Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға ашық конкурс жариялайды:

1. Жалпы оқумен қамту мәселелерi жөнiндегi бас маман

Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымның санаты ДО-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне қарай 39421 теңгеден 53219 теңгеге дейiн.

Негiзгi талаптар:

1. Жоғары педагогикалық, орта кәсiптiк бiлiмi және 1 жылдан кем емес мемлекеттiк қызметi немесе осы лауазымның қызметтiк бағыттарына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес еңбек өтiлi, немесе мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау мемлекеттiк бағдарламасы бойынша (бакалавриат) немесе кадрларды шетелде дарялау жөнiндегi республикалық комиссия бекiткен басым мамандықтар бойынша шетелдiк оқу орындарында аяқталған бiлiмi барлар жiберiледi.

2. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарының типтiк бiлiктiлiк талаптарына сәйкес ҚР Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», Мемлекеттiк қызметшiлердiң Ар-намыс кодексiн», «Бiлiм туралы» Заңды және жалпы оқумен қамту саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу қажет.

3. Осы лауазымда қызметтiк мiндеттердi атқару үшiн қажет басқа да мiндеттi бiлiмдердi, компьютердi бiлу қажет, мемлекеттiк тiлдi бiлу қажет.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

-жалпы оқумен қамту мәселелерi, оқушылар құрамын есепке алу, жалпы бiлiм беретiн мектептер жүйесiнiң дамуын талдау және болжау.

-9-11 сынып бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыру мәселелерi, ЖОО, колледждерге оқуға түсу барысының мониторингiсiн жүргiзу.

-мектеп жанындағы интернаттардың жұмысы, облыс мектептерiндегi тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерiн қадағалау.

-ОСОКО бағдарламасы бойынша жұмыс.

Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтар келесi құжаттарды ұсынулары тиiстi:

  1. Уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш.
  2. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұратын жерiн және телефонын, соның iшiнде түйiсу телефонын көрсете отырып)
  3. Уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама.
  4. Нотариалды түрде және заңнамада белгiленген басқа да тәртiппен расталған бiлiм туралы құжаттары.
  5. Нотариалды түрде заңнамада белгiленген басқа да тәртiппен расталған расталған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
  6. Денсаулық жағдайы туралы белгiленген нысан бойынша анықтама. 
  7. 3х4 мөлшерiндегi 3 фотосурет.
  8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.

Азаматтар олардың бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiптiк деңгейiне және атағына (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми атақ беру туралы құжаттардың, мiнездемелердiң, кеңестердiң, ғылыми жарияланымдардың көшiрмелерi) туралы қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Конкурстық комиссияның қарауына азаматтардың қолма қол тапсырған немесе олар пошта арқылы мерзiмiнде жiберген (қоса берiлген құжаттардың тiзбесiн көрсете отырып лезде тiгiлгiшке орналастырылған ) құжаттары қабылданады.

Конкурс бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасу конкурсын өткiзу ережелерi негiзiнде жүргiзiледi, 

Тестiлеуге жiберiлген үмiткерлер оны белгiленген тәртiп бойынша «Мемлекеттiк қызмет құрамын басқару жөнiндегi ұлттық орталық» АҚ (Қазақстан Конституциясы, 38, № 19 каб ) құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

ДО-4 санатындағы үмiткерлер үшiн тестiлеу бағдарламасына: мемлекеттiк тiлдi бiлуге арналған тестi, Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 5 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк қызметшiлердiң Ар-намыс кодексiн» бiлудi анықтауға арналған тестiлер енгiзiлген.

Сұхбатқа жiберiлген үмiткерлер оны Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасында осы конкурс бойынша тестiлеу өткiзiлгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажет құжаттар келесi мекенжай бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Солтүстiк Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерiнде конкурс өту туралы хабарландырудың соңғы жарияланған сәтiнен бастап 

15 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы тиiс:

642030 Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi 58,
Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы.
Анықтама үшiн телефон: 46-94-74, 46-51-35, факс : 46-33-34