« 15 »      наурыз                2011 ж.


Облыстық, Астана және
Алматы қалалық білім
басқармаларының бастықтарына
Республикалық мектеп-
интернаттардың директорларына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Министрліктің 2011 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес еліміздің жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында 2011 жылғы 7-8 қыркүйек күндерінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасымен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында,  Абай-Шәкәрім кесенесінде ХІІ республикалық Абай оқуларын  және 2011 жылғы 28-29 қыркүйек аралығында Атырау облыстық білім басқармасымен бірге Атырау қаласында ІІ республикалық Махамбет оқуларын өткізетіндігін хабарлайды.
Арнайы бұйрық бюджеттік нақтылауға байланысты кейін шығатын болғандықтан, дайындық жұмыстарын жүргізу үшін Сіздерге аталған шараларды дайындап өткізу Ережелерін жіберіп отырмыз. Осы Ережелерді оқыту тіліне қарамастан, барлық мектептерге жеткізулеріңізді, жас ұрпақты ұлы тұлғалардың асыл құндылықтары рухында тәрбиелеуге бағытталған игі шаралардан оқу тіліне қарамастан, бірде-бір мектеп тыс қалмауын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Атқарылған жұмыстар туралы ағымдағы жылғы 25  мамырға дейін ақпарат беру қажет.
Қосымша:  қазақ және орыс тілдеріндегі Ережелер  - 6 бет.

 

 Директор                                                                         Б.  Кәрімжанов

 

Р. Баттал 742329
                                               
                                                                                   Бекітемін:
                                                                            ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта
                                                                            білім департаменті директоры
                                                                            _______________ Б.  Кәрімжанов
                                                                               «15»     наурыз             2011  ж.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары
оқушыларының арасында ХІІ республикалық Абай оқуларын  
және ІІ республикалық Махамбет оқуларын өткізу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін ХІІ республикалық Абай және ІІ республикалық Махамбет оқуларын  (бұдан әрі -ХІІ Абай оқулары,                          ІІ Махамбет оқулары) өткізу тәртібін айқындайды.
2.  ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының                                5-11- сыныптарының оқушылары қатынаса алады.
3. ХІІ Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс  басталғанға дейін ұсынуы қажет (Абай және Шәкәрім шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
«Көңілім әнді ұғады»  - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы                         (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
4. ІІ Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
«Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс  басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
«Ұлы арман»  - Махамбеттің күйлерін орындаушылардың конкурсы.
«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы                                   (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
5. ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқулары жоғарыда көрсетілген үш бөлім бойынша 3 кезеңде:
1 кезең   - аудандық (қалалық) кезең  - 2011 жылғы 25 сәуірге дейін;
2 кезең - облыстық (Астана және Алматы қалалық) кезең 2011 жылғы           25 мамырға дейін;
3 кезең - республикалық кезең ағымдағы жылғы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында, Абай-Шәкәрім кесенесінде (Абай оқулары) және Атырау қаласында (Махамбет оқулары) өткізіледі. 
6. Аудандық (қалалық), облыстық,  Астана және Алматы қалалық  оқуларын өткізудің  мерзімі мен орнын тиісті білім басқармалары белгілейді.
Облыстық конкурстарда, сонымен қатар облыстық деңгейге теңестірілген оқуларда (Астана, Алматы қалалық, республикалық мектептердің)  бірінші орын алған оқушылар конкурстың республикалық кезеңіне қатысады.
7. Әрбір облыс республикалық кезеңге 3 кандидатура: ақындардың шығармаларын жатқа оқитын бір оқушыны, әндері мен күйлерін орындайтын бір оқушыны және өз шығармаларын (өлеңдері, әндері, музыкалық шығармалар) орындайтын бір оқушыны ұсынады. Алдыңғы жылдардағы  жеңімпаздар  2011 жылғы оқуға қатыса алмайды.
8. Конкурстың әрбір бөлімі бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын белгіленеді.
9. ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқуларының 1-2 кезеңдерін қаржыландыруды тиісті білім бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырады.
10. Мектеп оқушыларының республикалық кезеңге қатысуға байланысты шығындарын жіберіп отырған мекемелері көтереді.
11. ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқуларының республикалық кезеңін  ұйымдастыру  және өткізу үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментіне, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстық білім басқармаларына жүктеледі.
12. Демеушілер мен бірлесіп өткізетіндерге қатысушылардың мәдени демалыстарын ұйымдастыру, ынталандыру сыйлықтарын сатып алу, сонымен қатар ақпарат құралдары арқылы ақпарат-жарнамалық қолдау көрсетілуі үшін қосымша қаражат бөлу жүктеледі.
13. ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын, үйлестіруді республикалық ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
14. Республикалық ұйымдастыру комитетінің мүшелігіне Білім және ғылым министрлігінің, облыстық әкімшіліктердің, білім басқармаларының қызметкерлері енгізіледі.
15. Республикалық ұйымдастыру комитеті:
1) оқуларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) конкурстардың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) оқулардың материалдарын баспасөзде жариялайды.

16. ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқуларының төрағадан, хатшыдан және               7-9 алқа мүшелерінен тұратын қазылар алқасының  құрамын  республикалық ұйымдастыру комитеті бекітеді.
17. Қазылар алқаларының төрағалары мен мүшелеріне алдыңғы кезеңдердегі қазылар алқаларының құрамына кіруге болмайды.
18.  Республикалық Абай және Махамбет оқуларының қазылар алқасы:
1) қатысушылар өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
2) қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды;
3) қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
5) Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментіне ХІІ Абай және ІІ Махамбет оқуларының қорытындылары туралы есеп береді.