Облыс әкiмдiгiнiң 2008 жылғы
21 мамырдағы № 143 қаулысымен
бекiтiлген

«Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы»

мемлекеттiк мекемесiнiң

ЕРЕЖЕСI

Петропавл қ

1. Жалпы ережелер

1.1 «Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы» (бұдан әрi –Басқарма) облыстық бюджет қаражаттарынан қаржыландырылатын және облыс әкiмдiгiмен Солтүстiк Қазақстан аумағындағы бiлiм саласында мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге асыруға өкiлеттiлiгi берiлген атқарушы орган болып табылады.

1.2 Басқарма өзiнiң қызметiн Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3 Басқарманың құрылтайшысы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi (бұдан әрi –уәкiлеттi орган) болып табылады.

Уәкiлеттi органның заңдық мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы
150011 Солтүстiк Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

1.4 Басқарманың толық атауы: мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

орыс тiлiнде: Государственное учреждение «Управление образования Северо-Казахстанской области».

1.5 Басқарманың заңды мекенжайы:

Солтүстiк –Қазақстан облысы 642028,
Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58,
телефон: 46-32-88, 46-33-34.

2. Басқарманың заңды мәртебесi

2.1 Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық түрiндегi заңды тұлға болып табылады.

Мекеме заңды тұлға құқығына мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап ие болады.

2.2 Басқарманың мемлекеттiк тiлдегi өзiнiң атауы бар мөрi, мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында және банкiлерде есепшоты болады.

2.3 Басқарма басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сонымен қатар құрушысы (қатасушысы) бола алмайды.

2.4 Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өзiнiң атынан жасайды, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiлiгi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

Басқарма Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде келiсiм-шарттар жасауға құқылы.

2.5 Басқармаға оның қызметы болып табылатын мiндеттердi орындауға қатысты кәсiпкерлiк субъектiлерiмен келiсiм-шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

2.6 Басқарма заңнамалық актiлерiмен рұқсат етiлген, кiрiс әкелетiн қызметтердi орындаған жағдайда, кiрiс облыс бюджетiне жiберiледi.

2.7 Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша, белгiленген тәртiппен, облыс аумағында күшi бар бұйрықтар түрiндегi актiлер шығарады.

2.8 Басқарманың бөлiмшелерi мен өкiлдерi жоқ.

3. Басқарманың негiзгi қызметтерi және құқықтары

3.1 Басқарма қызметiнiң мазмұны — мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу, жалпы орта бiлiм беру, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.

3.2 Басқарманың қызметiнiң мақсаты:

мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу, жалпы орта бiлiм беру, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.

дарынды балаларды жалпы бiлiм берумен қамтуды, сондай ақ, арнайы бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету,

облыс аумағында белгiленген құзыреттiлiк шегiнде, заңнамаға сәйкес бiлiм беру қызметiн лицензиялау және заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестациялау,

облыс аумағында мектепке дейiнгi бiлiм беру, жалпы орта бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру, мектептен тыс бiлiм беру (қосымша) жүйесiнiң жай-күйiн мониторингiлеудi өткiзу,

мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды орта бiлiм алуға дейiн оқытуды ұйымдастыру;

бiлiм беру сапасын арттыруға бағытталған облыстық көлемдегi мектептiк олимпиадаларды және облыстық басқа да iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз ету,

оқыту және тәрбиелеудiң жаңа технологияларын енгiзу бойынша облыстың бiлiм беру ұйымдарында тәжiрибелiк жұмыс өткiзудi қамтамасыз ету,

бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер, соның iшiнде, арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз ету,

жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi еңбекке орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi белгiленген тәртiппен жүзеге асыру, балалар мен жеткiншектердiң психикалық денсаулығын тексерудi қамтамасыз ету және халыққа психологиялық- медициналық- педагогикалық консультативтiк көмек көрсету, дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi сауықтыруды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз ету, белгiленген тәртiппен бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру және бекiту үшiн енгiзу, орта кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн еңбекке орналастыру үшiн ықпал ету, жалпы орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм сапасын аралық мемлекеттiк бақылау және лицензиялық ережелердi қадағалау өткiзудi қамтамасыз ету, бiлiм берудi дамыту бағдарламасын әзiрлеу және мәслихаттың бекiтуiне ұсыну, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай ақ, арнайы және мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және ықпал көрсету (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзету мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi ескермегенде), Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен оқушылардың жеке санаттары үшiн тегiн және жеңiлдiктiк тамақтандыруды ұйымдастыру, Бiлiм ұйымдары оқушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық күтiм көрсетудi ұйымдастыру;

оқушыларды қоғамдық көлiкпен жеңiлдiктi тасымалдау туралы мәслихатқа ұсыныстар енгiзу, облыстық бюджеттен қаражаттар алатын облыстық бiлiм беру ұйымдарын және iс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыру, ведомствоға қарасты ұйымдарға қаржылық мәселелер бойынша iскерлiк көмек көрсету және қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау, облыстық бюджеттен қаражаттар алатын бiлiм беру ұйымдарының, Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн және есептiлiгiн жүргiзу, Басқарманың бухгалтерлiк есептiлiгiн және қаржылық-шаруашылық есебiн жүргiзу, сала бойынша жинақтау есептемесiн және талдау материалдарын дайындау, кәсiптiк бiлiм беру және кадрлар даярлау мәселелерi бойынша оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасында әлеуметтiк серiктестiктi дамытуға ықпал ету,

мемлекеттiк органдармен өзара әрекеттесудi қамтамасыз ету,

бюджеттiк қаражаттар есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру,

мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу, жалпы орта бiлiм беру, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын педагогикалық кадрлармен және мамандармен қамтамасыз етудiң сапалық және сандық жағдайын талдау,

мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру, бiлiм беру ұйымдарының басшылық және педагогикалық қызметкерлерiн аттестациялау, заңнамаға сәйкес бiлiм беру мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындары үшiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзедi.

4. Басқарма мүлкiнiң құрылу көздерi

4.1 Басқарманың мүлiгi оған құрылтайшы тапсырған мүлiк есебiнен құралады, және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай ақ құны Басқарма балансында көрсетiлген басқа мүлiктен тұрады.

4.2 Басқарманың қызметi заңнамалық актiлермен басқа белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

4.3 Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және есептiлiк бередi.

4.4 Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi дербес аластатуға немесе басқа тәсiлмен иелiк етуге құқылы емес.

4.5 Басқармаға мүлiкке иелiк ету құқығы, заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде берiлуi мүмкiн.

5. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

5.1 Уәкiлеттi органның құзырына кiредi:

Басқарма мүлiгiн бекiту;

Басқарманың Ережесiн бекiту, Ережеге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту;

Басқарманың штаттық санын бекiту;

Заңнамада белгiленген басқа да қызметтердi жүзеге асыру.

5.2 Басқармаға тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бiлiм саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып лауазымына облыс әкiмi тағайындайтын және босататын бастық жүзеге асырады.

Бастықтың заңмен белгiленген тәртiпте облыс әкiмiнiң келiсiмi бойынша лауазымға өзi тағайындайтын және босататын орынбасарлары болады

5.3 Бастық Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, Басқармаға жүктелген мақсаттарды орындау және өз қызметтерiн жүзеге асыру үшiн дербес жауапкершiлiк атқарады.

5.4 Осы мақсаттарда Бастық заңнамаға сәйкес:

өз орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

Басқарма қызметкерлерiн лауазымдарына тағайындайды және босатады;

мемлекеттiк органдарда, басқа ұйымдарда Басқарманың атынан өкiлеттiк етедi;

Басқарма бұйрықтарына қол қояды, Басқарма қызметкерлерi үшiн орындауға мiндеттi нұсқаулар жасайды;

көтермелеу мәселелерiн шешедi және Басқарма қызметкерлерiне тәртiптiк шаралар қолданады;

заңнамаларға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

6. Басқарманың құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

6.1 Басқарманың құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Басқарманы қайта ұйымдастыру және жою

7.1 Басқарма Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде және басқа заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiпте қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.

Басқарманы қайта ұйымдастыру қосылу, қосып алу, бөлу, ажырату, өзгерту және заңнамада көзделген басқа да түрлерде жүргiзiлуi мүмкiн.

7.2 Басқарма Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде және басқа заңнамалық актiлерiнде көзделген негiзде және тәртiпте ерiктi (уәкiлеттi органның шешiмi бойынша) және ықтиярсыз (соттың шешiмi бойынша) жойылуы мүмкiн.

7.3 Басқарманың мүлкiн жойылғаннан кейiн бөлiп тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.