Өтiнiш бойынша үлкен және кiшкентай затты көрсетудi үйретiңiз

1. Бiр үлгiдегi заттардың үлкен және кiшкентай нұсқаларынан (үлкен және кiшкентай конверттер, қарындаштар, тастар, бәтеңкелер, күртелер, тәрелкелер, мәшинелер, орындықтар, печеньелер және т.б.) коллекция жинақтаңыз.

Бiр апта бойы үлкен және кiшкентай заттарды балаға өзiңiз көрсетiңiз және айтып отырыңыз. Содан кейiн баладан үлкен және кiшкентай заттарды көрсетудi өтiнiңiз.

Баланың алдына үлкен және кiшкентай қарындаштар қойыңыз. Одан қағаз бетiне үлкен қарындашпен сызық сызуды өтiнiңiз. Табысты орындалған жағдайда баланы мақтап қойыңыз. Басқа да заттармен қайталаңыз.

2. Баладан үйдегi үлкен және кiшкентай заттарды табуды өтiнiңiз.

3. Осы ұғымдарды қимылмен бекiтiңiз: балаға үлкен және кiшкентай қадамдар, үлкен және кiшкентай секiрулер жасауды, үлкен және кiшкентай орындыққа отыруды ұсыныңыз.

Бiр түстi 4-5 сақинадан тұратын пирамиданы жинауды үйретiңiз

Баланың алдына кему бағытына қарай жиналған пирамиданы қойыңыз.

Шашуды ұсыныңыз. Алдымен қақпағын, сосын сақиналарды алуды үйретiңiз. Бала пирамида жинауды бiлгеннен кейiн оған ауызша нұсқаулар берiңiз: “Ең үлкен сақинаны алып, таяқшаға кигiз”. Қалған сақиналардан ең үлкенiн тағы тауып, өзекке кигiзедi. Осылай бүкiл пирамида (ең үлкен сақинадан ең кiшкентайына дейiн) жиналуы тиiс.

4 матрешкадан тұратын марешкаларды жинауды үйретiңiз.

Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинаған сайын бала сiздiң қимылдарыңызды қайталап көшiредi.

Бала матрешканы жинап жатқанда оған ауызша нұсқаулар берiңiз: Ең кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Ендi қалғандарының iшiнен ең кiшкентай матрешканы тап та, кiшкентайын ана үлкенiне сал.

4 матрешкадан тұратын матрешкаларды жинауды үйретiңiз.

Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинаған сайын бала сiздiң қимылдарыңызды қайталап көшiредi.

Бала матрешканы жинап жатқанда оған ауызша нұсқаулар берiңiз: Ең кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Ендi қалғандарының iшiнен ең кiшкентай матрешканы тап та, кiшкентайын ана үлкенiне сал.

Егер сiз 5 матрешкадан тұратын матрешканы қолданатын болсаңыз, балаға алдымен бастапқы екi ғана матрешка берiңiз. Көлемi бойынша одан кейiнгi матрешканы ол өзi тапсын. Бұл оған оңай болады, өйткенi аз заттың iшiнен таңдауға тура келедi.

Матрешканы пайдалану мiндеттi емес, осы қағидамен құрылған басқа ойыншықтарды да алуға болады (жұмыртқалар, бөшкелер).

Геометриялық фигураны оның суреттегi бейнесiне таңдап алуды үйретiңiз.

Бастар алдында балаға не iстеу керек екенiн көрсетiңiз. Допты және доп салынған суреттi көрсетiңiз. Баладан соны жасауды өтiнiңiз.

Шеңберлердi, шаршыларды және үш бұрыштарды алыңыз. Бала пiшiндi таңдап алмаса болмайды. Бастағанда балаға көк шаршыларды суретi салынған көк шаршыларға iрiктеуге берiңiз, түсi қосымша көмек болсын. Бала пiшiндердi осы пiшiндердiң салынған суреттерiне iрiктеп үйренгеннен кейiн осы пiшiндердiң боялмаған (контурлық) сұлбаларына көшiңiз.

Заттарды түсi бойынша iрiктеудi үйретiңiз.

Қызыл және ақ екi түстен бастаңыздар; қызыл және ақ түстi бiрнеше кубты iрiктеп алыңыз. Кубтарды екi үймеге бөлiңiз: қызылдарын бiреуiне, ақтарын екiншiсiне. “Қызылдарын мына жаққа, ақтарын мына жаққа”, — деп айта отырыңыз.

Балаға кубтарды түсi бойынша өзi орналастыруды ұсыныңыз. Қажет болса, оның қолын бағыттаңыз, кубтарды үймеге дұрыс орналастыруға көмектесiңiз.

Сосын сiздiң өтiнiшiңiз бойынша қандай да бiр түстегi кубты көрсетудi үйретiңiз. Айналадағы басқа да тұрмыс заттарын пайдаланыңыз.

Бала түстердi атауы бойынша ажыратуды үйренген кезде одан алдымен түстердi сiзден кейiн қайталауын, сосын өзi атауын өтiнiңiз.

Бала екi түстi меңгерген кезде тағы бiр көк қосыңыз, сосын бiр-бiрден: сары, жасыл, қара түстердi қосып отырыңыз.

Балаға сызықтар сызуды үйретiңiз.

Борды, жуан қарындашты, түрлi-түстi қарындаштарды, маркерлер мен фломастерлердi пайдаланыңыз. Қағазды қабырғаға бекiтiңiз. Бала сiздiң жоғарыдан төменге дейiн тiк сызық жүргiзгенiңiздi қадағаласын. Баладан тура соны жасауды өтiнiңiз.

Егер қажет болса, оған көмектесiңiз. Соның көмегiмен баланың сызығын төмен бағыттау үшiн картон трафарет жасаңыз. Тура осылайша балаға көлденең сызықты, шеңбердiң, шаршының, үш бұрыштың суретiн салуды үйретiңiз.

Пiшiндерi әртүрлi заттарды ажырата бiлудi үйретiңiз.

Аяқ киiмнiң қорабынан дөңгелек, үш бұрышты және шаршы пiшiндi “тесiктерi бар жазықтық” жасаңыз. Фанерадан немесе қалың картоннан осы тесiктерге сәйкес бiрнеше фигураны кесiп алыңыз. Тесiкке бiр фигураны тастап жiберiп, баладан не талап етiлетiнiн оған көрсетiңiз. Сосын балаға басқа фигураны берiп, егер қажет болса, оны қайда тығуды көрсетiңiз. Балаға көмектесiп, оның қолын тесiкке бағыттаңыз. Ол осы дағдыны меңгерген сайын өз көмегiңiздi азайта берiңiз. Жетiстiктерi үшiн баланы мiндеттi түрде мақтаңыз.

Пiшiндердi тиiстi тесiктердiң қасына қойыңыз, сосын бала оларды тиiстi жерiне салады. Әрбiр дұрыс жауаптан соң баланы мақтап отырыңыз. Тесiктердi әртүрлi түстермен айналдырып бояп қойыңыз, бала қызыл шеңбердi қызыл тесiкке немесе көк үш бұрышты көк тесiкке немесе сарғыш қызыл шаршыны сарғыш қызыл тесiкке салатын болады. Бала бұл тапсырманы орындауды үйренген кезде бағыттағышты — яғни, түстi алып тастаңыз.