталық құрылды, 5  балабақша, оның ішінде 3 басқа да ғимараттар мен үйлерді қайта беру есебінен және 2 жеке меншік балабақша ашылды.  Петропавл қаласындағы № 26 жалпы білім беретін мектебінде  мектеп-балабақша кешені қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 28 мамырындағы
№ 488 қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру үшін 4,131 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 4,131 млрд. теңге.  Оның ішінде 2010 жылы 0,711 млрд. теңге бөлінді және  0,534 млрд. тенге игерілді.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2011 жылдың басында 538 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде – 61 балабақша, 1 мектеп-балабақша кешені  және 476 мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен шағын орталықтар 18 887  балаға қызмет көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту туралы
1991 жылы 973 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. 90-шы жылдардағы  оңтайландыру нәтижесінде балабақшалар желісі 2000 жылдың басына қарай 26 бірлікке дейін қысқарды.
Солтүстік Қазақстан  облысының мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 30.09.2000жылғы №448 Жарлығымен бекітілген «2000-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік «Білім беру» бағдарламасы» қабылдағаннан кейін қайта жандана бастады. Өткен жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдарды белсенді түрде дамыту «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіліп келеді.
Қорыта келе, 2000 жылдан бастап облыста 512 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 36 балабақша (оның ішінде 36 балабақша- құрылысын салу пен қайта құру есебінен) және 476 мектепке дейінгі шағын орталық. Осыған байланысты 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2011 жылдың басында 66,2 пайызды құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылы- 52,1 %, 2000 жылы – 5,7 % болған еді.

Петропавл қаласы

1. 2010 жылы «Балапан» Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша (одан әрі - «Балапан» бағдарламасы)
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Петропавл қаласында 16 мектепке дейінгі шағын орталық құрылды, 2 жеке меншік балабақша және 26 орта мектебінің базасында мектеп-балабақша кешеңі ашылды.  
Бұдан басқа, коммуналдық меншіктегі «Петушок» балабақшасының бір бөлігі босатылып 100 орын қосымша ашылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 28 мамырындағы №488 қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру үшін 0,944 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 0,942 млрд. теңге, жергілікті- 0,002 млрд. теңге.   Оның ішінде 2010 жылы 0,172 млрд. теңге бөлінді және 0,091млдр. теңге  игерілді.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2011 жылдың басында 40 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде – 23 балабақша, 1 мектеп -балабақша кешені  және 16 мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен шағын орталықтар 6340 балаға қызмет көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту туралы
1991 жылы Петропавл қаласында 81 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. 90-шы жылдарғы оңтайландыру нәтижесінде  балабақшалар желісі 2000 жылдың басына қарай бірлікке дейін қысқарды.
Петропавл қаласының мектепке деййігі тәрбие беру жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 30.09.2000 жылғы № 448 Жарлығымен бекітілген «2000-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік «Білім беру облысының мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 30.09.2000жылғы №448 Жарлығымен бекітілген «2000-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік «Білім беру» бағдарламасы» қабылдағаннан кейін қайта жандана бастады. Өткен жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдарды бесенді түрде дамыту «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіліп келеді.
Қорыта келе, 2000 жылдан бастап облыста 27 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 10 балабақша (оның ішінде құрылысын салу пен қайта құру есебінен) және 16  мектепке дейінгі шағын орталық. Осыған байланысты 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2011 жылдың басында 59,3 пайызды құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылы- 53,6 %, 2000 жылы – 3,2% болған еді.