Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге ұабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта бiлiм беретiн мектепте үлгерiмi төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседi. Психикалық дамудың тежелуi бұл баланың интеллектуалды қабiлетiнiң жасына сәйкес келмеуi.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелгаен (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20-30% төмен деiгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелерi бойынша ойлау, сөйлеу тiлiнде және шығарманың мазмұнынын айтуда қиындықтар кездесетiнi, сонымен қатар есте сақтау қабiлетiнiң артта қалғаны да анықталады. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.

Психикасының дамуы тежелген балалармен жүргiзiлетiн психологиялық түзету дамыту жұмыстарының түрлерi көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргiзудiң принциптерi төмендегiдей:

Баланың жеке тұлғалық ерекшелңктерiн анықтау;

Шаршап кетпеуiн қадағалау;

Оқу әрекетiн ойын түрiнде ұйымдастыру, кеңiстiктi бағдарлауын дамыту;

Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

Ойын дағдыларын оқу әрекетiне аудару;

Арнайы әдiстемелермен оқытуды ұйымдастыру;

Жылдық диагностикалық даму деңгейiн салыстыру

Мамандардың оқыту түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшiсi , ата ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргiзiлетiн жұмыс нәтижелi болады, яғни баланың өз өзiне деген сенiмдiлiгiн арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргiзу тиiмдi.

Қорыта келгенде психикалық дамуы тежелген баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелi болу үшiн, әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере оырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиiмдi ұйымдастыру болып табылады. Түзете дамыту жұмыстарында төмендегi мәселелерге көңiл бөлген жөн:

Баланың қоршаған ортаға бейiмделуi;

Мiнез құлық ерекшелiктерi;

өз өзiн төмен бағалауы;

қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы;

өз күшiне деген сенiмсiздiгi;

белсендiлiгi төмен.

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

Адамдардың бiр бiрiмен қарым қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiзiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сол себептен танысу, қарым қатынас орнатуға арналған «Көңiл күйiмiздi жаттықтыру», «Кiм екенiн тап», «Көпiр», Ауызша волейбол» т.б. тренингтердi өткiзу ұсынылады.