Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 Қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 19, 148-құжат

 

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының бiлiм, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      2) «Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      3) «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      4) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      5) «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      6) «Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      7) «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      8) «Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруi» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Скачать и прочитать