09.02.2010 ж №81 бұйрық

«Жарқын болашақ» атты қазақ тiлi
олимпиадасын өткiзу туралы

Қазақстан Республикасындағы «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» жүзеге асыру, қазақ тiлiн жетiк меңгерген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2010 жылдың 27 ақпанында мемлекеттiк тiлдi жетiк меңгерген әртүрлi ұлт өкiлдерi оқушыларының қатысуымен «Жарқын болашақ» атты қазақ тiлi олимпиадасы ұйымдастырылсын және өткiзiлсiн.
  2. Олимпиаданы өткiзу үшiн «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей- интернаты» база болып анықталсын.
  3. ҚТЛ директоры Ахмет Гази Чолак олимпиаданы өткiзу бойынша ұйымдастыру комитетiнiң құрамын бекiтсiн;
  4. СҚ ПКБА ҚДИ директорының м.а. А.Қарабатырова олимпиаданың сапалы өтуiне әдiстемелiк көмек көрсетсiн және қатысушылардың бiлiмiн бағалау үшiн әдiлқазылар алқасының мүшелерiн ұсынсын.
  5. Петропавл қаласы бiлiм бөлiмiнiң бастығы (Г.Алтынбекова) және Петропавл қаласында орналасқан облыстық мекемелердiң директорлары:
    • 2010 жылдың 27 ақпанында өтетiн олимпиадаға оқушылардың қатысуын қамтамасыз етсiн. Қатысу туралы өтiнiштi ҚТЛ-не ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейiн жiберсiн (ереже қосымша берiлген)
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма бастығының орынбасары Ш.Қариноваға жүктелсiн.

Басқарма бастығы: Т.Әбiлмәжiнов