Солтүстiк Қазақстан облысы

«Қазақстан 51-шi Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» математика бойынша декада Ақтөбе облысы делегациясының жалау-символын тапсыру салтанатымен басталды. Салтанат ағымдағы жылдың 2 ақпан күнi Петропавл қаласы қазақ гимназиясының акт залында өттi.

Салтанатқа 300 оқушы, республикалық, халықаралық олимпиаданың жеңiмпаздары, ең үздiк математика мұғалiмдерi мен оқытушылары, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары, аудандық, Петропавл қалалық бiлiм бөлiмдерi әдiстемелiк кабинетiнiң меңгерушiлерi, педагогикалық еңбек ардагерлерi, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Ақтөбе облысының делегациясы:

  1. Ақтөбе қаласы №27 көппрофильдi орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Болатов Азамат
  2. Ақтөбе қаласы облыстық қазақ-түрiк лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ғалымжан Серғазы
  3. Ақтөбе қаласы облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Құрманова Әсел
  4. Ақтөбе қаласы облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының мұғалiмi Танатарова Ұштап Бақытқызы

«Қазақстан 51-шi Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» декадасы ашылу салтанатының қатысушыларына Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасы бастығының орынбасары Қаринова Шолпан Танатқызы құттықтау сөзiн айтты.

Ашылу салтанатында педагогикалық еңбек ардагерлерi, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары, халықаралық олимпиаданың жеңiмпаздары сөз сөйледi.

Облыстың 23 оқушысы жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер бойынша облыстық, республикалық, халықаралық олимпиададағы жеткен табысы үшiн деген грамоталармен марапатталды.

Олар Петропавл қаласының оқушылары (Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн лицей, Бiрiншi гимназия), облыстық бiлiм мекемелерi (Қазақ-түрiк лицейi, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты, «ЛОРД» мектеп-лицейi)

Ашылу салтанаты музыкадағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушiлерi, облыстық балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығы орталығының оқушылары дайындаған концерттiк бағдарламалармен өттi.

Бiздiң облыстың республикалық, халықаралық олимпиаданың негiздерi:

  1. Бескөл ОМ 10 сынып оқушысы, оқу озаты, республикалық балалар ұйымының делегаты, облыстық ғылыми жобалар жарысының 1 орын жеңiмпазы Дарья Мельникова.
  2. Жаутық атындағы математикалық олимпиадасының қатысушысы, «Дебат» клубының мүшесi, математика пәнiнен аудандық олимпиадалар жүлдегерi, Тайынша қаласы №5 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Бiржан Әбiшев
  3. Бiрiншi жалпы бiлiм беретiн қалалық лицейдiң 11 сынып оқушысы, Президенттiк олипиада-2009 жүлдегерi Ерлан Бәкiров
  4. 2008-2009 жылдардың ғылыми жобалар байқауының және «Кенгуру», «Ақбота» Халықаралық олимпиадаларының жүлдегерi, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп –интернатының 11 сынып оқушысы Жалғас Тұғынов
  5. Бiрiншi жалпы бiлiм беретiн лицейдiң мұғалiмi Лариса Николаевна Батырева. Ол Ақтөбе облысы делегациясынан ХМО жалау-эстафетасын алды.

Декада барысында математикалық марафондар, сырттай олимпиадалар, математикалық газеттер байқауы, ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, сабақ-викториналар, сабақ-жарыстар, сабақ-саяхаттары өттi.

Тақырыптық газеттер шықты, бұрыштамалар безендiрiлдi: Ақпараттық, жаңа мектептiң жетiстiгi және тағы басқа, онда 70 мың оқушы қатысты.

Қазақстандағы 51-шi Халықаралық математикалық олимпиадаға арналған «Алтын кiлт» облыстық байқауы барысында жоғары кәсiптiк деңгейде шығармашыл жұмыс iстейтiн мұғалiмдер анықталды.

Байқауға облыстың 10 ауданынан 24 мұғалiм қатысты.

Бiрiншi орынды Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн лицейдiң математика пәнiнiң мұғалiмi Майстренко Оксана Васильевна иелендi, Қызылжар ауданының мұғалiмдерi екi екiншi орын алып, Есiл ауданы екi үшiншi орын алып, Ғ.Мүсiрепов атындағы аудан бiр үшiншi орын алып көзге түстi.


Екi кезеңде өткен сырттай математикалық олимпиадаға 10-11 сыныптың 500 оқушысы қатысты.

Математика бойынша сырттай турнирдың лидерлары (Бiрiншi гимназия, «Дарын» мектеп-лицейi), Тайынша ауданы Тайынша қаласы.

Ағымдағы жылдың 11 ақпан күнi Солтүстiк Қазақстан облысының оқу орындары арасында «Қазақстан 51-шi Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» математикалық декадасы қорытындыланды, декада жеңiмпаздары Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының алғыс хаттарымен, дипломдармен, грамоталармен марапатталды.

Бiлiм саласының барлық бөлiмдерi математика бойынша облыстық декаданың белсендi өтуiне ат салысты. Облыстық iс-шараның өтуiнде жоғары көрсеткiштердi Петропавл, Тайынша қалаларының, Қызылжар, Есiл, Ғ.Мүсiрепов, Шал ақын, Жамбыл аудандарының мұғалiмдерi мен оқушылары көрсеттi.

Облыстың халықаралық олимпиадалар жеңiмпаздарынан құрылған делегация ХМО жалау-эстафетасын ағымдағы жылдың 12 ақпан күнi Ақмола облысына тапсырды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
«Қазақстан 51-шi Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда»
математика бойынша декаданың статистикасы