ҚР БҒМ СҚО әкiмдiгiнiң «Дене тәрбиесi, спорт және АӘД өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығы» КМҚК туралы

АҚПАРАТ

«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облыс әкiмдiгiнiң дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери даярлық өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi — Өңiрлiк орталық) дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери даярлық саласында оқу-әдiстемелiк жұмысты, оқушы жастар арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыруды, дене тәрбиесi  — сауықтандыруды дамытуды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

Өңiрлiк орталық өз қызметiн Қазақстан Републикасының Конститутциясына, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Жарғыға сәйкес жүргiзедi.

Өңiрлiк орталықта өзiнiң жеке балансы, банктерде есеп-шоттары, мөрi, мөртабаны, өз атауы бар бланкiлерi болады.

Өңiрлiк орталыққа қатысты мемлекетттiк меншiк құқығындағы субъект функциясын атқарушы орган Солтүстiк Қазақстан әкiмдiгi болып табылады (бұдан әрi –уәкiлеттi орган).

Уәкiлеттi органның заңды мекен-жайы:

150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конститутциясы көшесi, 58

Өңiрлiк орталыққа мемлекеттiк басқару органы болып «Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi табылады (бұдан әрi  — мемлекеттiк басқару органы).

1999 жылғы 12 тамыздағы заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiгiнiң № 1130-1948- ММ.

Өңiрлiк орталықтың фирмалық атауы:

Мемлекеттiк тiлде — «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облыс әкiмдiгiнiң дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери даярлық өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

Орыс тiлiнде — коммунальное государственное казенное предприятие «Региональный ученбо-методический центр физической культуры, спорта и начальной военной подготовки акимата Северо-Казахстанской области Министерства образования и науки Республики Казахстан».

Өңiрлiк орталықтың мекен-жайы:

150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесi, 109, 605 кабинет, тел 46-46-99, 46-30-26.

Өңiрлiк орталық қызметiнiң
мазмұны және мақсаттары

Өңiрлiк орталықтың қызмет мазмұны спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу, облыстың бiлiм ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Өңiрлiк орталықтың негiзгi мақсаты облыс бiлiм жүйесiнiң оқу орындарында дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери даярлық жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзу болып табылады.

Өңiрлiк орталықтың функциясы мыналар болып табылады:

балалар мен жастарға арналған дене тәрбиесi жөнiндегi мақсатты кешендi бағдарламалар әзiрлеуге, ғылыми және оқу-әдiстемелiкпен қамтамасыз етуге қатысу;

балалар мен жастарға арналған дене тәрбиесi саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзу;

балалар мен оқушы жастарға арналған дене тәрбиесi саласында ғылыми және оқу-әдiстемелiктi қамтамасыз етудi әзiрлеуге және енгiзуге қатысу;

балалар мен жастар дене тәрбиесiнiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеуге қатысу;

спорт түрлерi бойынша жасөсперiмдер және құрама командаларының спорттық резервiн дайындауға және жинақтауға қатысу;

отанымыздың және шет елдердiң дене тәрбиесi бойынша, педагогикалық кадрлардың спорт түрлерi жөнiндегi алғашқы әскери даярлық жетекшiлерiнiң, жаттықтырушы-оқытушылардың алдыңғы қатарлы жұмыс тәжiрибесiн талдау, жинақтау және енгiзу.

Жыл сайын (дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери даярлық өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығы) облыстың жалпы бiлiм беру ұйымдарының балалары және оқушыларымен келесi iс-шараларды өткiзедi:

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi арасындағы облыстық «Есiл» спартакиадасы; жалпы бiлiм беру мектептерiнiң оқушылары арасындағы жазғы облыстық «Жастар» спартакиадасы; спорт түрлерiнен «Жұлдызша» шайбылы хоккейден, «Былғары доп» футболдан, «Алтын доп» баскетболдан, «Достық» жеңiл атлетикалық көпсайыстан бұқаралық жарыстар; «Ақшақар» қысқы облыстық спартакиадасы; әскери-қолданбалы спорт түрлерiнен облыстық «Ұлан» спартакиадасы; қосалқы түзету мектеп-интернаттарының тәрбиеленушiлерi арасындағы облыстық «Спешиал олимпикс» спартакиадасы; әскерге дейiнгi жастар арасындағы облыстық «Батыр» спартакиадасы, 7-8 сынып оқушылары арасындағы облыстық әскери-спорттық «Алау» ойыны және спорт түрлерiнен 14 облыс Чемпионаттары.

Жалпы алғанда, жыл сайын бұқаралық-спорт iс-шараларына 60 мыңнан астам оқушы қатысады.