Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 03 тамыздағы № 312-313 (26156); "Казахстанская правда" от 7.09.2010 г., № 234 (26295); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 44, 401-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi бекiтiлсiн.
      2. Орталық мемлекеттiк органдар екi ай мерзiмде осы тiзiлiмге енгiзiлген мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

 

Скачать и прочитать