«Солтүстiк Қазақстан облысының
БIЛIМ БАСҚАРМАСЫ»
МЕМЛЕКЕТТIК  МЕКЕМЕСI

БҰЙРЫҚ

1

 

Государственное  учреждение
«УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ
Северо-Казахстанской областИ»

ПРИКАЗ

1

 

2010 ж. ___04.07________

 

 

№ _236______

 

Петропавл қ.

 

 

г. Петропавловск

Жалпы бiлiм пәндерi бойынша Республикалық
олимпиадалардың I,II,III кезеңдерiнiң өткiзiлу
қортындысы туралы

Бiлiм министрлiгiнiң 2009 жылғы 9 желтоқсанындағы № 653 «Жалпы бiлiм пәндерi бойынша Республикалық олимпиадаларды 2009-2010 оқу жылдарында өткiзу туралы» бұйрығын орындау үшiн бiлiм басқармасы жанында оқушыларға мектеп iшiлiк, аудандық (қалалық), облыстық олимпиадаларды өткiзу және дайындау бойынша ұйымдастыру комитетi құрылды.

I кезеңде (мектеп iшiлiкте) 520 облыс мектептерiнен 24581 оқушы қатысты, соның iшiнде 485 ауыл мектептерiнен 17240 оқушы қатысты.

II кезеңде (аудандық, қалалық) Республикалық олимпиадаға 451 облыс мектептерiнен 4489 облыс оқушылары,соның iшiнде 413 ауыл мектептерiнен 2875 оқушы қатысты.

Олимпиаданың II кезеңiнiң жеңiмпаздар және жүлдегерлер санынан олимпиаданың III кезеңiнде (облыстық) 9-11 сыныптарынан 434 оқушы; соның iшiнде 80 ауыл мектептерiнен 148-i, 22 қала мектептерiнен 160-ы, 4 облыстық бiлiм мекемелерiнен 53 оқушысы қатысты.

Облыс олимпиадасының қортындысы бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңдерiнен 120 жеңiмпаз және жүлдегерлер дипломдар, мақтау қағаздар және естелiк сыйлықтармен марапатталды. Соның iшiнде: дипломдармен I дәрежелi -37 , II дәрежелi-40, III дәрежелi -43,мақтау қағаздарымен-45 олимпиада қатысушылары. Олардың iшiнде ауыл мектептерiнен 26 қатысушы(олардың 14 оқушысы-жүлдегер, 12- мақтау қағаздары).

Қазылар алқасының мүшелерi Петропавл қаласының және облыстық бiлiм мекемелерiнiң оқушыларының жоғары дәрежелi дайындықтарын атап өттi. Олардың iшiнде:

  • Қазақ-түрiк лицейiнен 53 қатысушы -28 жүлдегер;
  • БЭСТ мектеп-гимназиясынан 42 қатысушы -23 жүлдегер;
  • Петропавл қаласының № 1 жалпы бiлiм беретiн лицейiнен 33 қатысушы — 18 жүлдегер;
  • М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы мектеп-лицейiнен 12 қатысушы — 5 жүлдегер;
  • № 10, № 1, № 23, № 6 қалалық жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушылары жақсы нәтижелерге қол жеткiздi.

Ерекше атап өтетiн Қазақ-түрiк лицейiнiң сегiзiншi сынып оқушылары, олар 9-11 сынып бағдарламасы бойынша қатысып мақтау қағаздарына ие болды.

Ауыл мектептерi де қанағат етерлiк нәтиже көрсеттi Шал ақын ауданы — 3 жүлделi орын; Айыртау ауданы — 2 жүлдегер; Ақжар ауданы — 2 жүлдегер; Қызылжар ауданы — 2 жүлдегер; Тимирязьев ауданы — 2 жүлдегер; М.Жұмабаев ауданы — 1 жүлдегер; Жамбыл ауданы — 1 жүлдегер; Ғ.Мүсiрепов ауданы — 1 жүлдегер.

Қазақ-түрiк лицейiнiң 9-11 сынып оқушыларының жалпы санынан 42,4% олардың 52,8% жүлделi орын, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттынан 17,9% қатысты, 24,3% жүлделi орын алды, дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп лицейiнен 50% қатысты, 15,6% жүлделi орын алды.

Сонымен бiрге облыс олимпиадасы келеңсiз факторларды айқындады.:

Ауыл мектептерiнде математика, физика, химия, биология, информатика пәндерiн оқытуда түзетулер қажет екендiгiн айғақтайды.

5 ауданның мектеп оқушылары (Есiл-7 қатысушы, Мамлют-13 қатысушы, Тайынша-10 қатысушы, Уәлиханов-11 қатысушы, Аққайың-8 қатысушы), жеткiлiксiз дайындықтың салдарынан қажеттi нәтиженi көрсете алмады,кейбiреулерi I турдың қажеттi деңгейiнен өте алмаған, жоғарыда айтылғандардың негiзiнде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерiнiң нәтижелерi бойынша пәндер комиссиясының қазылар алқасының шешiмi бекiтiлсiн. ( қосымша 1);
  2. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерiнде жүлдегер аталған оқушылардың мұғалiмдерi, жоғары сапалы бiлiм бергенi үшiн бiлiм басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталсын (қосымша 2);
  3. Тиiмдi оқу-тәрбие барысын басқаруда, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерiнде I дәрежелi дипломға ие болған оқушылардың мектеп жетекшiлерiне алғыс жариялансын (қосымша 3);
  4. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерiн өткiзу үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз еткенi үшiн:
    • № 8 ОМ директоры Қ.С.Бақтыбаевқа,
    • № 17 ОМ директоры Г.Р.Каримоваға,
    • № 1 КШИ директоры К.О. Шариповаға,
    • № 2 КШИ директоры Н.П. Хованскиға алғыс жариялансын.
  5. СҚ ПКБА және ҚДИ:
    • аудан және облыс мекемелерi бойынша олимпиада нәтижелерi бойынша әр пәнге толық талдау дайындалсын,
    • аудандық және қалалық әдiстемелiк кабинеттердiң жетекшiлерiмен олимпиада қортындысы бойынша семинар өткiзсiн, әр түрлi категориялы мұғалiмдермен курстық шаралар барысында пәндiк байқаулардың нәтижелерi қарастырылсын.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiлiм басқармасы бастығының орынбасары Ш.Т.Кариноваға жүктелсiн.

Бастық: Т.Әбiлмәжiнов

Скачать приложения