Бекітемін
Білім басқармасының бастығы
Т.Әбілмәжінов
2011 жылғы _____ақпан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған
облыстық терме және ақындар айтысын өткізу ережеcі
                                                                                                       
І. Жалпы ережелер

1. Оқушылар арасында айтыс, терме мәртебесі қатысушылардың қатысуы негізінде
анықталады.
2. Байқауды  ұйымдастыру  және  өткізу  үшін  Солтүстік Қазақстан  облысы  білім
басқармасының,   педагог   кадрлардың   біліктілігін  арттыру   және  қайта   даярлау
институтының  бұйрығымен Ұйымдастыру комитеті құрылады.
3. Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атау  бойынша іс-шаралар  шеңберінде өткізіледі.

ІІ. Байқаудың мақсаты 

4.  Облыстық терме, ақындар айтысы төмендегі мақсаттарды көздейді:
1) айтыс, терме өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде   оқушылар арасында насихаттау және одан әрі дамыту;
2) талантты, дарынды оқушылардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына  мүмкіндік   жасау  және  үздік  айтыс, терме орындаушыларды  анықтау;
3) оқушылардың шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы  мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау;
4) жастар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу, ел тәуелсіздігінің  жетістіктерін  насихаттау

ІІІ. Байқауға қатысушылар мен оларға қойылатын талаптар

5. Байқауға жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың оқушылары; кәсіптік мектеп, лицей, колледждердің    оқушылары  қатыстырылады.
6. Айтыста елдің бірлігіне, ұлтаралық татулыққа  нұқсан келтіретін, конституциялық құрылымға қарсы  айтылатын сөздерге  жол берілмейді.

ІҮ. Байқаудың өткізілу тәртібі

7. Байқау 2 номинация бойынша (ақындар айтысы, термешілер байқауы) өтеді.
8. Байқаудың алдында термешілер мен айтыскерлер жеребе тарту әдісі (айтыскерлер жұптарға бөлініп айтысады) қолданылады.
9. Қатысушылардың сөз сайыстыру (айтысу), терме орындау уақытының ұзақтығын қазылар алқасы белгілейді.
10. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы он балдық жүйе бойынша  бағалайды.
11. Облыстық байқау 2011 жылдың 25 наурызы өтеді.   
12. Байқауға  қатысу  үшін  ұйымдастыру  комитетіне  төмендегі  көрсетілген  үлгіде
(А қосымшасы) өтінім  жіберіледі.
13. Өтінімдер 2011 жылдың  18  наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне  қағаз және    электрондық нұсқада  тапсырылады.      

Ү.   Байқаудың қазылар алқасы
14. Байқаудың қазылар алқасының құрамын Солтүстік Қазақстан облысы білім  
басқармасы бекітеді.
15. Қазылар алқасының құрамына облыстық білім, мәдениет,  тілдерді  дамыту жөніндегі  басқармалардың өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, халық ақындары, сондай-ақ әдебиетшілер мен тіл жанашырлары мүше бола алады.

ҮІ. Бағалау талаптары және жеңімпаздарды марапаттау
16.  Қатысушылардың өнері мынадай талаптар бойынша бағаланады:
1) жоғары деңгейдегі орындау шеберлігі;
2) әдеби тіл байлығы;
3) тақырыпты дұрыс аша білуі;
4) қарсылыққа жауап беру шеберлігі;
5) қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді көтере білу;
6) тақырыптан ауытқымай, ұйқастыра жеткізу.
17. Жеңімпаздарды қазылар алқасы бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар бойынша марапаттайды.  Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Өтінімдерді ipk_ppk.bk.ru электрондық поштаға немесе Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Мир 69А көшесі мекен-жайына жіберулеріңіз қажет.

Байланыс телефондары: (факс)34-26-07, 36-17-59
                                                                           
                                                                                                                А  қосымшасы
Өтінім формасы

Қатысушының толық аты-жөні

Білім мекемесінің атауы

Аудан

Номинация  атауы (ақындар айтысы немесе терме байқауы)