Білім басқармасы Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаудың бекітілген жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінде келесі іс-шаралардың өткізілгенін хабарлайды:
         1. Мектеп оқушылары арасында қысқы облыстық «Ақшақар» спартакиадасының бағдарламасы негізінде ақтық жарыстар:
         - футзал (ұлдар, қыздар), 13 аудан және Петропавл қ. қатысты, қатысушылар саны – 280 адам.
         - қысқы Президенттік көпсайыс, 12 аудан және Петропавл қ. қатысты, қатысушылар саны – 156 адам.
         - қысқы спорттық бағдарлау, 13 аудан және Петропавл қ. қатысты, қатысушылар саны – 168 адам.
         2. Колледж оқушылары арасында кешенді «Сұңқар» спартакиадасы:
         - конькимен жүгіру спорты – 10 колледж қатысты, қатысушылар саны – 100 адам.
         - гір көтеру спорты – 10 команда, қатысушылар саны – 80 адам
         - армрестлинг – 10 команда, қатысушылар саны – 80 адам
         3. Техникалық және кәсіптік лицейлер арасында кешенді «Жас сұңқар» спартакиадасы:
         - волейбол (ұлдар, қыздар), 18 команда қатысты, қатысушылар саны - 144 адам.
         - шахмат (ұлдар, қыздар), 12 команда қатысты, қатысушылар саны 40 адам.
         - тоғыз құмалақ (ұлдар, қыздар), 12 команда қатысты, қатысушылар саны 45 адам.
         Барлық іс-шаралар үш кезеңде өткізілді:
         1 кезең – оқу орындары ішінде;
         2 кезең – аудандық жарыстар;
         3 кезең – облыстық жарыстар.
         Барлығы 30 мыңнан астам адам қатысты.