«Келiсiлдi»
СҚО бiлiм басқармасы бастығы
_______________Т.Әбiлмәжiнов
«____» ______________2010 жыл
«Бекiтемiн»
ҚТЛ директоры
__________А.Гази Чолак
«____» _______2010 жыл

«Жарқын болашақ» атты қазақ тiлi олиапиадасын өткiзу
ЕРЕЖЕЛЕРI

I. Жалпы ережелер:

1. Қазақ-түрiк лицейi (бұдан әрi — ҚТЛ) мектеп оқушылары арасында «2-шi KATEV қазақ тiлi олимпиадасы» атты қазақ тiлi олимпиадасын (бұдан әрi — Қазақ тiлi олимпиадасы) өткiзу ережелерi «Қазақстан Республикасы Тiл туралы» Заңы мен Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес дайындалған және олимпиаданың мақсаты мен мiндеттерiн, ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн, олимпиадаға қатысушыларды және жеңiмпаздарды анықтау тәртiбiн белгiлейдi.

2. Қазақ тiлi олимпиадасы KATEV Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрi — KATEV) тарапынан жыл сайын өткiзiлетiн шара болып табылады.

II. Олимпиаданың мақсаттары мен мiндеттерi:

3. Олимпиада:

  • Мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту;
  • Дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету;
  • Оқушылардың гуманитарлық-қоғамдық ғылымдар саласында кәсiптiк қызметiн таңдау тұжырымдарына бағытталған.

4. Олимпиаданың негiзгi мiндеттерi:

- дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық және кәсiптiк бағдарын одан әрi дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау;

  • олардың қазақ халқының тiлiне, әдебиетiне, салт-дәстүрлерiне, тарихына және мәдениетiне деген қызығушылығын ынталандыру және арттыру;
  • тұлғаның өз-өзiң дамытуына және өз қабiлеттерiн ұштауға ықпал ету.

III. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi:

5. Қазақ тiлi олимпиадасына қазақ тобында және өзге ұлт топтарында оқитын 7,8,9,10 -сынып оқушылары қатысады.

6. Қазақ тiлi олимпиадасы бес бағытта өтедi: қазақ тiл бiлiмi, мәнерлеп оқу, ән айту, сахналық қойылым және өлкетану.

7. Қазақ тiлi олимпиадасы екi кезеңде өткiзiледi:

  • 1 кезең — мектепшiлiк (ақпан айы iшiнде өтедi);
  • 2 кезең — ақтық бәсеке (2010 жылдың 26-27 ақпан күндерi өтедi).

8. Қазақ тiлi олимпиадасының бiрiншi кезеңiн мектеп әкiмшiлiктерi өткiзедi. Әрбiр мектеп Қазақ тiлi олимпиадасының мектепшiлiк кезеңiнiң жеңiмпаздарын бес бағыт бойынша анықтап, олардың тiзiмiн ақпан айының 20 –на дейiн ҚТЛ–ге жiбередi. Тiзiмдегi оқушы саны төмендегiдей болу керек:

Қазақ тiлi бiлiмi Қазақ және өзге ұлт өкiлi әр топтан 1 оқушы 9,10 -сынып
Мәнерлеп оқу Қазақ және өзге ұлт өкiлi әр топтан 1 оқушы 7,8,9,10 -сынып
Ән айту Қазақ және өзге ұлт өкiлi әр топтан 1 оқушы 7,8,9,10 -сынып
Сахналық қойылым Қазақ және өзге ұлт өкiлi 5 оқушы 7,8,9,10 -сынып
өлкетану Қазақ тiл бiлiмi бағытына қатысатын оқушылар
  Барлығы-8-10 оқушы

9. Тiзiмде мектепiшiлiк кезеңге жолдама алған қатысушының фамилиясы, аты, оқитын мектебiнiң аты, сыныбы, бағыты, тақырыбы, оқушыны дайындаған мұғалiмнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты көрсетiлуi тиiс.

Үлгi:

Аты-жөнi мектебi сыныбы ұлты бағыты Тақырыбы Дайындаған мұгалiм
1 Бейбiтов Айдар ҚТЛ 9 қазақ қазақ Мәнерлеп оқу М.Шаханов «Төрт ана» Әсетова Айна Болатқызы

10. Қазақ тiлi олимпиадасының екi кезеңiнiң тақырыптары мен тапсырмаларын ҚТЛ қазақ тiлi бiрлестiгi белгiлейдi және дайындайды.

IV. Олимпиаданың ұйымдастыру комитетi және қазылар алқасы:

12. Олимпиаданы өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетi құрылады, оның құрамын ҚТЛ бекiтедi.

13. Ұйымдастыру комитетiнiң қызметтiк мiндеттерi:

  • Қазақ тiлi олимпиадасын ұйымдастыру және оңы өткiзуге тiкелей басшылық жасайды;
  • әдiстемелек кеңес пен қазылар алқасы құрамын бекiтедi;
  • Қазақ тiлi олимпиадасының қорытындысы бойынша есеп бередi.
  • Қазақ тiлi олимпиадасының қазылар алқасы төрағадан , мүшелерiнен және хатшыдан тұрады.

14. Қазақ тiлi олимпиадасының қазылар алқасы:

  • Қазақ тiлi олимпиадасына қатысушылардың жазбаша жұмыстарын тексередi, олардың нәтижелерiн бағалайды;
  • Ұйымдастыру комитетiне жүлдегерлер мен жеңiмпаздарды мараппатау жөнiнде ұсыныстар жасайды;
  • Қазақ тiлi олимпиадасының жүлдегерлерi мен жеңiмпаздарын дайындаған мұғалiмдердi мараппатау жөнiнде ұсыныс енгiзiдi;
  • Қазақ тiлi олимпиадасына қатысушылардың орындаған жұмыстарына талдау жүргiзедi;

15. Қазақ тiлi олимпиадасының ұйымдастыру және өткiзу ережесi туралы ақпараттар www.katev.org сайтына орналастырылады.

16. Қазақ тiлi олимпиадасының ұйымдастыру комитетiнiң мекен-жайы:

СҚО, Петропавл қаласы, Ш.Уәлиханов көшесi, 18-үй

Тел: 327957, 470979 ; факс 327488, 470320

V. Олимпиаданың корытындысын шығару:

17. Қазақ тiлi олимпиадасының қазылар алқасы екi кезеңнiң нәтижесi бойынша жеңiмпаздар мен жүлдегерлердi анықтайды.

18. Қазақ тiлi олимпиадасының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi I, II, III дәрежелi дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бағыттар бойынша грамоталар тағайындау көзделген.

Қазақ тiлi олимпиадасының бес бағыты бойынша ережелерi

I. «Сөз мәнерi» бағыты:

1. Мақсаты: қазақ тiлiнде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздiң мәнiн жете түсiну, оның табиғатын тану жне көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтiрiп оқу арқылы оқушыны ауызекi сөйлеуге үйрету.

2. Қатысушылар: 7,8,9,10-сынып оқушылары (қазақ және өзге ұлт өкiлдерi).

3. Шарттары:

  • Қатысушы прозалық және поэзиялық шығармалардан үзiндi оқи алады. Яғни бiр оқушы 1 прозалық және 1 поэзиялық шығармадан үзiндi оқуы керек;
  • Мәнерлеп оқуға алынған шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тiл, отансүйгiштiк, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын шығармалар болу керек;
  • Оқушы шығарманы жатқа бiлу керек.
  • Дауыс әуездiлiгi мен дене әркеттерiнiң үйлесiмдiлiгiне мән берiлу керек.
  • Егер музыкамен әрленген болса, әуен шығарма мазмұнына сәйкес болуы керек.
  • Әрбiр шығарманы мәнерлеп оқуға берiлетiн уақыт мөлшерi ең аз 3 минут-ең көбi 5 минут болу керек. Егер белгiленген уақыттан асып кеткен жағдайда оқушының ұпай саны төмендетiледi

Бағалау

I. «Сөз  мәнерi» бағыты
1 Шығарманың сөздерiн анық, айқын және тiл табиғатын сақтап жеткiзе бiлу 10  
2 Дауыс әуездiлiгi мен дене әрекеттерiнiң үйлесiмдiлiгi 10  
3 Ұлттық құндылықтарды (тарих, тiл, отансүйгiштiк, ұлттық тәрбие т.б) насихаттау 15  
4 Орындаушының шығараманы көрерменге жеткiзе бiлуi 5  
5 Сахнада өзiн-өзi ұстау мәнерi 5  
6 Әуен шығарма мазмұнына сәйкес болу 5  
7 Киiмi 5  
8 Уақытты тиiмдi қолдану 5  
    60  

II. «Тiл бiлiмi» бағыты:

1. Мақсаты: оқушылар арасынан қазақ тiлi мен әдебиетiн терең меңгерген оқушыларды анықтау.

2. Қатысушылар: 9,10 -сынып оқушылары (қазақ және өзге ұлт өкiлдерi).

3. Шарттары:

  • тапсырмалар мектеп бағдарламасы бойынша (5-10 — сынып арасы) құрастырылады. Тапсырма түрлерi: дұрыс-бұрысты табу, жұптастыру, бос орынды толтыру, тiрек сөздер негiзiнде орындалатын тапсырмалар, сұрақ-жауап, тест сұрақтары т.б.
  • тапсырмалар 100 ұпай негiзiнде бағаланады.
  • тапсырмаларды орындауға 90 минут берiледi.
  • екi топтың (қазақ және басқа ұлт өкiлдерi) тапсырмалары бiр-бiрiнен өзгеше құрылады.
  • тест сұрақтары 9-сыныптың әдебиетi пәнiнен (қазақ және орыс тобы) құрастырылады. 4 қате жауап 1 дұрыс жауапты жояды.

III. «Әншi-бұлбұлдар» бағыты:

1. Мақсаты: қазақ халық әндерi мен қазақ сазгерлерiнiң шығармаларын кең көлемде насихаттау және талантты жастарды аңықтау және оларды көпшiлiкке дәрiптеу.

2. Қатысушылар: 7,8,9,10-сынып оқушылары (қазақ және өзге ұлт өкiлдерi).

3. Шарттары:

  • Қазақ халық әндерi мен қазақ сазгерлерiнiң шығармаларын орындау.
  • Әндер ұлттық құндылықтарды (тарих, тiл, отансүйгiштiк, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын шығармалар болу керек.
  • Ән жанды дауыспен орындалу керек.
  • Орындаушы әннiң сөздерiн анық, айқын және тiл табиғатын сақтап жеткiзе бiлу керек.
  • Ән мен саздың, кимылдың үйлесiмдiлiгiне, әндi көрерменге жеткiзе бiлуiне назар аударылады.
  • Орындаушының сахнадағы өзiн-өзi ұстау мәнерi сақталу керек.
  • Ән айтушы қазақ ұлттық киiмiмен шығу керек.

Бағалау

II. «Әншi-бұлбұлдар» бағыты
1 Әннiң сөздерiн анық, айқын және тiл табиғатын сақтап жеткiзе бiлу 15
2 Ұлттық құндылықтарды (тарих, тiл, отансүйгiштiк, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау 15
3 Ән мен саздың және оларға қимылдың үйлесiмдiлiгi 10
4 Сахнада өзiн-өзi ұстау мәнерi 10
5 Орындаушының әндi көрерменге жеткiзе бiлуi 5
6 Киiмi 5
    60

IV. «Сахна саңлақтары» бағыты

1. Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының, драматургтерiнiң шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық шеберлiктерiн шыңдау.

2. Қатысушылар: 7,8,9,10-сынып оқушылары (қазақ және өзге ұлт өкелдерi аралас).

3. Шарттары:

  • Берiлген тақырып бойынша топ немесе жеке оқушы сахналандырып, қойылым ретiнде ұсынуы керек.
  • Сахналық қойылымның тақырыбы ұлттық кұндылықтарды (тарих, тiл, отансүйгiштiк, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын шығармалар болу керек.
  • Байқау барысында мынадай талаптарға баса назар аударылады: оқушылардың iшкi сезiмiн жеткiзе бiлу шеберлiгi, өзi таңдаған бейненi аша бiлуi, сахна мәдениетiн меңгеруi, ойнаған ролiне қарай киiм кию үлгiсi, сахнадағы жүрiс-тұрысы, қазақша сөйлеу шеберлiгi, сахналық қойылымның безендiрiлуi (музыкалық өнделуi, декорация т.б.)
  • Бiр койылымға кететiн уақыт мөлшерi 10 минуттан аспау керек. Егер белгiленген уақыттан асып кеткен жағдайда оқушының ұпай саны төмендетiледi.

Бағалау

III. «Сахна саңлақтары» бағыты
1 Қойылымның сөздерiн анық  және тiл табиғатын сақтап жеткiзе бiлу 15
2 Ұлттық құндылықтарды (тарих, тiл, мәдениет т.б.) насихаттау 15
3 Өзi таңдаған бейненi аша бiлiуi, сахнада өзiн-өзi ұстау мәнерi 15
4 Ойнаған ролiне қарай киiм кию үлгiсi, қойылымның безендiрiлуi (музыкалық өнделуi, декорация т.б.) 10
5 Уақытты тиiмдi қолдану 5
    60

V. «Өлкетану» бағыты

4. Мақсаты: Туған жердi таныту.

5. Қатысушылар: 9,10 -сынып оқушылары («Тiл бiлiмi» бағытына қатысушы оқушылар).

6. Шарттары:

  • Әрбiр мектеп өз облысын жан-жақты танытуы керек.
  • Баннер берiлген өлшемдерге сәйкес безендiрiлу керек.
  • Оқушы қазақ ұлттық киiмiмен шығу керек.
  • Қорғаушыға берiлетiн уақыт мөлшерi 5 минуттан аспау керек.

Бағалау

IV. «Жас ғалымдар» бағыты
1 Өлкенi жан-жақты танытуы 15
2 Баннердiң безендiрiлуi 15
3 Оқушы қазақ ұлттық киiмiмен шығу керек 5
4 Уақытты тиiмдi қолдану 5
5 Аймаққа қатысты қосымша сұраққа жауабы 5
    45