Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған
«Түрлі түсті қылқаламмен әлемді әшекелеймін»
облыстық балалар суреттері конкурсын өткізу туралы
Ереже

1.1. Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты «Түрлі түсті қылқаламмен әлемді әшекелеймін» облыстық балалар суреттері конкурсын өткізеді.
1.2. Конкурсты өткізу мақсаты дарынды балаларды бейнелеу өнері облысында тану және қолдау, балаларды көркем шығармашылықпен айналысуға тарту.
1.3. Конкурс ұйымдастырушылары – педагогика және психология кафедрасы, СҚ ПКБА тәрбие жұмысы кабинеті.
1.4. Конкурсқа 4-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, облыстың қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатыса алады. (өнер мектебі, шығармашылық студия, ДПК).
1.5. Конкурсқа А3, А2 форматындағы қағазға (картонға) салынған суреттер қабылданады. Суреттер әр түрлі техникамен орындалуы мүмкін (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түсті түсті қарындаштар, фломастер, қарындаш, борлар, компьютерлік сызба, аралас техника және т.б.). Жұмыстар паспартуда ресімделуі тиіс. Ұсынылған суреттердің төменгі оң жағында баланың тегі мен аты және жұмыстың атауы жазылуы керек. Бөлек парақта суретке келесі ақпарат тіркеледі:

Тегі Аты

 

Толық жасы

 

Оқу орнының атауы

 

Телефон

 

Жетекшінің Т.А.Ә.

 

Аудан

 

1.6. Қарастырылуға алынатын суреттер бір қатысушыдан 3 суреттен артық емес. Бір білім беру мекемесінен жіберілетін жұмыс саны шектеусіз.
1.7. Конкурс келесі жас категориялары бойынша бағаланады:
4-6 жас
6-10 жас
11-14 жас
15-16 жас
1.8. Тақырып, суреттің түпнұсқалығы, суреттің ашықтығы және айқындылығы, ақпараттық деңгейі, орындау сапасы қазылар алқасының бағалау критериясы болып табылады.
1.9. Конкурстың әр жас топ жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар беріледі.
Конкурс қорытындылары және жеңімпаздар суреттері СҚ ПКБА ҚДИ www.petropavl.kz/skoipkppk/ сайтында және ақпараттық порталда орналасады.
2.1. Конкурс ұйымдастырушылары конкурсты өткізу жариялығына және барлық қатысушылар үшін тең талап қоюға кепілдік береді, сонымен қатар ең үздік жұмыстар көрмесін ұйымдасыру құқығын өздеріне алады.
2.2. Суреттер 2011 жылдың 25 ақпанынан 25 наурыз аралығында СҚ ПКБА ҚДИ мына мекенжайына қабылданады: ға Петропавл қ., Мир к-сі, 69А №304 каб. телефон: 8 (7152) 36-17-59



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған
«Музыка – үздік педагог»
қосымша білім берудің облыстық кәсіби шебер педагогтар конкурсын өткізу туралы
Ереже

1.1. Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты қосымша білім беру педагогтары, өнер мектебінің және фортепиано сыныбы бойынша балалар музыкалық мектебі оқытушылары арасында кәсіби шеберлердің облыстық кокурсын өткізеді.
2.1. Конкурс мақсаты – облыстық қосымша білім беру жүйесінде қызмет ететін дарынды музыкант-педагогтарды анықтау.
2.2 Конкурсты өткізу регламенті.
Конкурс екі кезеңде 2011 жылдың 25 наурызында өтеді.
Бірінші кезең: «Менің педагогикалық сенімім» педагогикалық тұжырымдамасын өзі ашу (еркін формада, 5-7 минут).
Екінші кезең: екі туындының орындалуы, біреуі қазақстандық композитордікі.
Конкурсанттардың шығу тәртібі жеребе салумен анықталады.
2.3 Конкурсанттарды бағалау критерилері:
• Қазіргі білім берудің даму тенденцияларын өзінің педагогикалық қызметінде түсіну және қолдану;
• Орындалған репертуардың жеке шығармашылық түсіну ерекшеліктері;
• Шығармашылық бейнеге ену үрдісінде композициялық заңдылықтарды, стильді түсіну;
• Техникалық шеберлік, артистизм, шығармашылық айқындылық;
2.4 Конкурс жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, конкурс қатысушыларына қатысу сертификаты беріледі. Сонымен қатар Қазақстандық композитор музыкасын үздік орындау үшін, ашылған туындыны, ірі формадағы шығарманы үздік орындау үшін мадақтау сыйлықтары тапсырылады.
2.5. Конкурс қазылар алқасының құрамына Солтүстік Қазақстан облысының көрнекті өнер және мәдениет қайраткерлері, СҚ ПКБА ҚДИ оқытушылары, облыстық қосымша білім беру мамандары енеді.
2.6. Әр қатысушының орындауы алдын ала талқылаусыз 10-балдық жүйемен бағаланады. Әр кезең бөлек бағаланады.
2.7 Конкурсқа қатысу үшін мына форма бойынша өтінім жіберу қажет:

Қатысушының Т.А.Ә.

Туған жылы

Еңбек өтілі

Санаты

Білім беру мекемесінің атауы

Аудан

Байланыс телефоны,
е-mail

               

2.8 Қатысу өтінімдері 2011 жылдың 1 наурызына дейін мына электронды адрес бойынша қабылданады: ipk_ppk@bk.ru немесе факс: 8 (7152) 34-26-07.
2.9 Конкурстың нақты өту орны мен уақыты тіркелген қатысушыларға қосымша хабарланады.