2010 ж.16.02 №97

Мектеп оқушылары арасында шығармалар байқауын өткiзу туралы

Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының 2010 жылғы 12 ақпанындағы №03-17-01-20/133 хатының негiзiнде және Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк Қоры Ұлы Жеңiстiң 65 жылдығы мен Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай қазақ мектептерiнiң оқушылары арасында өткiзiлетiн «Ерлiк және Жеңiс» тақырыбына эссе жазу байқауын және елiмiздегi ұлтаралық, этносаралық, дiнаралық келiсiмнiң маңыздылығын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi тақырыбына арналған өзге тiлдi мектеп оқушыларының арасында «Елiмiз Еуропа төрiнде» атты шығарма жазу байқауын жариялауына байланысты

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Аудандық, Петропавл қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң басшылары, мектеп-интернат директорлары:
    • шығарма жазу байқауларына мектеп оқушыларының белсене қатысуын қамтамасыз етсiн;
    • қатысу туралы өтiнiштi СҚ ПКБА ҚДИ-на 2010 жылдың 1 наурызына дейiн, жазба жұмыстарды 15 сәуiрге дейiн электрондық пошта арқылы тапсырсын;
  2. СҚ ПКБА ҚДИ директорының м.а А.К.Қарабатырова:
    • шығармалар байқауын өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетiн;
    • жазбаша жұмыстарды бағалау және iрiктеу үшiн қазылар алқасын құрсын;
  3. Берiлген бұйрықтың орындалуын бақылау бiлiм басқармасы бастығының орынбасары Ш.Кариноваға жүктелсiн.

Басқарма бастығы Т.Әбiлмәжiнов