Өмiрiнiң екiншi жылындағы балалардың танымдық қызметiн дамыту бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулар

1 жас 6 ай — 1 жас 9 ай
Бұл жас кезеңiнде екi орынды дидактикалық ойыншықты жинай бiлудi қалыптастыру керек. Заттарды көлемi бойынша таңдап, оларды тиiсiнше атай бiлу керек: үлкен, кiшкентай, “кiшiрек” деген сөздiң мәнiн түсiнуi тиiс. Ересек адамның сәл көмегiмен 2-3 сақинадан тұратын конус негiздi, сосын тiк негiздi пирамидаларды жинауы қажет.
2 бiрдей бөлiктен тұратын жиналмалы-шашылмалы ойыншықтармен әрекеттер жасатып, көлемi бойынша бiртектес заттарды iрiктеп алуды үйретiңiз.
Балаға 2 бөшке берiңiз (үлкен және кiшкентай), олардың бiреуi шашылмалы. Оны шашыңыз да, қайта жинаңыз, егер әлi де көмек керек болатын болса, бөшкенi ашуды орындауға көмектесiңiз: оның жоғарғы бөлiгiн бұрап, тартыңыз.
Екi бөшкенi қараңыз, бiр-бiрiне жақындатып, бiрiнiң үстiне бiрiн қойыңыз. Салыстыра отырып, “Мынау үлкен бөшке”, “Мынау кiшкентай бөшке”, — деп айтыңыз. Сосын: “Қай бөшке кiшкентай?”, — деп сұрап, соны көрсетуiн өтiнiңiз.
Бөшкенi ашу әрекетiн қайталаңыздар және кiшкентай бөшкенi үлкенге салып жаттығыңыздар. Баладан: “Кiшкентай бөшке қайда?”, — деп сұраңыз. Сiлкiлеген кезде, оның үлкен бөшкенiң iшiнде тықылдағанын тыңдаңыздар: “Тық-тық! Iшiнде бiрдеңе тықылдайды”.
Балаға шашылған ойыншықтың iшiне өзiнiң қалауы бойынша кез келген затты жасыруына мүмкiндiк берiңiз.
“Үлкен”, “кiшкентай” деген ұғымдар меңгерiлгенiне сенiмдi болғаннан кейiн, бiртектi заттардың: кiшкентай, үлкенiрек, ең үлкен, үлкен, кiшiрек, кiшкентай тiзбесiнде “үлкенiрек” және “кiшiрек” заттарды ажыратып жаттығуларыңызға болады.
Екi матрешкадан тұратын матрешканы жинауды үйретiңiз.
Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинап жатқан кезiңiзде, бала сiздiң қимылдарыңызды қайталасын.
Матрешканы бала жинап жатқан кезде оған ауызша нұсқау берiп отырыңыз: “Кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Осы кiшкентайды ана үлкенiректiң iшiне сал”. Бiр матрешкадан бiртiндеп қосып отырыңыз.

1 жас 9 ай — 2 жас
Бұл жаста балаларға екi орынды дидактикалық ойыншықтарды жинауды, екi бөлiктен таңдаған кезде тиiстi бөлiк-салымшаны табуды, қораптарға ұқсас пiшiндi (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) қақпақты табуды үйретудi жалғастыра беремiз.
Заттардың аралық көлемдерiне сәйкес “кiшiрек”, “үлкенiрек” деген сөздердi түсiнуi тиiс. Көлемi қарама-қайшы 2-3 iрi сақинадан өз бетiнше пирамида жинауы керек. Тапсырманы заттың 2 қасиетiне — түсi мен көлемiне, пiшiнi мен түсiне бiрдей бағыттала отырып орындау.
Бiртектi заттарды бiр қасиетiне (түсiне, пiшiнiне, көлемiне) бағыттала отырып iрiктеуге үйретiңiз.
Мәшинемен ойнаңыздар, оларды өздерiнiң гараждарына қою керек. Ойынның мiндетi мәшинелердi алдын ала көлемiн салыстырып алып, тиiстi тесiктерге кiргiзу қажеттiгi болып табылады. Шынайы да эмоциялы болыңыз. Баланың мәшиненi сол қолмен де, оң қолмен де жүргiзуiн қадағалаңыз.
Үлкен немесе кiшкентай мәшине қандай да бiр гаражға неге кiретiнiн немесе кiрмейтiнiн түсiндiрiп отырыңыз.
Көлемi бiрдей, түсi әртүрлi мәшинелермен осыған ұқсас әрекеттер жасаңыз. Гараждың орнына мәшиненiң түсiне сәйкес келетiн түрлi-түстi қағаз жолақтарын пайдаланыңыз.
Ұқсас заттарды, суреттердi iрiктеуге үйретiңiз.
Балаға жақсы таныс 4 заттан (2 куб, 2 доп және т.б.) бастаңыз. Бiр кубты алып, баладан: “Басқа кубты тап” деп өтiнiңiз. Доптармен соны қайталаңыз. Бiртiндеп iрiктелуге қажеттi заттардың саны мен түрлерiн арттыра берiңiз. Заттардың орнына суреттердi қойып, сол әрекеттердi қайталаңыз. Түрлендiру үшiн бiрдей заттары бар 2 целлофан пакеттi қолданыңыз. Сiз өз пакетiңiзден затты шығарасыз да, баладан сондай затты өз пакетiнен табуын өтiнесiз.
Балаға бiр зат бейнеленген суретке сондай затты тауып алуды үйретiңiз.
Балаға өзiнде бар ойыншықтарды бейнелейтiн суреттер ұсыныңыз. Оған қуыршақты берiңiз де, қуыршағы бар суреттi табуын өтiнiңiз. Ұқсас тапсырманы басқа да таныс заттармен қайталаңыз. Суреттi көрсетiп: “Мынау қонжық аю. Маған басқа қонжық аюды тауып бершi”, — деп айтыңыз.
Пiшiндерi әртүрлi заттарды ажырата бiлудi үйретiңiз.
Аяқ киiмнiң қорабынан дөңгелек, үш бұрышты және шаршы пiшiндi “тесiктерi бар жазықтық” жасаңыз. Фанерадан немесе қалың картоннан осы тесiктерге сәйкес бiрнеше фигураны кесiп алыңыз. Тесiкке бiр фигураны тастап жiберiп, баладан не талап етiлетiнiн оған көрсетiңiз. Сосын балаға басқа фигураны берiп, егер қажет болса, оны қайда тығуды көрсетiңiз. Балаға көмектесiп, оның қолын тесiкке бағыттаңыз. Ол осы дағдыны меңгерген сайын өз көмегiңiздi азайта берiңiз. Жетiстiктерi үшiн баланы мiндеттi түрде мақтаңыз.