Солтүсік Қазақстан облысы әкімдігінің жаңынан
кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау
жөнніңдегі өңірлік кеңесті құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 21) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудьң 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңес (бұдан әpi - Өңірлік кеңес) кұрылсын.
  2. Қосымшаға сәйкес Өңірлік кеңестің ережесі бекітілсін.
  3. Өңірлік кеңестің дербес кұрамы облыс мәслихатына бекітуге ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                  С.Біләлов

 


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
жанындағы кәсiптiк-техникалық кадрларды
даярлау жөнiндегi өңiрлiк кеңес туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер
               
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi өңiрлiк кеңес (бұдан әрi - Өңiрлiк кеңес) консультативтiк-кеңестік орган болып табылады.
2. Өңiрлiк кеңес қызметiнiң мақсаты облыстық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және бiлiктi кадрларлармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
3. Өңiрлiк кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Өңiрлiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен құқықтары

4. Өңiрлiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу;
2) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
3) экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерiн үйлестiру
жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;     
4) бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдай жасау;
5) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушiлердiң қатысуын қамтамасыз ету;
6) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру үшiн еңбек нарығының бiлiктi кадрларға сұранысын жоспарлау мен болжау;
7) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;
8) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi басқару мен қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
9) кадрлар даярлауға, кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге, қоғамдардың бiлiктiлiгiн бағалауға мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жұмыс берушiлердiң қатысуы;
10) бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасын ұйымдастыру және бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
5. Өңiрлiк кеңес өз мiндеттерiне сәйкес:
1) кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
2) бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлейдi;
3) Өңiрлiк кеңестiң отырыстарына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
4) Өңiрлiк кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.
5) өз құрамында кіші комиссиялар, жұмыс топтарын құруға құқылы, соның ішінде келесі аяда:
- энергетика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп;
- ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі;
- әлеуметтік-мәдени сала;
- құрылыс және көлік үшін кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау.

3. Өңiрлiк кеңес қызметiн жүзеге асыру тәртiбi

6. Өңiрлiк кеңестi төраға – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi және оның жұмыс жоспарын бекiтедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Өңiрлiк кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Өңiрлiк кеңес мүшелерi өз қызметiн қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
8. Өңiрлiк кеңес отырыстары бір тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi және егер оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Өңiрлiк кеңес шешiмдерi оның отырысына қатысқан Өңiрлiк кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
9. Өңiрлiк кеңес мүшелерi Өңiрлiк кеңестiң қызметi, қабылданған шешiмдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Өңiрлiк кеңестiң құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзе алады.
10. Өңiрлiк кеңес мүшелерi отырыста қаралатын мәселелердi талқылау кезiнде тең құқықтарға ие. Өңiрлiк кеңес шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, мұнда әрбiр мүшенiң бiр дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс шешушi болып табылады.
11. Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Өңiрлiк кеңестiң жұмыс органы (бұдан әрi - Жұмыс органы) болып табылады.
12. Жұмыс органы:
1) мүшелерді Өңiрлiк кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
2) күн тәртiбiн жасайды;
3) Өңiрлiк кеңесте қарау үшiн ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Өңiрлiк кеңесте қарау үшiн ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиiс;
4) Өңiрлiк кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және үйлестiредi;
5) Өңiрлiк кеңес қызметiне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестiредi.
13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Өңiрлiк кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Өңiрлiк кеңес отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Өңiрлiк кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Өңiрлiк кеңестiң мүшесi болып табылмайды.
14. Өңiрлiк кеңес шешiмi Өңiрлiк кеңес мүшелерi бұрыштама соғатын және оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

4. Өңiрлiк кеңес қызметiн тоқтату

15. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы Өңiрлiк кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.


Кәсіби-техникалық кадрларды даярлау бойынша
Аймақтық кеңесі жұмыс тобының құрамы

Билялов
Серик Султангазинович

аким Северо-Казахстанской области, председатель Совета

Куанганов
Фархад Шаймуратович

заместитель акима области, заместитель председателя Совета, руководитель рабочей группы (социально-культурная сфера)

Хусаинова
Алма Мухаметкалиевна

начальник отдела профессионального образования и подготовки кадров  управления образования, секретарь

Ескендиров
Самат Сапарбекович

первый заместитель акима области, руководитель рабочей группы (энергетика, предпринимательство и промышленность)

Сапаров
Айдарбек Сейпиевич

заместитель акима области, руководитель рабочей группы (сельское хозяйство и перерабатывающая промышленность)

Чжен
Александр Моисеевич

заместитель акима области, руководитель рабочей группы (строительство и транспорт)

Ашимбетов
Нуржан Кемерович

аким г. Петропавловска

Каппасов
Орал Кабиевич

начальник управления образования

Данилов
Юрий Александрович

заместитель начальника управления образования СКО

Литвиненко
Владимир Викторович

начальник департамента по защите прав детей СКО (по согласованию)

Кульжанова
Тотикамал Ниязовна

начальник управления предпринимательства и промышленности  СКО

Ко 
Анатолий Яковлевич

начальник управления здравоохранения СКО

Киселев
Игорь Алексеевич

начальник управления строительства СКО

 

начальник управления сельского хозяйства СКО

Федяев
Антон Владимирович

начальник  управления энергетики и коммунального хозяйства СКО

Акимжанов Ескен
Мурзахметович

начальник управления финансов СКО

Сакипкереев
Аскар Жоламанович

начальник управления координации занятости и социальных программ СКО

Сыздыков
Кайргельды Садыкович

начальник управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог СКО

Уразамбетов
Назымбек Кенжебаевич

председатель обкома профсоюза  работников образования и науки  СКО (по согласованию)

Абильмажин
Женис Тулешович

председатель Совета директоров учебных заведений технического и профессионального образования СКО

Виссарова
Елена Михайловна

Директор Северо-Казахстанской филиала организации юридических лиц национальной экономической палаты «Союз Атамекен»

Кукушкина
Нелли Филипповна

председатель торгово-промышленной палаты СКО

Бишимов
Куаныш  Ердаулетович

Генеральный директор АО «ПЗТМ»

Григоренко
Сергей Иванович

генеральный директор
АО «Мунаймаш»

Коровин
Игорь Владимирович

генеральный директор
АО «ЗИКСТО»

Калиничев
Андрей Владимирович

директор ТОО «Петропавловские тепловые сети»

Бухонин
Александр Андреевич

директор ТОО «Северный машиностроительный  завод»

Бугаев
Александр Борисович

директор ТОО «Умный дом-Петропавловск»

Тимофеев
Сергей Петрович

директор ТОО «Основание»

Филиппенко
Александр Павлович

директор ТОО «Вант»

Ли
Виктор Бименович

директор ТОО «СУ-808»

Тимофеев
Андрей Борисович

директор СТО «Технопарк»

Шукенов
Алим Шукенович

директор Северо-Казахстанской областной дирекции телекоммуникаций филиала
АО «Казахтелеком»

Мелашенко
Петр Иванович

начальник Петропавловского отделения ФГУП Южно-Уральской железной дороги

Зенченко
Геннадий Геннадьевич

директор КТ « Зенченко и К»

Фисенко
Иван Феофанович

директор ТОО «Заградовское»

Мамбетов
Еркебулан Нурмагамбетович

директор КТ «Мамбетов и К»

Леонтьев
Сергей Геннадьевич

директор ТОО «Фирма Леонтьев»


Кәсіптік-техникалық кадрларды дайындау бойынша
Аймақтық кеңестің 2011 -2012 жылдарға арналған
жұмысының жоспары


Отырыстарда қарастырылатын сұрақтардың тізбесі

Өткізілетін күні

Жауаптылар

                                                  I. отырыс

1.

Ұйымдастыру мәселелері. Экономика салалары бойынша кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыс топтарының жоспарларын бекіту

маусым

Білім басқармасы

2

«Жұмыспен қамту бағдарламасы -2020» бойынша кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету. ТКББ мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыру

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Білім басқармасы

3.

Облыс техникалық және кәсіптік білімін жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын қарастыру

Білім басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

                                                  II. отырыс

1.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары мен әлеуметтік серіктердің білікті кадрларды дайындау жөніндегі өзара тиімді бірлескен қызметі 

қараша

Әлеуметтік серіктер, ТКББ басшылары, «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан филиалы

2.

Құрылыс мамандықтары бойынша оқитын оқушыларға кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы

Құрылыс басқармасы, құрылыс бейініндегі жұмыс тобы

3.

Кәсіптік дайындық пен біліктілік берудің дәрежесін тәуелсіз бағалау

ТКББ дамыту және біліктілік берудің аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығы

                                                         III отырыс

1.

Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі үшін кадрларды дайындау

ақпан

Әлеуметтік серіктер, өнеркәсіп бағытындағы жұмыс тобы

2.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру және бекіту

Әлеуметтік серіктер, оқу орындарының басшылары

3.

ТКББ ұйымдарының кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістегі өндірістік оқыту шеберлерінің машықтандырудан өтулерін ұйымдастыру бойынша бірлескен қызметі

Оқу орындарының басшылары, әлеуметтік серіктер

                                                             IV отырыс            

1.

Агроқұрылымдар басшыларының кәсіптік лицейлер және колледждермен кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру мәселелері бойынша өзара қызметі

маусым

Ауылшаруашы-лық басқармасы, Білім басқармасы

2.

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың жүйелерін кеңейту туралы ақпарат

Аудандар әкімдері, Білім басқармасы

3.

Кәсіпорындарға арналған кәсіптік білім берудің кооперативтік нысандарының ерекшеліктері

Білім басқармасы, жұмыс берушілер


Кәсіби-техникалық кадрларды даярлау
бойынша Аймақтық кеңес құрамы


Группа 1 - Энергетика, предпринимательство и промышленность

Группа 2 - Сельское хозяйство и перерабатывающая промышленность

Группа 3 - Социально-культурная сфера

Группа 4 - Строительство и транспорт