Жас педагогтарды әлеуметтiк қолдау бойынша
жұмыс және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету туралы ақпарат

2009-2010 оқу жылында облыс мектептерiнде 11668 мұғалiм (2008 жылы- 11827) оның:

  • Жоғары бiлiмдiсi -82 %, (2008 ж-80 %),
  • Аяқталмаған жоғары бiлiм-8 %, (2008 жылы-1,9 %),
  • Орта кәсiби -17 % (2008 жылы-17,9 %),
  • Жалпы орта-2 адам,
  • Жоғары санатты-14 % (2008 жылы 15 % ),
  • Бiрiншi санатты — 31 % (2008 жылы-32,2 % ),
  • Екiншi санатты -28 % (2008 жылы-27,9 % ).

Ауылдық шағын кешендi мектептердегi кадрларға қажеттiлiк 21 педагог.

Жаңа оқу жылында облыс мектептерiне 495 жас маман келдi.

Оның :

  • жоғары бiлiм бар-308 адам,
  • орта кәсiптiк бiлiм бар-187 адам.
  • Ауыл мектептерiне -448 педагог, қала-47,
  • Қазақ тiлiнде оқытатын мектептерге-144, орыс тiлiнде -351 педагог.

Жас педагогтарды тамыз конференцияларында қошеметтедi. Облыс әкiмi С. Бiләлов 15 маманға 89110 теңге мөлшерiнде көтермелеу ақысын бердi.

Бiлiм қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Ауылды жерлерде жұмыс iстеу үшiн қоныс тепкен денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынудың өлшемдерi мен қағидаларын бекiту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысын қанағаттанарлықпен қабылдады.

Ауылды жерлерге жаңадан келгендерге тұру үшiн жағдайлар жасалды.

22 маман жеке пәтерлерде немесе мұғалiмдерге арналған үйлерде тұрады, 19 — жатақханада, 150 — пәтерлерде, 185 — ата-аналарымен тұрады.

Ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқандарға жағдайлар жасалған: 11 маманның өз тұрғын үйлерi бар, 16 жатақханаларда тұрады, 182 пәтерлерде тұрады, 45 туыстарында, 202 ата-аналарымен тұрады.

Жас педагогтар алынған бiлiктiлiктерiне сәйкес жүктемемен қамтамасыз етiлген. Жас ұстаздарға әдiстемелiк көмек көрсету үшiн үздiк мұғалiмдер санатынан тәлiмгерлер бекiтiлдi. Солтүстiк Қазақстан педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтында бастауыш ұстаздар үшiн семинар ұйымдастырылған.

Мұғалiмдер күнi қарсаңында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ұсынысына сәйкес мерекелiк iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерiнiң антын бердi.

Ауылды жерлерде жұмыс iстейтiн мұғалiмдер 25 пайыз мөлшерiнде үстемақы алады. Оларға коммуналдық шығыстарды өтеу үшiн сәйкес бюджеттерден 18, 1 млн теңге бөлiнген (орта есеппен 1,35 мың теңге адам басына шаққанда).

Бiлiм мекемелерiнiң басшылары ауыл шаруашылығы қожалықтарымен бiрлесе отырып үй алуға және отын сатып алуға көмектерiн көрсетуде.

2009 жылы облыс педагогтарының медициналық қараудан өткiзу үшiн 11,7 млн теңге бөлiндi (15579 қызметкерге).

Облыста мұғалiмдердiң мәртебесiн арттыру үшiн көп жұмыс атқарылуда. Тамыз конференциясында және Мұғалiмдер күнi қарсаңында ең үздiк мұғалiмдердiң еңбегi облыс әкiмiнiң, аудан, қала әкiмдерiнiң Құрмет грамоталарымен және құнды сыйлықтарымен марапатталды. 2009 жылы облыс әкiмi С. Бiләлов педагогтарға 2,5 млн теңге сомасына сыйақы тапсырды, 6 ауылдық педагогқа 4 пәтер және 2 үй, 17 бiлiм қызметкерi Қазақстан сауықтыру орындарына жолдама алды.