Мазмұны

 

 

Бет

1

Миссия және пайымдау 

3

2

Қызметтің даму тенденциясы және ағымдағы жағдайды талдау

3

3.1

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер,  нысаналы  индикаторлар, іс-шаралар жәненәтиже көрсеткіштері   

10

3.2

Мемлекеттің стратегилық мақсаттарына стратегиялық бағыттардың және мемлекеттік орган мақсаттарының сәйкестігі

26

4

Функционалды мүмкіндіктерді дамыту

25

5

Ведомство аралық өзара әрекеттестік

30

6

 Қатерлерді басқару

36

7

 Бюджеттік бағдарламалар

37

 

Бөлім 1. Миссия  және пайымдау

Миссиясы: Білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсуіне сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту.
Пайымдауы: Білімнің жоғары сапасы және адам капиталының даму денгейі халықаралық индикаторларға және стандарттарға сәйкес келетін болады. 

 

Бөлім 2. Қызметтің даму тенденциясы және ағымдағы жағдайды талдау

Стратеги ялық бағыт

Сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету

Қызмет саласы дамуының негізгі өлшемдері

Өңірдегі білім берудің  тұрақты жүйелі дамуы туралы оны ұстауға жұмсалған мемлекеттік шығыстардың тұрақты өсуі айғақтайды: 2007ж. – 18,7 млрд.теңге, 2008ж. – 20,7 млрд. теңге, 2009ж. – 24,4 млрд. теңге, 2010ж.- 26млрд.теңге.
Облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 2005 жылдан 2010 жылғы дейін 490 бірлікке артып (мектепке дейінгі шағын орталықтарды ескере отырып), 2010 жылғы есептік кезеңге 531 бірлікті құрайды. “Балапан” бағдарламасын қабылдау нәтижесінде облыс бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 2009 жылғы  кезеңнен бастап 21,3% артты және 2010 жылғы есептік кезеңге 63,0 % құрайды.
 Білім беретін мектептер жүйесі анық даму тенденция ие: 2009 жылы -1198 бірлік, 2010 жылы -1369 бірлік. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 2010 жылдың аяғына 611 күндізгі жалпы білім беру мектептері, 535 мектепке дейінгі балалар ұйымы, 7 коррекциялық мектеп-интернаттар, 3 мемлекеттік емес мектеп, 32 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оқушылардың жалпы контингенті 78243 адамды құрайды ( 2005 жылы – 102,4 мың адам). Оның ішінде қазақ тілінде оқитын мектептер саны – 148, орыс тілінде – 354, аралас мектептер саны – 109.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулы талаптарына контингеті жауап бермейтін 90 мектеп жұмыс істеді: оның ішінде: бастауыш – 4, негізгі – 47, орта – 39.
2010 ж. осы тектес мектептер саны 101 бірлікке жетті.
Демографиялық ахуалдың салдарынан оқушылар контингенті 2008 жылы  90,2-ден  84,8 мың балаға кеміді, 2009 жылы             84,8 –ден, 80,8 –ге кеміді, 2010 жылы 80,8-ге 78,2 мың балаға кеміді.
12 жылдық модель білім бағдарламасына ауысу кезінде оқыту үшін Айыртау ауданы Саумалкөл с., Тайынша ауданы   Тайынша қ., Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимка с., Жамбыл ауданы Пресновка с., Қызылжар ауданы Бескөл с. және Петропавл қаласында  мектеп-интернаттар  салу қажет.
Аудан орталықтарының мектептерінде М.Жұмабаев ауданы Булаево с., Аққайың ауданы Смирново с., Есіл ауданы Явленка с., Уәлиханов ауданы Кішкенекөл с. 150-200 орындық жатын корпусын салу қажет.
Әрбір мектеп кең жиекті Интернет желісіне қол жетімділікке ие, ол бір қосылуда бүкіл аудиторияға жұмыс істеуге мүмкіндік береді.    2009 жылы  1:12 (2007 жылы 1:16), 2010 жылы – 1:9 құрады.
Облыста оқушылар орнына деген зәрулік жоқ.
Қосымша білім беру мекемелерінің жүйесі артуда – 34 мектептен тыс мекемелер (балалар шығармашылық орталығы, музыкалды мектептер, жас натуралистер станциясы, өнер мектептері, аула клубтары және т.б.) контингенті 16,4 мың оқушыны құрайды.
2010 жылы өз танымдық мүдделері және бейімділіктеріне сәйкес  оқушылардың 34,5 пайызын қамтыған 34 қосымша білім ұйымдары, 26 БЖСМ жұмыс істеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар 7 қосалқы мектептерде оқиды, оқушылар контингенті 1021 адамды құрайды. Облыста                     3 психолого-медико-педагогикалық консультация және 9 психолого-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) жұмыс істейді.
2010 жылы облыста 21 интернаттық үлгідегі мекеме жұмыс істейді, онда 3,9 мың тәрбиеленуші оқытылып тәрбиеленеді, оның ішінде 686 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 7 интернаттық мекеме.
2010 жылы облыста 21 интернатты типті  мекеме қызмет етеді, оларда 3,9 мың тәрбиеленуші білім алып тәрбиеленеді, соның ішінде 686 жетім және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған бала және мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін 7 интернатты мекеме.
Егер 2005 жылы материалды-техникалық базаны нығайтуға   білім беру мекемелеріне бюджеттен 415,4 млн. теңге бөлінген болса, онда 2010ж. сома  531,8 млн. теңгеге дейін артты, яғни 1,3 есе артық; ауылды жерде орналасқан білім беру мекемелері үшін 414 млн. тенге бөлінген, жаңа типтегі биология және лингафонды-мультемедиялық кабинеттерді алу үшін республикалық бюджеттен 413,3 млн. тенге бөлінген. 
2005 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде жергілікті бюджет есебінен апаттық мектеп орындарына 8 мектеп салынды, осыған лайықты мектеп ғимараттарының саны 86 бірлікке кеміді (2011 ж. басына – 30% ).  2010 жылы апаттық жағдайдағы мектепрдің саны 1 бірлікті құрайды. Үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер және оқушы орынының тапшылығы жоқ. Облыстың барлық өңірінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі сақталуда. Лайықсыз ғимараттарда орналасқан ең көп мектептер үлесі Айыртау, Қызылжар,Шал ақын, Жамбыл, М.Жұмабаев, Есіл аудандарында. 
Компьютер техникасының тозуы  жаңарту қажеттілігіне жағдайласты 2010 ж. аяғына 25,8%. Алайда ақпараттандыру көрсеткіштерінің жақсаруы көзделген. Егер 2005 жылы облыс мектептерінде 4305 компьютер ессепке алынса, 1 компьютерге 22 оқушы, ал 2010 жылы барлығы 9 418 компьютер, компьютермен қамтамасыз ету 1 компьютерге 8,3 оқушыға жетті.
2010 жылы лингофонды-мультимедиялық кабинеттермен 230 (37,6%)  мектеп жабдықталды (2005 ж. – 28 мектеп).
2005 жылы Интернеттке 485 мектеп (68,2%) қосылған болатын, 2006 жылдан бастап Интернетке 100% мектеп қосылды. 2005 жылдан бастап кең желілі Интернетке қосылу басталды, онда 69 мектеп қосылған болатын (10%). 2010 жылы 203 мектеп қосылды (33%).
2005 жылы облыс мектептерінде алғашқы рет 28 интерактивті тақта орнатылған болатын. 2010 жылдың аяғына облыстың 323 мектебінде 745 интерактивті тақта орнатылды. Қашықтық оқытудың жер серігі каналына 2 мектеп қосылған, ол 3,3% құрайды.
Орта және техникалық білім беру жүйесіне электронды оқыту (e-learning) енгізілетін болады.

         1.3. Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ)
1.3.1) Қызмет саласы дамуының негізгі өлшемдері
Облыста 32 техникалық және кәсіптік білім ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 25-мемлекеттік, 7-жеке меншік. Онда 18,1 мың оқушы оқиды. Соның ішінде бюджеттік негізде -9,2 мың адам немесе жалпы контингенттің 50,8%. Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушылардың саны 628 адамға кеміді. Негізгі себеп –жалпы білім беретін мектеп түлектерінің азаюы. Мемлекеттік тілде 1,7 мың адам оқытылады немесе жалпы контингенттің 9,4% (2009ж.-1,6 мың адам).
Жыл сайын облыс әкімінің қаулысымен кадрларды даярлауға мемлекеттік білім тапсырмасы орналастырылады: 2008ж.-3073 оқушы, 2009ж.-4355 оқушы (14,2% өсті), 2010ж.-3760 оқушы (13,7% азайды). 2011 жылдан мемлекеттік тапсырыстың 10 % жалпы ұлғаюы  көзделуде. Сонымен қатар типтілік жастағы тұрғындарды (14 жастан 29 жасқа дейін) техникалық және кәсіптік біліммен қамту 2010 жылы 12,2 пайыздан 2014 жылы 15,6% дейін өседі.
2010 жылы Жол картасы бойынша 400 оқушы республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданды. Еңбек нарығының сұранысын ескере отыра, сұранысқа ие мамандықтар ашылды: «қалалық  қатынас жолдарының құрылысы және пайдалануы», «сумен қамтамасыз ету және суды тарату құбырлары жүйесін тазарту», « электрлік және электрмеханикалық жабдықтар (түрлер бойынша)».
2010 жылы 6020 білікті кадрлар дайындалды оның ішінде 3270 адам (54,3%) бюджеттік негізде оқыды. Түлектердің жалпы жұмыспен қамтылуы 93 пайызды құрайды, оның ішінде жұмыс орындарында еңбекке 66,8 пайызы тартылды (2009ж.-69,2 %).
1810 түлек тәуелсіз сапа бағасынан өтті, оның ішінде 1525 оқушы (85%) маңызды денгейден өтті. 2014 жылдан бастап тәуелсіз сапа бағалауынан барлық кәсіптік лицейлер мен колледждер түлектері өтетін болады.
Үстіміздегі жылы  талаптары сәйкес сертикат ТС  Қазақстан Республикасы  ХСҰ 9001-2001 сапа менеджмент жүйесін Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж, Петропавл  теміржол көлігі колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж алды. 2009 жылы 6 кәсіптік лицей және 2 колледж аттестациядан табысты өтті. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде курстарда 4244 адам дайындалды, оның ішінде жұмыс берушінің есебінен- 47, жеке келісім бойынша- 2808, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 928, жол картасы бойынша -1389 адам. Былтырғы жылмен салыстырғанда курстық даярлықпен қамту 812 адамға кеміді.
Облыста кәсіптік жұмыс кадрларын бірлесе даярлауға жұмыс берушіні  тарту, аймақта еңбек нарығында жоғары білікті мамандармен   қажеттілікті қанағаттандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.
2010 жылы 644 шарт жасалды, оның ішінде 74- үш жақты, 570- екі жақты. Жұмыс берушінің және оқу орынның арасында шарттардың негізгі тармақтары өндірістік машықтануды өту жағдайы, оқу орындарының материалды-техникалық базасын нығайту, түлектерді еңбекке орналастыру болып табылады.
Материалды-техникалық базасын нығайтуға жұмыс берушілерді тарту және оқушылардың даярлық сапасын көтеруге көмек көрсету  бойынша жұмыс жалғасуда. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін кәсіптік лицейлердің және колледждердің материалды-техникалық базасын нығайтуға жұмыс берушілермен  сәйкесінше 11,7:13,7:1,2 млн.теңге жіберілді.
2009 жылы қаржыландырудың жалпы көлемінен жұмыс берушінің тартылған қаражатынан үлесі 0,08% құрады, ал келесі жылдары: 2010ж.-0,1%, 2011ж.-0,3 %, 2012ж.-0,4%, 2013ж.-0,4 %, 2014ж.-0,5%, 2015ж.-0,8% құрайды.
Жылдан жылға  кәсіптік лицей және колледж педагог жұмысшыларының кадрлық әлеуеті артуда: 2009ж.-3%, 2010ж.-3,5%. Бірақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жоғары кәсіптік білімді мамандардың қажеттілігі байқалады.
2010 жылы біліктілігін арттыру курстарынан 232 адам өтті, немесе инженерлі-педагог жұмысшыларының жалпы есебінен 15%. Жақын шетелде біліктілігін көтеру курсынан 1 колледж оқытушысы өтті. РжКБ инженер-педагог жұмысшыларының үлесі, біліктілігін көтеруден және қайта даярлаудан өткен 2010ж.-15% құрады.

    • Негізгі мәселелерді талдау

Мектепке дейінгі жастағы балаларды білім беру қызметімен толық емес қамту   өзекті сұрақтардың бірі болып қалады.   Мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың жоқтығы Петропавл қаласында бақалады ( 59,3%).
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық база жағдайы жаңа талаптарға сәйкес келмейді:611 мектептен 70 пайызы типтік ғимаратта орналасқан, 30пайызы ыңғайластырылғанда, 1 мектеп апаттық жағдайда, күрделі жөндеуді қажет ететін -27 пайыз.  
Мамандардың біліктілігі денгейіне  біліктілік талаптар жаңартуды талап етеді, олар жаңа өндіріс технологияларына кейде сәйкес келе бермейді.
2005 жылдан бастап республикалық бюджет қаражатының маңызды жеткізулеріне қарамастан облыстың тек  40% мектебі лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.
2006 жылдан бастап жаңа модификациялы физика кабинеттерінің 4 есеге артуына қарамастан мектептердің оқу кабинеттерімен жабдықталу деңгейі өзгеріссіз: негізгі және орта мектептердің жалпы санынан физика – 26%, биология – 17% .
Мамандар біліктілігінің деңгейі біліктілік талаптардың жаңаруын талап етеді, өйткені олар өндірістік жаңа технологияларға сәйкес келмейді. 
Өндірісте оқытушылардың біліктілігін арттыру және сынақ жүйесі заманауи талаптарға сай келмейді. Инженер-педагогикалық қызметкерлердің төмен статусы жоғары білікті кадрларды тартуға жол бермейді.
Елдің индустралды-инновациялық дамуы үшін кәсіби кадрларды дайындау қажеттілігінде туындаған біршама мәселелер бар:
- ұзақ мерзімді кезеңге кадрлар қажеттілігін болжау жүзеге асырылмайды;
- кадрларды дайындауда жұмыс берушілерді тарту үшін нормативті-құқықтық база жеткіліксіз;
- өнеркәсіпте өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және ТжКБ оқу орындарында оқитындардың сынақ сұрақтары шешілмеген.  
Облыста моралды және физикалық ескірген компьютерлік техника көп жинақталған. 9 418 ПК:

  • жаңа техниканың (2004 ж. жеткізуден кейін) 5 504 бірлігі (58,4%);
  • ескірген техниканың 1 484 бірлігі (16 %), жұмыстан шығу мерзімі 6-7 жылдан асады (2004ж. дейінгі жеткізу).
  • Компьютерлік техниканың 2 430 (26%) бірлігі ауыстыруды талап етеді.

Осылайша, КТ тозу пайызы 42% құрайды. Облыс мектептеріне компьютерлік техникаларды алу санын жыл сайын арту қажет.
Жалпы білім беру мектептерін кең жолақты Интернет желісімен қамтуды арттыру бойынша жұмыстарды жақсарту қажет. 2011 ж. 1 қаңтарда кең жолақты Интернетке 203 мектеп қосылған (33%).
Мектептерді жергілікті бюджет есебінен интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету. Облыс бойынша республикалық бюджет есебінен 84 мектеп жабдықталған, олар интерактивті ақпараттық-білім беру ортасына және ADSL технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікке енеді.
Интерактивті жабдықтармен және Eluminate лиценциясын бағдарламамен қамтамасыз ету заманауи қызмет етуі бойынша бақылауды күшейту қажет.
- проектор лампыларын уақытылы ауыстыру,
- жаңа лампыларды алу қаражатын қарастыру,   
-жабдықтардың гарантиялық жөндеу қаражатын қарастыру,
- барлық интерактивті мектептер үшін Eluminate лиценциясын алу қаражатын қарастыру.
Мектептерде қашықтық оқыту ұйымы болып табылатын, 1-11 сыныптарды электронды оқулықтармен қамтудың аса төмендігі. Осы жылдар ішінде мектептердің 98 820 бірлік   электронды оқулықтармен қамтылу қажеттілігінде тек қана 16 372 электронды оқулық (16,6%)  алынған.
Электронды оқыту жүйесінің республикалық бағдарламасын енгізу аясында орта және кәсіптік білім берудің барлық ұйымдары үшін веб-қорлардың жұмыс істеу құралдарын қарастыру.

 

    • Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Ішкі  факторлар

Облыстың ауыл-шаруашылық әлеуметтік экономикасының өзгеруінен жұмысқа қабілетті халықтың республикамыздың өзге өңірлеріне көшу байқалады; 

  • техникалық және қызмет ету еңбегінде кадрларды дайындауда жұмыс берушілердің мүддесіздігі;
  • жергілікті бюджет есебінен ТжКББ қаражаттандыру көлемінің жеткіліксіздігі;  
  • ұзақ мерзімді кезең кадрларына қажетті болжам әдісінің болмауы.
  • Педагогика ғылымын дәстүрліден білікті оқытуға дамыту заманауи мұғалімдердің қайта кәсіптік біліктілігін қажет етеді білікті педагогикаға мазмұнды фокустаумен, мұғалімдерді дайындау парадигмасын өзгерту. 

Сыртқы факторлар

Шағын жинақталған мектептердің артуы (87,7 пайыз) және оқушылар контингенті бекітілген нормадан төмен мектептер –      101 бірлік (2009-90 бірлік).
Білім беру басқармасының орталықтандыру жүйесі Стратегиялық жоспардың индикаторларына, көрсеткіштеріне, мақсаттары мен міндеттеріне жеткізбеуі мүмкін. Осы мақсатта білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру жүргізілетін болады (қамқорлық Кеңестері, басқарудың аумақтық органы және басқалар).
Білім беру сапасының төмендеуі білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру, білім беру мазмұны, кадрларды дайындау жолымен қайшы келетін болады.
Стратегиялық жоспар индикаторларына, көрсеткіштеріне, мақсат, міндеттеріне жетпеу басқа облыстық ведомстволардың жағымсыздығынан және мүддесіздігінен туындауы мүмкін – Стратегиялық жоспарды іске асыруда орындаушылар. Осы мақсатта ведомство аралық үйлестіруді күшейту бойынша білім басқармасы іс-шараларын әзірлеу қажет. Білімді сырттай бағалау үдерісіне (мектептер мен ЖОО ҰБТ, МАБ) мүдделі тұлғалардың сырттан араласуы ҰБТ, МАБ, тұтастай білім беру сапасын бағалау нәтижелерін бұрмалау себептері болуы мүмкін. Сондықтан тестілеу үдерісін қатаң бақылау қарастырылған.

ТжКББ ішкі факторлары:
- бөлек аудандарда ауыл жастары үшін ТжКББ жеткіліксіздігі;
- жатақханаларда орындардың жетпеуі;
- төмен материалды-техникалық база;           
- еңбек ақының төмен деңгейінен ТжКББ жүйесінен инженер-педагог қызметкерлердің кетуі;
- білікті оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің жеткіліксіз деңгейі.

 

2.1. Стратегиялық бағыт 2

Балалар мен жастар дамуы үшін жағдайлар жасау, оларды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту

2030 жылға дейін Қазақстанның Стратегиялық даму кезеңін әрі қарай іске асыру мақсатында стратегиялық бағыт ретінде балалар өмірінің сапасын әлеуметтік және құқықтық  кепілді қамтамасыз ету. 
Бала өмірінің сапалық құқықтық кепілдіктерін және қажетті әлеуметтік қамтамасыз етуді тоқтататын негізгі мәселелер, балалардың әлеуметтік және құқықтық қорғауды іске асыратын білім беру мекемелерін толық көлемде қаржыландармау.

2.2. Стратегиялық бағыт 3

Білім беру жүйесін басқару және қаражаттандыру тиімділігін арттыру

2030 жылға дейін Қазақстанның Стратегиялық даму кезеңін әрі қарай іске асыру мақсатында стратегиялық бағыт ретінде білім беру жүйесін басқару және қаражаттандыру тиімділігін арттыру анықталған.
Басқару әсерлілігін және қаржы жүйесін арттыруды, қаржы жүйесінің жетілмегендігі,  тоқтататын негізгі мәселелер, менеджментті толық дамытпауы.     

Скачать и смотреть документ полностью